СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен алма жеймін 1 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

это урок по новой программе для 1 классов.  для русских школ по казахскому языку.

Просмотр содержимого документа
«Мен алма жеймін 1 сынып»









Мұғалімнің аты-жөні: Әбілова Б.Т.


Күні:

Сынып: 1


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен алма жеймін

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.4.1 Қарапайым оқиғаларды (мәтінді) мазмұндау

1.2.3.1 Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру

1.3.2.1 Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну

1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? неше?) сұрақ қоя білу

1.5.2.1 Әріп пен дыбысты ажырата білу, дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін ескере отырып, сөздерді дұрыс жазу


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Жеміс түрлерін атай алады, өзінің не жейтін / жемейтінін айта алады, һ дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, һ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, сыныптағы оқушылар тақырып бойынша сұрақ қоя алады, мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын дұрыс қолдана алады.

Кейбір оқушылар:

Жеміс атауларын толықтыра алады, сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, һ дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Пәнаралық байланыс

Ағылшын сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

- Әсет, алма жейсің бе? - Әсет, алма жейсің бе? –Иә, жеймін. - Жоқ, жемеймін. Рақмет! -Міне, ал.

- Рақмет!

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру


Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Миға шабуыл әдісі арқылы сұрақтар қоюБлалар сендер тағам дегенді қалай түсінесіңдер?

Суретке қарап әңгіме жүргізу





Шаттық шебері


Сабақтың ортасы



1-тапсырмадағы суретке аударады. Сурет бойынша жеміс атауларымен таныстырады. Сондай-ақ жеймін сөзінің мағынасын түсіндіреді. Берілген үлгі бойынша жеймін сөзін жеміс атауларымен байланыстыра қолдануға үйретеді. Мысалы: Мен алмұрт жеймін.

/эпл/ appl. пиа/ pear, / грэйп/ grape// чери/ cherry

2-тапсырма арқылы оқушылар жеміс атауларын қайталайды, сондай-ақ мұғалім жеймін сөзінің болымсыз түрін түсіндіреді (жеймін - жемеймін). Оқушылар берілген кесте бойынша жеймін, жемеймін сөздерін өз қалаулары бойынша қолданады.

Мұғалім һ дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің һ дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды һ дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудиодискіден һ дыбысының айтылуын және һ дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға һ дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады.

Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар һ дыбысының дауыссыз дыбыс екенімен танысады. Мұғалім һ дыбысы дауыссыз дыбыс болғандықтан, оқулықта көк түспен берілгенін түсіндіреді және һ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар: айдаһар, жиһаз, гауһар. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға һ дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Гауһар т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді.

«Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?), мұғалім һ дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: айдаһар (не?), жиһаз (не?), гауһар (не?), Гауһар (кім?).


Оқулық

Аудиодиск: 7.5.1.; 7.5.3.; 7.5.5.

Сергіту сәті


Айнаға қараймын

Шашымды тараймын.

Бақытты боламын,

Сымбатты боламын.

Әрқаша тазамын,

Бәрiнен озамын.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы


Қызықты тапсырма





№4 Суретке қара. Толықтырып айт.

Дәптер 23 бет





Оқулық, дәптерлер.22 бет


Сабақтың соңы


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім





Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.