Сынып Сағаты “Менің Отаным, Менің Президентім!”

Мақсаты:
а)Жас ұрпаққа біздің президентіміздің сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.
ә)Елімізге еңсе тіктетіп,мемілекетімізді мығымдап берген,халқымызды әлемге танытып,алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгереді.
б)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиеленеді.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.
Түрі: тәрбие сағаты
Технология: СТО технологиясы
Әдіс – тәсілі: ой қозғау, топтастыру, тренинг, президенттің суреті,эссе.
Пәнаралық байланыс: тарих
Көрнекілігі: Фото суреттер, буклет, интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың тақырыбы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Қызығушылығын ояту.
Ой қозғау.
Елді басқаратын адамды қалай айтады? (Президент).
Сендердің елдерінің президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
Жеке –жұппен – топпен . Жауаптарын дәптерге жазады.
ІІІ. Мағынаны тану
-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Тренинг. «Өзіңді ғана емес,өзгені де таны».
Оқушыларға президенттің суреті бар қағаздар таратылады.Балалар топқа бөлініп, ол тұлға туралы білгендерін жазады, ортадан бір оқушы шығып қорғайды. Оқушыларға 5 минут уақыт беріледі.
Мәтін таратылады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
IV.Сергіту сәті
Ел туралы мақал мәтелдер айту.
V. Ой толғаныс. «Менің тұңғыш Президентім» тақырыбында эссе жазу.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.
VI. Қорытындылау.
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі
Хор: Қазақстан – Ақ Ордасының іші халқына құт болсын,
Ынтымақ, бейбітшілік ордасына айналсын.
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» 1 желтоқсан-Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.
Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді
Қ.Аманжолов:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
1-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
2-оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
3-оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
5-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
6-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
7-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.
8-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын,
қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
9-оқушы:Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.
10-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?
11-оқушы:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.
12-оқушы:Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
13-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән: “Астана – бас қала”
14-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
(Әнұран айтылады)
15-оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
16-оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
17-оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
18-оқушы: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
Ән: «Жаса Қазақстан»
Менің Президентім.
Сабақтың мақсаты: Елбасының жүргізіп отырған саясатының дұрыстығын, еліміздің ертеңіне деген сенімді, Елбасыға деген құрмет сезімдерін тереңдету. Отаншылдыққа, Ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: Ой-пікір алмасу, миға шабуыл, шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың түрі: Сырттай саяхат, телекөпір.
Көрнекілігі: «Ұлы достықта», «Ел және Елбасы», «Астана жаңа қала», атты стендтер, Елбасының портреті, ҚР рәміздері, картасы, оқушылар шығармасы.
Сабақтың барысы: Үнтаспадан «Елім менің» әні естіліп тұрады.
Мұғалім: Балалар Қазақстан Республикасының Ата заңының 3 бөлім 40 бабында Президент туралы былай делінген.
Оқушыларға сұрақтар қойылады. (миға шабуыл)
ҚР-да Президент сайлауы қай жылдан басталады?
Соңғы сайлау қай жылы өтті?
ҚР- ның қандай рәміздерін білесің?
Жауаптар алынған соң үйге берілген тапсырмалар бойынша «Менің Президентім» деген тақырыптағы шығармаларынан үзінділер оқиды. (шығармалардың ішінен үздік деп танылған екі оқушының шығармасы бірге жіберіліп отыр).
Менің Президентім. Оқушы күнделігінен үзінді.
Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.
1-оқушы шығармасынан үзінді:
Менің Президентім.
Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері.
Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес?
2-оқушы:
Мұғалім: Шығармада аталғандардан басқа Ел басын қандай адам ретінде танисыңдар?
3-оқушы: Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді.Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Оған дәлел жаңа ғана өздеріңіз тыңдаған «Елім менің» және «Үш қоңыр» әндері. Бұл әндердің сөзі Нұрсұлтан Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.
