| Сыныбы: 7 - 8 «А» | Күні: 01.09.2016ж. |
| Тәрбие сағатының тақырыбы: | Мен өз елімнің патриотымын |
| Мақсаты: | Оқушыларды бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру тәрбие сағатының мақсаты. |
| Күтілетін нәтижелер: | Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдай алады. Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады. |
| Керекті жабдықтар: | Ватман, маркер |
| Сабақ барысы: |
| Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
| Кіріспе | 1. Ұйымдастыру. 2. Топқа бөлу(қиық қағаздар арқылы) |
Оқушылар қиық қағаздарды таңдап, топқа бөлінеді. |
| Қызығушылықты ояту | Мұғалімнің кіріспе сөзі. - Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Отан деген не, кім қалай түсінеді? | 1. Оқушылармен бірге тәрбие сағатының мақсатын анықтау, әр тапсырмаға бағалау критерийлерін құру, әр жұмысты талдап, әр топ бір – біріне сұрақтар қойып, жауап алу, әр жауапқа толық талдау жасау. |
| Мағынаны ашу | «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі. 1. Ресурс бойынша постер жасау, қорғау. | сұрақтар құру; –тақырып бойынша қысқаша әңгімелеу. Екі тілек, бір ұсыныс әдісі бойынша бағалау. |
| Қорытынды | - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң6 Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі, - деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары! | |