СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен өз елімнің өркендеуі үшін не істер едім? " Эссе "

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

    Мен өз елімнің өркендеуі үшін не істер едім?

      Менің жадыраған, тәп-тәтті балалық шағым осынау кең, ұлан-байтақ қазақ жерінде, Қазақстандай тәуелсіз мемлекетте өтіп жатқанына шексіз қуаныштымын. Әрине, ең бірінші Аллаға сансыз шүкіршілік етемін. Еліміз 75 жыл Кеңес Одағының құрамында болып, дербестік пен тәуелсіздікті мүлде жоғалтқан қазақ халқының бастан кешкен тарихы, ел бірлігін, бостандығын, елін, жерін қайтсек сақтап қаламыз деп құрбан болған апаларымыз бен есіл ерлеріміздің арқасында осындай ұдайы тыныштық орнады.  Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.

         Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным - сонау Қазығұрттан Тянь-Шань тауларының жалғасы болып  созылып жатқан Қаржан тауының баурайында орналасқан. Мынадай шеті жоқ, шегі жоқ ғаламшарда біреудің болмасын, басқа біреудің бар арманы ғажап өмір, еркіндік болуы мүмкін. Біздің ата-бабаларымыз да, сол арманның жетегінде талай қан төгіп, жанын жалын өртеп, асқан жауыздықпен өмірден өтіп кете барды. Олардың да түпкі мақсаты, айқын арманы-еркіндік, тәуелсіздік болатын. Солардың арқасында қазіргі ұрпақ еш қиналмай, еш таршылықсыз, бақыт құшағында өмір сүруде. Бұның барлығы әрине ерен еңбектің арқасында. Қазіргі XXI-ші ғасырды, бүкіл әлемді бір-бірімен электронды құрылымдар арқылы байланыстыратын, бар қажеттілігі шектеусіз дамыған, өркендеп келе жатқан, орасан зор мүмкіндігі бар жарқын ғасыр деп білеміз. Еліміздің қарқынды өркендеп келе жатқанын әлемдік деңгейде орын алатын туындыларымызбен көрсете аламыз. Мемлекетіміздің дамуына қазіргі күнге дейін үлкен аға-әпкелеріміз үлес қосып келсе, алдағы болашақта меніңде іс-әрекетім көп болатынына сенемін. Қазірдің өзінде, кейде терең ойға шомып кетемін. Сондағы ойым «Мен өз елімнің өркендеуі үшін не істер едім?»-деген сұрақ жауап іздеу  болады. Кейде қызықты ойлармен жауап тапсам, кейде өз біліміме көп назар салуға ой тастаймын. Бүгіннің өзінде білімімнің арқасында өте жақсы нәтиже көрсетудемін. Биік шыңдарды бағындыруға деген құлшынысым артып келеді. Болашақта өз арманымдағы ойларды шындыққа айналдырамын деген үмітім бар. Өз мамандығымның нағыз иесі атанып, елімнің көркейіп, өркендеуіне үлес қоса аламын деп ойлаймын. Менің ойымша барлығы келіп, соңында жақсы үмітпен таңдалған мамандыққа байланысты секілді. Себебі мамандық жақсы таңдалып, тамаша нәтижелер берсе, ал сен оны ынты-шынтыңмен атқара білсең, ісің өрге жүзіп, қызметің ерен болар еді. Әсіресе, ең бастысы елің, жерің, мемлекетің өркендер еді. Мысалыға, менің мамандығым болашақта дәрігер болу. Соның ішінде хирургия саласы.  Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер,  адам анатомиясын өте терең біліммен қатар, кез келген жағдайда науқастан жиіркенбей, қаннан қорықпай, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек. Мінеки менің осындай жауапты мамандық иесі болуға деген үмітім орасан зор. Егер болашақта Алланың қалауымен дәрігер хирург болып жатсам науқастарға қажеттілігі бойынша қолымнан келгенше түрлі дәрежедегі оталар жасап, әрі қарай да бақылап, қажетті ем қолданып, олардың толық сауығып кетуін қамтамасыз етер едім. Шұғыл ота жасап, науқас өмірін аман алып қалу керек болғанда, дамыл таппай, күн-түн демей, жұмыс істейтін сәттерімді көбейтер едім.

      Медициналық оқу орнына түскен студент адам өмірі үшін күресуге Гиппократ антын береді. Сол себепті осы мамандықты таңдау алдында мен өте көп ойландым және әрі қарайда ойлана беремін. Дәл осы мамандық астарында үлкен мән-мағына жатыр. Дәрігердің елімізге тигізер пайдасы молынан екенін білеміз. Сондықтан тәжірибе жинақтап өз елімнің өркендеп, көркейуі үшін бар күшімді саламын деп уәде беремін!

       Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көрмеймін? Мен өз Отанымды қалай мақтан тұтпайын?  Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды.

                                               Табиғаттың тамаша жазы қандай,

                                    Айналама көк кілем жазылғандай.

                                    Сымбатымнан айналдым, туған жерім,

                                    Сылдырлаған бұлағы, суы балдай,-

деп бала жүрек жырлағандай, мен өз өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені Қазақстан  - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі осында. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Біздің Қазақстан өте бай, табиғаты әр түрлі болса да әдемі.

       Менің жылдарым күндермен өлшенеді. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын.

Просмотр содержимого документа
«Мен өз елімнің өркендеуі үшін не істер едім? " Эссе "»