СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен таңдаған мамандық

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып:10

Сабақтың тақырыбы: «Мен таңдайтын мамандық»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың жеке кәсіби таңдау түсініктері туралы білімін жетілдіру.

Дамытушылық:Мамандықта бағдарлана білуді дамыту.

Тәрбиелік:Мамандықты таңдауда жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, түсіндіру, талдау.

Сабақтың түрі:тренинг

Сабақтың  барысы

І. Ұйымдастыру сәті.

1. Оқушылармен сәлемдесу

Просмотр содержимого документа
«Мен таңдаған мамандық»


Сынып:10

Сабақтың тақырыбы: «Мен таңдайтын мамандық»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың жеке кәсіби таңдау түсініктері туралы білімін жетілдіру.

Дамытушылық:Мамандықта бағдарлана білуді дамыту.

Тәрбиелік:Мамандықты таңдауда жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, түсіндіру, талдау.

Сабақтың түрі:тренинг

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру сәті.

1. Оқушылармен сәлемдесу


«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне

икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана

жолы емес, үлкен өнерді, зор шеңберлікті қажетететін нәрсе».
Ж. Аймауытов

Алдын ала кәсіптік бағдарды анықтайтын психологиялық тест жұмысы алынып оқушылармен жұмыс жүргізілуі қажет.

Миға шабуыл.«маман» деген сөзге оқушылар өз білімдерін қолдана отырып ассоциативті картаны құрып, қорғау.

Осы жаттығудың қорытындысы болып оқушылар және жаттықтырушы берген сөздердің лексикалық мағынасын талдау және түсіндіру болып табылады.

Сөздердің мағыналары:

КӘСІП –  бұл еңбек әрекеті, арнайы дайындықты талап етеді, бұл өмір сүрудің негізі болып табылады.

МАМАНДЫҚ – бұл бір кәсіп түріндегі әрекеті.

БІЛІКТІЛІК–бұл  қандайда бір еңбек түріне дайындық, жарамдылық деңгейі .

ҚЫЗМЕТ –бұл қызметтік міндет, қызметтік орын. Бұл әрекет шеңбері, шартсыз орындауға бір адамға жүктелген.

БОС ОРЫН– мекемедегі ешкім иеленбеген қызмет орн ы, оқу орнында; білім мекемесіндегі оқушыларға арналған бос орын.

МӘНСАП– ең жоғарғы нәтижеге жету; әрекет түрі; қызметтік дәрежемен көтерілу.

ИКЕМДІЛІК – адамның және оның жұмысының бір- біріне сәйкестігінің ең жоғары деңгейі.

ЖҰМЫС- қандайда бір әрекетті орындау (ақыл-ой еңбегі, физикалық жұмыс, шығармашылық жұмыс және т.б.).

«Таңдау» жаттығуы.

Мақсаты:Интербелсенді, оқушылардың кәсіби таңдаудағы құндылық факторларға белсенділіктерін арттыру.

Балалар қалай ойлайсыңдар, кәсіп таңдауда не маңызды болып саналады. Сендермен бірге осы шарттарды таңдауға тырысып көрейік.

1.Ақша. Кәсіп жақсы материалдық жетістікке жеткізу керек.

2.Айналысатын кәсіпке деген сүйіспеншілік.

3.Қоғам талабына сай маман.Аула сыпырушыдан гөрі хирург болған жақсырақ.

4.Диплом: Алдымен бір бет қағаз алған маңыздырақ (диплом), ал кәсіп артынан табылар.

Оқушылардың өз нұсқаулары тыңдалады. Берілген шарттармен танысқаннан кейін, оқушылар топтарға бөлінеді.

Құрылған топпен жұмыс. Берілген шарттардың оң және теріс жақтарын іздеу. Неліктен бұл құндылық мамандық таңдауда маңызды болып табылады. Бұл шартта қандай теріс жағы бар.

Әр топтың жауаптарын жарнамалау

«Өте- өте» жаттығуы. Ойын шартын түсіндірмей тұрып оқушыларды 1, 2, 3, 4,5. санау қажет. Әр топ санға сәйкес бірігеді, біреулері өз еріктерімен сын есім жазылған қораптан қағаздарды алып шығады.

-Ең ақшалы мамандық

- Ең жауапты мамандық

- Ең қызықты мамандық

- Ең жас мамандық

Таңдау бойынша әр топ сол топтама мамандықтарын жазады.

Жаттығу «Сауда мультфильміндегі батырлар».

Оқушылар ертеректе құрылған топта болады, келесі тапсырмаларды алады: «Қазір сіздерге кез – келген әрекет, бағыт бойынша өздеріңіздің өнеркәсіптеріңізді ашуға мүмкіндіктеріңіз бар (құрылыс, сауда, фармацевтика, жеке меншік мектеп, шаштараз немесе сұлулық салоны, күзет агенттігі, қаржы компаниясы және т.б). Бірақ келесідей шарттары бар, сіздерге жұмысқа орналасу үшін әңгімелесуге мультфильм кейіпкерлері келеді. Әр кейіпкерге жұмыс түрін ұсынады жіне не үшін ондай жұмыспен қамтамасыз еткендерін дәлелдейді.

Топтардың нұсқауларын тыңдай отырып, қорытынды шығарамыз:

«Белгілі бір мамандықты таңдауда адамның жеке ерекшелігі маңызды болып табылады (темпераменті, мінезі, әдеті, қарым-қатынас жасау түрі, қабілеттілігі, адамгершілік тәрбиесі).

Тізім құр жаттығуы.

1. Сіздің қабілетеріңізге сәйкес мамандықтар тізімі құрыңыздар,сізге ұнайтын және қызықты біржағынан, басқа жағынан өткізілген диагностика нәтижелері бойынша сіздердің қабілеттеріңізге сәйкес мамандық тізімін құрыңыздар (кем дегенде 5-мамандық)

2.құрылған ммамандық ішінен үш мамандықты таңдап алу, бұл мамандықпен сіз амалсыздықтан айналысушы едіңіз, осы таңдаған үш мамандықтың астын сызыңыз. Қалған екі мамандықты сізге ұнайтын қалауңыз бойынша орналастырыңыз .

Бағдарды құру, немесе мамандыққа деген 7-і қадам

Сонымен мамандық анықталды.Бірақ сіздерге сұрақ қойылады:сіздердің кайсыларыңыз бүгінгі күндегі арманның шындыққа айналуы үшін не істедің?(оқушылардың жауаптары немесе жауап бермеулері) өкінішке орай жиі арман арман болып қала береді, өйткені онын іске аысырылуына нақты іс- әрекеттер жасалынбайды.Сондықтан сіздерге мамандықтарыңызға жеті қадам жасауды ұсынамын:

1.мектепте қандай пәндерге ерекше назар аударуды қажет етеді?

2.бұл мамандықта сәттілікке жету үшін, менің бойымда қандай қабілеттіктер болу керек?

3. бұл мамандықта сәттілікке жету үшін менде қандай дағды мен ептіліктерді дамытуым қажет.

4.бұл кәсіпті және мамандықты алу үшін маған қандай білім қажет?Оны қай білім мекемесінде алуға болады.

5.жоғарғы мәдениетті адам деңгейіне сәйкес келу үшін мен өзіндік тәрбиемен, өзіндік дамытумен,өзіндік өзектілендірумен айнвалусуым қажет пе?

6. өзімнің болашақ мамандығым бойынша немен айналасатын жайымда елестете алам ба?

7. бұл мамандық бойынша мен жұмысқа қайда орналаса аламын?

Тренингке қатысқандарыңыз үшін рахмет!