«Менің педагогикалық сенімім»
Шығармашылық жұмыс
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен болады бақытты өмір»- деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай мектептің басты міндеті - бастапқы білім берумен қатар жан - жақты жарасымды жүйелі интеллектуалды рухани тәрбие беру және олардың денсаулығын мықты етіп өсіру. Қазіргі таңда дене тәрбиесі пәнін оқыту өзіндік жүйесімен ерекшеленеді. Соған байланысты денешынықтыру сабақтарын оқушыларға игерту мақсатында ең бірінші ерекшелік – ол сабақ беруде оқытудың басты ұйымдастыру формасы болып табылады.
Дене тәрбиесі мұғалімінің даярлық кезеңі әрбір сабақты жекелей және оқу - тәрбие процессін тұтастай сапалы жүргізу жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол оқу жылына арналған оқу - тәрбие жұмыстарының жоспар - графигін, әр тоқсанның жұмыс жоспарын, әр сабақтың сабақ конспектісін жасауды, оқытудың әдістері мен құралдарын іріктеп алуды қарастырады.
Атап айтқанда:
Негізгі жетекші және арнайы жаттығуларды анықтау;
Әрбір жаттығудың қайталау санын белгілеу;
Жекелеген жаттығудың қайталану санын белгілеу;
Сөздік \ айту, түсіндіру, баяндау\, көрнекілік \ суреттерді, плакаттарды, видеопроектормен көрсету, қозғалыс пен қимылды мұғалімнің өзінің көрсетуі\ секілді үйретудің жалпы педагогикалық әдістерін және тұтас немесе бөлшектенген құрылымдағы арнайы жаттығуларды іріктеп алу.
Просмотр содержимого документа
«Менің педагогикалық сенімім.»