Тақтада «Ұлы достықта» деген фотомонтаж ілінген. Онда Қазақстан Республикасының Президентінің шетелге сапарлары, әр түрлі елдердің басшылармен түскен суреттері орын алған.
4-оқушы: «21 ғасыр әлем саясаткерлері Н.Ә.Назарбаев туралы» кітабын сыныбымызбен қызыға оқып шығып, төмендегідей ойға жүгіндік: Қазақстан Президентінің басқа лидерлерден өзгешелігі өз алдына тамсана айтылар үлкен сыр. Еуропаның тіс қаққан кәнігі саясатшылары мұхиттың арғы жағындағы алпауыттар бас түйістіріп, тілдесе қалса, біздің Елбасымыздың шешендігіне үйіріліп түсе қалады. Осындай әлемдік ірі мемлекет басшыларының біразын атап өтуге болады. Олар АҚШ, Франция, Ресей, Қытай т.б. елдері (атап, суреттерін көрсетеді).
5-оқушы: Солардың бірі Ресей Президенті В.Путиннің Н.Ә.Назарбаевқа жолдаған хатынан үзінді оқып берейін (оқиды). В.Путиннің Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауын құптағандығын айтады.
6-оқушы: Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.
Сонымен қатар, «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!
2-фотомонтаж: «Ел және Елбасы» деп аталады.
Онда Президентіміздің Республиканың әр өңірін аралағандағы фото суреттері берілген.
7-оқушы: Елбасы биылғы жылы Қазақстанның түкпір – түкпірін аралап, барлық облыстарда болып, елмен етене араласып, олардың жүрекжарды әңгімелерін тыңдап, жағдайларымен танысты.
8-оқушы: Елбасының тарихта ірі әріппен жазылатын, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 1 съезінде сөйлеген сөзінен, делегаттардың тынысы кеңігендей, көңіл төрінен көп күдік сейілгендей болғанын анық байқауға болады. Президенттің сөйлеген сөзіне құлай ұйыған дін өкілдері Н.Ә.Назарбаевтың қолын қысып, құттықтасып, ризалықпен қоштасып елдеріне қайтіп жатты. Мына суреттерден көріп отырғандарыңыз сол съезден көріністер және Астанадағы жаңа мешіт бейнесі.
Журналист рөлінде оқушы: - Қымбатты 7-сынып оқушылары: Біз қазір «Орел – Астана» телекөпірін, яғни Астанамен тікелей байланысу мүмкіндігін жүзеге асырмақпыз. Сондықтан сұрақтарыңызды қоюға дайындалып отырыңыздар.
Сұрақ: - Сізге Астана қандай жер қалдырды?
Жауабы: - Астана әркімнің көргісі келетін – арман қала, маған ондағы тазалық, Сарыарқаның самал желі, құрылыстардың қайталанбас әдемілігі ерекше әсер қалдырды. Әсіресе Еуразия университетінің бүгінгі заманға лайық оқу орны екендігіне көзім жетіп қайтты.
Сұрақ: Сен Астананың қандай жерлерінде болдың?
Жауабы: Мен Астананың ең көркем, тарихи-мәдени құндылықтар орналасқан жерлерінің бәрінде болдым. «Бәйтерекке» ерекше толқумен шығып, «Еліміз өркендей берсін деп, тілек тіледім».
Сұрақ: Сен Астанаға қайта барғың келеме?
Жауабы: Әрине. Мен мектепті үздік бітіріп, еліміздегі ең таңдаулы оқу орны Еуразия университетінен білім алам деймін.
Журналист: - Телекөпірге қатысушыларға рахмет айтамыз. Енді назарларыңызды «Астана – жаңа қала» атты фотомонтажға аударыңыздар. (Астананың ең көрнекті жерлері, музейлері, басқа да тарихи-мәдени орындармен таныстырады).
Қорытынды: Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:
«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, қазір 15-20 жасқа толған және одан да ересектеу Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағы сыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңізбен, балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда.