СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мен болашақ оқырманмын" 1 сыныптарға арналған кітапхана сабағы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кітапханамен таныса отырып, оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінің ұғындыру. 

Просмотр содержимого документа
«"Мен болашақ оқырманмын" 1 сыныптарға арналған кітапхана сабағы»

Мен болашақ оқырманмын

1 сыныптарға арналған кітапхана сабағы


Сабақтың мақсаты: Кітапханамен таныса отырып, оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінің ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітапхананың білім мен өнер ордасы екендігі жайлы түсіндіру. Ойлау қабілетін дамыту. Кітап пайдалану ережелерімен танысу.

Сабақтын барысы.

Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін сіздер үшін ерекше күн. Сіздер бүгін мектеп кітапханасына оқырман ретінде қабылданасыздар. Мектеп кітапханасына қош келдіңіздер! Ал мен кітапханашымың есімім Бақытгүл апай.

Балалар, кітапхана деген сөз араб тілінен енген ол, жазу қоймасы деген мағына білдіреді. Кітапханада кітаптар өмір сүреді және оқырмандарға көмек береді. Сондықтан балалар кітапты ұқыпты ұстай білу және уақытында тапсыру қажет. Кітап ол ең жақын досың болып саналады. Ал, сендер кітаппен дос болғыларың келе ме? Оны қазір байқап көреміз. Кітап туралы қандай тақпақтар білесіңдер.(балалар тақпақ айтады)
1-оқушы: Адамның досы кітап - өмір кілті,

Тең емес оған жиған мүлкің,

Ақылшы жанға серік,

Ақыл - ой қазынасы, өмір көркі.

2-оқушы: Білесің бе, кітап білім ұясын,

Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.

Оқып, біліп, зерттеп көріп санаңа

Терең білім, ой маржанын құясың.

3-оқушы: Дейді ойшылдар «Кітап – білім бұлағы»

Кітапхана сол кітаптар тұрағы

Көп үйреніп, көп оқыған баланың

Анық тағы білімпаз боп шырағы.

4-оқушы: Айдыны шалқар кейде бір

Кітапты тұнған көл дейсің.

Ауадай қажет бейне бұл

Татпасаң нәрін шөлдейсің.

5-оқушы: Пайда олама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге

Артық білім кітапта

Ерінбей оқы көруге.

Кітапханашы: Кітап - ең жақсы дос, егер сен оны шынымен жақсы көрсең.Бүгін біз сіздермен әр түрлі ойындар арқылы кітап кейіпкерлерін табамыз. Осы қоржымның ішінде хаттар бар. Соларды ашып, хаттарға жауап беріндер. Хаттарды оқиды.

- Мерекеге сондай барғым келеді, бірақ Африкадағы жануарлар ауырып қалды, соларға барамын. (Айболит)

- Келгім-ақ келеді, бірақ пеш тартпай жатыр. (Жалқау Емеля)

- Асыға келгім келеді, бірақ түлкі мені жеп қойды. (Бауырсақ)

- Сендердің мерекелеріне келгім келді, бірақ мысық мені ашуландырды. (Мақта қыз)

- Мерекеге келгім келді, бірақ қасқырдан қорқамын. (Қызыл телпек)

- Келгім келеді, бірақ арыстан мені жібермейді. (Тышқан)

Кітапханашы: Жарайсындар, балалар. Келесі сұрақтар, сурет арқылы кітап кейіпкерлерді табындар:

- Кебіс кімдікі?(ханшайымдікі)

- Себеттегі самса (Қызыл телпектікі)

- Жыртық шапан (Алдар көсенікі)

- Кілт (Буратинанікі)

-  Өзі тамақ пісіретін  қазан (Ұр тоқпақ)

- Жерден аспанға ұшу үшін, оған үлкен сыпыртқы керек.(мыстан кемпір)

Өте жақсы балалар, жарайсыңдар! Ал, ертегі шешуге дайындалайық.

1. Орман жанында

Үшеуі бір үйде тұрады.

Үш төсек, үш жастық,

Қане олар кімдер?(үш аю)

2. Қаймаққа иленген,

Терезеде суытылған,

Сап - сары домалақ.

