Сабақтың тақырыбы: | Менің қошақаным сүйкімді. |
Білімділік: Дамытушылық: Тәрбиелік: | Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы жаңа лексикалық атауларды меңгеру. Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтық минимумдар арқылы диалог құру мәдениетін қалыптастыру. Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы жағымды қарым-қатынас құра білуге тәрбиелеу. |
Жетістік критерийлері: | Оқушының төменгі жетістігі(ОТЖ): жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрады, достарымен сөйлеседі. Оқушының орташа жетістігі(ООЖ): жаңа атауларды меңгеріп, оларды тілдесім барысында тиімді қолдана алады. Оқушының жоғары жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құра алады. |
Негізгі түсініктер: | Қошақан, құлыншақ, сүйкімді. |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, слайдтар, «Жануарлар әлемінде» бейнебаяны, үй жануарларының суреттері, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер, А4 парағы, желім қағаздар. |
Оқыту әдістері: | Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Аквариум» тәсілі, диалог, «Бағдаршам» тәсілі, топтық жұмыс, сергіту жаттығуы. |
Сабақтың барысы: Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады. |
Өткен сабақты тексеру | Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
І.Қызығушылықты ояту | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында интерактивті тақтадан «Жануарлар әлемінде» бейнебаянын көрсетеді. – Балалар, біз нені тамашаладық? Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер? Үй жануарлары қайда мекендейді? Үй жануарларының жабайы жануарлардан ерекшелігі неде? Оқушылар бейнебаяннан не көргенін айтады, сұрақтарға жауап береді. |
ІІ. Мағынаны тану | 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Ә) Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқиды, оқушыларға оқытады, жаңа сөздерді қайталатады. Б) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады. |
Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. | 1-тапсырма Қисынды ойлау қабілетін жандандыру. Сұраққа жауап беру. 3-тапсырма Мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру. Суреттің орнына қажетті сөзді қойып оқиды. 2-тапсырма Дұрыс, сауатты жазу. Көп нүктенің орнына қажетті әріптерді қойып жазады. 3. Мәнерлеп оқу. Оқулықтағы «Құлыншақ» өлеңін оқып береді. Мәнерлеп оқуға машықтандырады. Өлеңде тақырыпқа байланысты кездескен сөздерді тапқызып, қайталатады. 4. Сергіту сәті. Үнтаспадан әнді тыңдатады. Мұғалім оқушыларға «Қошақаным қайда екен?» әнін үйретеді. Мұғаліммен бірге ән айтады. |
ІІІ. Ойтолғаныс | «Аквариум» тәсілі бойынша «Менің қошақаным» тақырыбында диалог құрғызады. Екеуара бірігіп диалог құрады. |
Үйге тапсырма | 4-тапсырма |
Рефлексия | Мұғалім түрлі желім қағаздар таратып береді. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желім қағаздарға жазып, тақтаға іледі. |