СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектептегі информатика курсы бойынша о?у-?дістемелік ??ралдарды

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектептегі информатика курсы бойынша о?у-?дістемелік ??ралдарды 

Жалпы орта бiлiм беру ж?йесiндегi информатиканы? р?лi ?азiргi а?паратты? ?о?амда?ы а?паратты? м?дениеттi? негiзiн ??райтын а?паратты? ж?не коммуникациялы? технологияны пайдалану да?дыларын ?алыптастыруда?ы а?паратты? бiлiмнi? м?нiмен ?амтамасыз етiледi.

Информатиканы о?ытуды? ма?саты – а?паратты? ортада т?рлі  а?параттарды ?абылдау, беру,  т?рлендіру ж?не тарату ар?ылы о?ушыларды? а?паратты? ойлау ?абілетін дамыту мен а?паратты? м?дениетін ?алыптастыру болып табылады. А?паратты? м?дениет дегеніміз - тек компьютермен ?ана д?рыс ж?мыс істей білу емес, кез келген а?парат к?здерін, я?ни с?здіктерді, техникалы? ба?дарламаларды д?рыс пайдалана білу.

Просмотр содержимого документа
«Мектептегі информатика курсы бойынша о?у-?дістемелік ??ралдарды»



Мектептегі информатика курсы бойынша оқу-әдістемелік құралдарды зерттеу.

№ 8 жалпы орта білім беретін мектебі

Өмірбаев Олжас

Информатика пәні мұғалімі

Жалпы орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың рөлi қазiргi ақпараттық қоғамдағы ақпараттық мәдениеттiң негiзiн құрайтын ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң мәнiмен қамтамасыз етiледi.

Информатиканы оқытудың мақсаты – ақпараттық ортада түрлі ақпараттарды қабылдау, беру, түрлендіру және тарату арқылы оқушылардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ақпараттық мәдениет дегеніміз - тек компьютермен ғана дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көздерін, яғни сөздіктерді, техникалық бағдарламаларды дұрыс пайдалана білу.

Информатиканы оқыту әдістемесі әрбір сынып бойынша информатиканы оқып үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешеннің құрамдас бөлігі болып табылады.

Информатиканы оқытуда оқу-әдістемелік кешендер үлкен рөл атқарады және оқушылардың сапалы білім алуына үлесін қосады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Информатика пәнінің оқу- әдістемелік құралдарына қойылатын талаптарды қарастыру және 7-9 сынып аралығында оқулықтарға талдау жасау. Frontpage бағдарламасын қолдана отырып, “Paint графикалық редакторы” тақырыбына электрондық курс әзірлеу.

Зерттелу мақсаты – Информатика пәнінің оқу- әдістемелік құралдарына қойылатын талаптарды қарастыру және 7-9 сынып аралығында оқулықтарға талдау жасау.

Зерттелудің міндеттері:

  • қолданылған әдебиеттер тізімімен танысу;

  • Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама беру;

  • Мектептегі информатика оқулықтарына талдау жасау;

  • «Paint графикалық редакторына» арналған электрондық курс әзірлеу;

Зерттеу жұмысының нысаны: Информатика курсының оқу әдістемелік және программалық жабдығы.

Зерттеу жұмысының пәні: Информатика сабағының білім жүйесіндегі орны.

Зерттеу әдістері:1) теориялық; 2) синтез; 3) зерттеу.

Теориялық бөлім.

Қазіргі мектептегі информатика курсының оқытылуы - әлемдік педагогикалық практикада бұрын соңғы болмаған құбылыс.

Информатика пәнінің ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету бағытына сәйкес информатика пәнінің оқу-әдістемелік құралдарына қойылатын талаптарды анықтауды жалпы оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптар басшылыққа алынады.

Информатиканы оқыту әдістемесі әрбір сынып бойынша информатиканы оқып үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешеннің құрамдас бөлігі болып табылады.

Бұл стандарт информатика пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумы мен оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.