Қай ертегі айта ғой?(бауырсақ)

Кітапханашы: Жарайсыңдар! Көп ертегі біледі екенсіңдер.

Ертегі киіпкерлерін жақсы білесіңдер. Мына өлең жолдары қай ертегіден екен?
1. Жол алыс,

Ал себет ауыр,

Отырамын түбірге самсаны жеп.(Маша мен аю)

2. Тартамын, тартамын

Тіпті де жұла алмаймын.(шалқан)

3. Мен үйімді тазаладым, 

Сен, мысық, кайта-қайта мазамды алдың. 

Қатық төктің, еңбекті қадірлемей,  

Құйрығынды жұлып ап жазаладым. (Мақта қыз)

Ойын: ” Иә - жоқ” Кітап нені сүйеді? егер келіссеңдер” иә” дейсіңдер, келіспесеңдер” жоқ” дейсіңдер.

Кітап бауы (иә)

Қар не жаңбыр (жоқ)

Кір қолды (жоқ)

Еденде жатқанды (жоқ)

Ұқыпты ұстауды (иә)

Еркелеткенді (иә)

Төбелескенді(жоқ)
Білгіш оқушыларды (иә)

Кітап сөресінде тұруды (иә)

Балмұздақты (жоқ)

Кітапханашы: Жарайсындар, балалар. Енді кітапты оқу ережелермен таңысайық.

Кітап оқу ережесі:

  1. Кітапты күнделікті үзбей оқып, дағдыға айналдыр. Ол үшін күніне кітап оқуға уақыт бөлуді жоспарла.

  2. Кітапты қалай болса солай оқымай, оларды белгілі мақсатпен жоспар бойынша оқуға дағдылан.

  3. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.

  4. Барлық кітапты үнемі бірдей тәсілмен, бірыңғай тәсілмен оқуға болмайды.

  5. Кітапты оқығанда ойға сақтауға, керекті сөздерді жазып алып өмірде пайдалануға әдеттен.

Кітапты пайдалану ережесі мұқият тыңдаймыз.

1. Кітапты тек таза қолмен алуға болады.

2. Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парағы түсіп қалады.

3. Кітаптың арасына дәптер қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.

4. парақты бүктеме, кітап баулығын пайдалан

5. Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.

6. Кітап бетін қалам немесе қарындашпен сызуға болмайды.

- Балалар, кітап сендерге қуаныш сыйласын десеңіз қандай кітапты алу керек екенін білу керек. Осы кезде кім көмекке келеді.? (Кітапханашы)

1 оқушы: Ойшылдар мен білімпаздар мекені.

Бәріңе аян кітапхана екені

Кітаппен дос болуға баулитын

Кітапханашы мұнда қызмет етеді.

2 оқушы: Өмір мәні өнер менен білімде

Құштар болсаң көп құмартып білуге,

Қарсы алып сені дәйім күлім деп,

Жөнін айтып жол нұсқайды білімге.

Кітапханашы: Рахмет балалар. Ал енді “ Ол, мен және барлық достармыз “ сұрақ - жауап ойыны.
1. Кім мәңгілікке кітапхананың нағыз досы?
2. Кім көп оқыған, бірақ ештеңе тоқымаған?
3. Кім екен жыл бойы оқулығын ұқыпты ұстаған?
4. Достар, кім айтады
Кітапты жыртып былғамау керектігін?
5. Дұшпанын жерге қаратып
Кітаптан білім алатын.
Кітапханашы: Осымен, қымбатты жас оқырмандар! Сендер кітаптың нені сүйетінін, оны қалай ұстау керектігін білдіндер, мектеп кітапханасының оқырманы болуға дайынсындар ма?

Бәрікелді, сендер біздің кітапхананың оқырманы болуға лайықтысындар. Сендерді қабылдаймыз.

Балалар, бүгін өздеріңе пайдалы біраз кеңес алдындар. Одан да көп білгілеріңіз келсе, кітапханаға жиі келіңіздер, қызықты кітаптар оқыңыздар.