СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Менің таңдауым.

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы:   Менің таңдауым!

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, слайд көрсету.

Просмотр содержимого документа
«Менің таңдауым.»

Тақырыбы: Менің таңдауым!

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінң түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.

Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, слайд көрсету.

         Жоспары:

1.     Кіріспе. Сұрақ – жауап.

2.     Оқушылардың әдеби монтажы.

3.     «Менің ата-анамның мамандығы» (оқушылар шығармашылығы)

4.     Ойын:  «Кім жылдам?»

5.     Ойын: «Қай мамандық иесі?»

Барысы. «Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің» қонақтармен амандасу.

Мұғалім: Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

Мұғалім:- Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.

1 – оқушы: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Әсмепаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

 Мұғалім: Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал – мәтелдер біледі?

Аружан

Еңбек түбі - береке.

Еңбек түбі - зейнет.

Жанерке

Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді, Ерініп ілбіп кетсең – иегің тасқа тиеді.

Аружан:

Біліп істеген мақсатына тез жетеді.

Ерасыл

 Ұстаның бізі сүйкімді,

 Жақсының сөзі сүйкімді.

Самира

 Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін.

 Бекзат

Алтын менен күмісті

Зергер үшін жаратқан.

Арқар менен құлжаны

Мерген үшін жаратқан.

 Ансар :

Шебердің инесі де алтын,

Соққан күймесі де алтын.

 Зерде

Қойшыны таяғы асырайды,

Қасқырды аяғы асырайды.

 Аяна

Еңбектің көзін тапқан,

Байлықтың өзін табады.

 Сая

 Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды. 

 Гүлназ

 Еңбек ерлікке жеткізер,

Ерлік елдікке жеткізер.

  Махаббат.

Тігіншіні инесі асырайды. 

Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

2 – оқушы: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

3 – оқушы: Ал мамандық – еңбек қызметнң түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.

4 – оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі олу үшін әдейі оқу керек.

Мұғалім: Сонымен балалар, белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екен.

-         Балалар, енді тақтаға назар аударамыз!



Мамандық

Еңбек қызметі

 

Ой еңбегі                                               Дене еңбегі

 Ақын     ұстаз    дәрігер                      құрылысшы   шахтер    ұста

-         Балалар, сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?

-         Машина, ұшақ, кеме, мотоцикл, велосипед, т.б.

-         Ал қандай сусын түрлерін білесіңдер?

-         Шай, какао, сүт, айран, қымыз, кофе, шырын, т.б.

-         Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

    -    Мұғалім, кітапхнашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т.б.

-         Балалар, сендер қандай мамандықтықтарды көбірек естисіңдер?

-         Мұғалім, кітапхнашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т.б.

Ал енді, балалар, қазір «Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз. Қазір мен сіздерге мамандықтар жазылған карточкаларды үлестіріп беремін. Ал сендер сол мамандық туралы  білетін өлең, тақпақты айтып беріңдер.

Дәрігер:

 Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді,

Өзім жақсы сүйемін.

«Дәрігермін» мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

«Көп – көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең» деймін.

 

Дәрігер: Мен дәрігер боламын

               Үлкеннің де баланың

                Қиналғанда қасына

                Бірінші боп барамын

 

 Ұшқыш: Ар- намысын сақтаған

                 Жүректе сыр жаттаған

                 Жан тәнімен сақтаған

                 Ұшқыш болғым келеді

 Инженер: Мен инженер боламын

                  Жерден алтын табамын

                  Жолын қуған әйгілі

                  Академик ағаның

 Ақын:      Ал мен ақын боламын

                 Сусылдаған қаламым

                 Адамдардың жүрегін

                 Жырмен жаулап аламын

  Аграном: Нан беремін баршаға

                 Жер маманы болам мен

                 Барып жүрмін бақшаға

                Аграном ағаммен

 Мұғалім: Мен үлкейіп өсіп толамын

                Сонда өзіміздің осы ауылдың

                Бөбектерін оқытып үйретіп

                Мұғалима боламын

 4. Ойын:  «Кім жылдам?»

Үстел үстіне түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер).

5. Ойын: «Қай мамандық иесі?»

- Тарағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (шаштараз)

- Қалағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

- Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Аспаз)

- Күрегі бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Диқан)

 

Қорытынды:

 Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.















Тақырыбы: Менің таңдауым!













Өткізген: Жақсыбаева М.Ә



Астана 2014 ж