Стандарт ережелеріне сәйкес оқушыларды информатика пәніне оқыту Қазақстан Республикасының орта жалпы білім беретін мектептерінде, олардың қай мекемеге тәуелді болғанына, ұйымдастыру- құқықтық нысанына және оқыту түріне тәуелсіз жүзеге асырылады.

Информатика пәнін ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету бағытына сәйкес информатика пәнінің оқу - әдістемелік құралдарына қойылатын дидактикалық талаптар басшылыққа алынды. Информатикадан ОӘК-дің әрқайсысының құрылымының компонентіне қойылатын талаптар іріктеліп, төмендегіше жүйеленді:

  • жалпы материалдардың ұсынылу реті оқу бағдарламалары мен

оқулыққа сәйкестігі қатаң сақталуы тиіс

  • дидактикалық материалдар, есептер мен жаттығулар жинағы

оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сәйкестендіріліп, деңгейлік саралауды іске асыруға бағытталуы қажет

  • пәнаралық және пәнішілік байланыстың сақталуы қажет

  • ұсынылатын материалдар мектептердің қазіргі компьютерлік

  • технологиямен жабдықталу жағдайына сәйкес келуі керек

  • оқушылардың жеке қызығушылығын және түрлі қабілетін дамытуға бағытталуы тиіс.

Информатика оқу-әдістемелік құралдың құрамы мен құрылымына, мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды пәнінің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып анықтау - осы пәнді оқытуды жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі деуге болады.

Бұл стандарт информатика пәні бойынша білім мазмұнының мемлекеттік міндетті минимумы мен оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды.

Информатиканы оқыту әдістемесі - әрбір сынып бойынша информатиканы оқып үйренуге арналған оқу- әдістемелік кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Бұл әдістемелік- оқу- әдістемелік кешендерді құрайтын басқа құралдарды үйлесімді пайдалануды жүзеге асыру тұрғысынан мұғалімдерге нақты көмек көрсетуді көздейді.

Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікке сол сыныптағы информатикадан берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай- ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.

Әдістемеде информатикадан білім мазмұнының сипаттамасы беріледі.

Оқулық пен оқу құралдарын сабақ барысында тиісті қолдану, экономикалық білімді игерудегі білім, білік, дағдыны қалыптастыру, өзіндік жұмыстарды орындау біліктілігін қалыптастыру, теориялық материалдарды қайталауға берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету жайында әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі. Есептердің шығару үлгілері ұсынылады.

Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау, және тесттік тапсырмалардың, пысықтау сұрақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.

Мұндағы жұмыстар әр сыныптағы информатиканы оқытудың жалпы тақырыптық жоспарына сәйкес жазылуы тиіс. Оқу құралы мұғалімдерге жазба жұмыстарын жүргізуде әдістемелік көмек көрсетуге және оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптардың бағдарын анықтауға мүмкіндік жасауы тиіс.

Өзіндік бақылау және тесттік жұмыстардың мазмұны оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты болуы шарт.

Оқу құралының мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалынады. Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында, жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады. Бақылау және тесттік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң ескеріледі.

Дидактикалық материалдарда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық, түсінікті, ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс.

Тест тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесіне талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады. Тест тапсырмалар оқушылардың қандай материалды игеріп, қай материалды қандай тәсілмен түсіндіру қажет екенін де анықтауға мүмкіндік береді.

Практикалық бөлім

Информатиканы оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 24 қыркүйектегі № 693 бұйырығымен бекітілген жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады:

1.7 сынып. Информатика. Ермеков Н., Стифутина Н. - Алматы: Атамұра, 2007

2. 8 сынып. Информатика. Е.Шевчук, Н.Кольева - Алматы: Мектеп, 2008

3.9 сынып. Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту. Б.Нақысбеков, А.Мұхамеди, Г.Мадиярова - Алматы: Мектеп, 2009

4. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 10 сыныбына арналған оқулық (жаратылыстану-математикалық бағыт). – Алматы: Жазушы, 2006.

5. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 10 сыныбына арналған оқулық (қоғамдық-гуманитарлық). – Алматы: Жазушы, 2006.

6. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 11 сыныбына арналған оқулық (жаратылыстану-математикалық бағыт). – Алматы: Жазушы, 2007.

7. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 11 сыныбына арналған оқулық (қоғамдық-гуманитарлық). – Алматы: Жазушы, 2007.

7-11 сыныптарда мектептерге сәйкес келесі оқу-әдістемелік кешендерін қолданылу ұсынылады:

1.7-сынып. Информатика. Әдістемелік құрал. Н.Ермеков, С.Давиденко, С.Пилипенко. – Алматы: Жазушы, 2008.

2.7-сынып. Информатикадан практикум. Н.Ермеков, С.Давиденко, С.Пилипенко. – Алматы: Жазушы, 2008.

3.8-сынып. Информатика. Әдістемелік құрал. Е.Шевчук, Н.Кольева, Н.Завертунова. - Алматы: Мектеп, 2008

4. 8-сынып. Информатика. Жұмыс дәптері. Е.Шевчук, Н.Кольева - Алматы: Мектеп, 2008

5.9-сынып. Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту.Әдiстемелiк құрал. Б.Нақысбеков, А.Мұхамеди, Г.Мадиярова - Алматы: Мектеп, 2009

6. 9-сынып. Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту.Есептер мен жаттығулар жинағы. Б.Бөрібаев, Р.Дузбаева, А.Махметова – Алматы: Мектеп, 2009

7.9-сынып. Информатика (Паскаль). - әдістемелік құрал. - Н.Ермеков, Криворучко, Л.Кафтункина - Алматы: Мектеп, 2009

7-сыныпта информатиканы оқытудың негізгі мақсаты - оқушыларға ақпаратты өндеу, беру және қолдану үрдістері туралы білімді меңгерту оқу үрдісінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын, алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.

8 сынып оқулығының негізгі мақсаты – оқушыларға ақпаратты өндеу, беру және қолдану процестері туралы білімді меңгерту, оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын, алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.

9-сынып оқулығында мектеп информатика курсындағы ең маңызды тақырыптар қарастырылады: алгоритмдеу мен бағдарламалау және модельдеу. Төл оқулығымызға дейінгі оқулықтарда Basic бағдарламалау тілін қарастырылған болатын. Қазіргі уақыттағы қажеттілікке байланысты Pascal бағдарламалау тілін оқыту орта мектептің негізгі курсының мазмұнына кірді және ерекше орын алады.

Қорытынды: Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір талабына сәйкестігі болып табылады. Сондықтан жаңадан жарық көріп жатқан оқулықтар мен ескі басылымдағы оқулықтардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын білу болашақ мұғалімдер мен мектеп мұғалімдеріне өте қажет болып келеді. Және де барлық талаптарға сәйкес келген оқулықтардың сапасы жоғары болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.

Информатика пәнін оқытуда оқулықты талдау мәселесі – аса маңызды болып есептеледі.

Зерттеу жұмысының нәтижесі:

Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама берілді;

Мектептегі 7-9 сынып арлығындағы информатика оқулықтарына талдау жасалынды;



Әдебиеттер тізімі:

1..Ермеков Н.К. Информатика. Оқыту әдістемесі: Жалпы білім беретін мектептің 7 сынып мұғалімдеріне арналған. – Алматы,2005. – 342 б.

2.Пилипенко С.П., Ермеков Н.А. - Алматы: Атамұра, 2003. – 152 б.

3. Беркінбаев К.М. Информатика. – Алматы, 2005. – 258 б.

4. Балапанов О.М.Информатика оқулығы. – Алматы, 2007. – 359 б.

5. Жапарова Г.Ә. Информатика негіздері. - Алматы -2006. – 149 б.

6.Шевчук Е.,Кольева Н.8-сынып.Информатика. - Алматы: Мектеп, 2008. – 221 б.

7.Нақысбеков Б,Мұхамеди А,Мадиярова Г.9 сынып.Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту. - Алматы: Мектеп, 2009. – 274 б.