СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

: «Менің ата-анам» сұхбат Сұраулы сөйлем. Сұраулық шылаулар. Тереңдетіле қалыптасқан игерім 10-сынып

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

разработка открытого урока в 10 классе. "Менің ата-анам" сұхбат  Сұраулы сөйлем.Вопросительные предложения.

Просмотр содержимого документа
«: «Менің ата-анам» сұхбат Сұраулы сөйлем. Сұраулық шылаулар. Тереңдетіле қалыптасқан игерім 10-сынып»









Сабақтың тақырыбы: «Менің ата-анам» сұхбат Сұраулы сөйлем. Сұраулық шылаулар.

Тереңдетіле қалыптасқан игерім 10-сынып









Орындаған: Осакаров ауданы әкімшілігінің

«Мирное селосының №20 орта мектебі»КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Таран Э.С.

.




















Сабақтың тақырыбы: «Менің ата-анам» сұхбат Сұраулы сөйлем. Сұраулық шылаулар.

Сабақ жоспары

Сабақтың мақсаты:

1.оқушыларға сұраулы сөйлем,сұраулық шылаулар туралы түсінік беру.

2.Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, таным белсенділігін дамыту.

3.ата-анаға деген сүйіспеншілігін,құрметін арттыру, патриоттық тәрбие беру, елін, жерін,отбасын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білімдерін бекіту.

Сабақтың формасы: ұжымдық, жұптық, жеке-дара

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, практикалық жаттығулар

Қолданатын технология: деңгейлеп саралап оқыту.

Сабақтың эпиграфы:

«Баланың ең алдымен ата-анасы, сосын ұстазы, сонан кейін қоршаған ортасы тәрбиелейді».

(Абай)

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Кіріспе. Амандасу.

ә) Психологиялық дайындық.

Сәлеметсіздер ме балалар?

Қайырлы таң достым

Қайырлы таң құрбым

Сейсенбінің сәті

Сәттілікке толсын.

Бүгінгі алған бағаң

Кілең бестік болсын.


Мұғалімнің сұрағы: Оқушылар жауабы:

Әрбір адам? Досым, сыныптасым

Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену

Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық


Үй тапсырмасын тексеру: «Сұраған мен сұрау белгісі» өлеңін рөлге бөліп оқылады. / Сұрау белгісін бала қолына ұстап көрсетіп оқиды./

Сұраған: Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,

Саған осы не керек?

Сұрау белгісі: Маған ең алдымен, сұраулық шылау керек.

Олар жазылуға тиіс бөлек, екіншіден,

Сұраулық есімдіктер керек.

Олар қатысқан сөйлемдер соңында

Ойлашы өзің, не келеді?

«Киноға барамысың? Жаңа газет аламысың?»

Деген секілді сөйлемдерде, кей оқушы сен секілді,

Тыныс белгісін қоймай кетеді. Өзің айтшы білсең,

Осылардың соңында, қандай белгі келеді?

Дауыс ырғағын да ескер деймін,

Жазғаныңды үнемі тексер деймін!

Мұны білмесең, бала, онда ісің шала!

(«Қызықты грамматика», 1984)

- Сұраулы сөйлем болу үшін қандай сұраулық шылау, сұраулық есімдіктер керек? /3 топтан мысал келтірту арқылы жауапты қорытындылау /



Оқулықпен жұмыс

жаттығуларды орындау барысында сұраулы сөйлемде «неге, қандай, қалай т.б.» сұраулық мағына беретін сөздер қолданылатыны, сұраулы сөйлемнің өзіндік интонациясы болатыны меңгеріледі.


Дәптермен жұмыс (Дәптермен жұмыс ережесін еске салу)

Сабақтан кешікпе. Айдос ауылдан келіп пе? Ешқашан өтірік айтушы болма. Қар қалың жауды ма?


Графикалық диктант. Берілген сызба бойынша сөйлемдер құрап жаз.

................................................ба ?

.............................................нешеу ?

...............................................нешеде...............................?

....................................................қай..................................?

Сергіту сәті:

Күннің көзі біздерді,

Жаттығуға тұрғызды.

«Бір» дегенде қолымыз,

Көтерілсін жоғары.

Ал төбеде көк шалғын,

Сыбдырлайды көңілді.

«Екі» деген кезде сен,

Түсіре қой қолыңды.

1 – тапсырма.

Менің ата-анам.

Менің әкемнің аты Қайрат. Ол 42 жаста. Әкем – филолог, институтта сабақ береді. Шешемнің аты Раушан. Жасы 40-та. Ол ауруханада дәрігер. Әкем бос уақытында спортпен айналысады. Ол кітапты көп оқиды. Әкем сенбі күндері кешкісін бізбен щахмат ойнайды, әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Әкем қатал, тәртіпті жақсы көреді. Анам асүйде дәмді тамақтар дайындайды. Анам ән салғанды ұнатады. Демалыс күндері мен анама үй шаруасына көмектесемін. Анам өте мейірімді, ақылды адам.


Мәтін бойынша тапсырма:

1.Мәтін бойынша өзара сөйлесіңіздер.

2.Отбасы туралы мақал – мәтелдерді еске түсіріңіздер.

3. Мәтіндегі сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңдар.

4.Фонетикалық талдау: еңбек,сыйлау,денсаулық,жанұя.


2 – тапсырма.Төмендегі сөйлемдерге сұрақ қойыңдар.

1.Ол ғылыммен шұғылданады. 2.Ағам мәдениет министрлігінде қызметкер. 3.Атам газет оқып отыр. 4.Әжем шұлық тоқумен айналысады. 5.Балалар аулада доп ойнап жүр. 6.Анасы ас үйде тамақ әзірлеп жатыр. 6.Шолпан сабағын оқып отыр. 7.Айназ Астана қаласындағы Еуразия университетінде оқиды.

3 – тапсырма. Диалогты жалғастырыңдар, өзара сөйлесіңдер.


  • Сәуле, сенің әкеңнің бойы қандай?

  • Менің әкем орта бойлы адам, Саша, сенің әкеңнің бойы ұзын ба?

  • Жоқ менің әкем аласа бойлы, ал анамның бойы ұзын.

  • Менің анам керісінше өте аласа адам, мен анама ұқсаймын.

  • ...

    Сөздік

    ұзын бойлы- высокого роста шашы бұйра- волосы кудрявые

    аққұба- белолицая еңсегей бойлы-статный

    әдемі- красивая еңгезердей- крупный, рослый

    әжім- морщины пұшық танау- курносый

    тұлғасы- туловище ашаң жүзді- с бледноватым, худощавым лицом талғаммен- со вкусом келбетті- красивый, представительный

    қалың- густые пісте танау- маленький нос

    талғаммен- со вкусом
















4 – тапсырма. Қазақ тіліне аударыңдар.

Мой отец высокого роста. Моя мама очень красивая, у нее добрые глаза.

У моего брата волосы русые. У него глаза голубые. У моей сестры волосы длинные и густые. У дедушки борода седая, брови густые, глаза карие. Мой младший брат маленького роста.

Бекіту:

Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

Сұраулық шылауларды атаңыз.

Нені білдік? Нені білесің? Нені білгің келеді?

VІ. Бағалау

Әр топ басшылары бағалау парақтарын толтырады.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Оқушының аты-жөні №1; №2; №3

Қорытынды баға

Үйге тапсырма

Монолог.

Сөйлемдердің негізгі ойын анықтаңыздар,өз пікірлеріңізді айтыңыздар.

Әкенің,шешенің қамқорлығы – өмір көзі.Әке-шешені сыйлау – халық дәстүрі.