Ашық тәрбие сағаты
Сыныбы: 7
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Туған жерім менің алтын бесігім"
Тәрбие сағатының мақсаты:
А) Білімділік: Жас ұрпақты өз Отанын сүюге, туған жерінің тарихын білуге, туған жерін қастерлей білуге тәрбиелеу;
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды өз елін ,жерін қорғап оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру;
Б) Дамытушылық: Оқушыларды туған жер тарихын ұғындыра отырып, елін, жерін, табиғат байлықтарын қорғай білуге үйрету.
Сабақ көрнекіліктері: плакаттар,слайд.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру
2.Кіріспе
3.Негізгі кезең
4.Қорытындылау
1.Ұйымдастыру: оқушыларды назарын жаңа сабаққа аудару.
2.Кіріспе
Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар. «Туған жерім менің алтын бесігім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің, – дей келе ашық тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастыру үшін ортаға сыныбымыздың оқушыларын шақырғым келеді.
Оқушыларға «шаттық шеңберін» құрып өз жылулығын бір-біне білдіруді сұраймын.
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Аяжан
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.
Мади
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
Аяғаным.
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
Ернар
Қазақстан аталады Отаным,
Мен отанын сүйетұғын ботамын.
Әрбір адам еңбек ету арқылы,
Көркейтеді, құрметтейді Отанын.
Ән «Көк тудың желбірегені.» сынып оқушылары хор.
Мұғалім:
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Мұғалім сөзі: Қазақстанға Тәуелсіздік әрине оңай келмеді, бірақ қазақ халқы аянбай тер төгіп, сан ғасыр аңсаған арманын 1991 жылы орындалды. Еліміз өз тәуелсіздігін алды. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Видеофильм «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне»
Әмірхан
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.
Аружан
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!
Мағжан
Қазақстан аталады Отаным,
Мен отанын сүйетұғын ботамын.
Әрбір адам еңбек ету арқылы,
Көркейтеді, құрметтейді Отанын.
Би «Шаттық биі» қыздар.
Мұғалім: Ата-бабамыздың өткен жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі.
Балалар еліміз бүгінгі күнге дейін қандай оқиғаларға толы соған бір сәт көз жүгіртейік:
Тәуелсіздіктің шыңы
1.1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.
2.1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.
3.1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.
4.1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.
5.1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынығ жарыққа шығуы.
6.1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.
7.1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.
8.2000ж. Мәдениет жылы.
9.2002ж. Денсаулық жылы.
10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.
11.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті саййлауы.
12.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.
13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.
14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.
15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.
16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.
17. 2011ж. Қаңтар –ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.
18. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.
19. 2013ж. 24 тамыз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының XX мерейтойлық сессиясы болып өтті.
20. 2014ж. ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Президент әлем дағдарыс салдарынан жаһандық сынақ уақыты болатынын атап өтіп, осындай қиын кезеңнен тиімді шығудың тетіктерін жариялады.
21. 2015ж. Қазақ хандығығының құрылғанына 550 жыл.
22. 2016 ж. Қазақстан Республикасының 25 жылдығы
2017 жылы 28 ақпан Алматы қаласында Бүкіләлемдік 28-ші Қысқы Универсиада 2017
Универсиада — дүние жүзілік студенттік спорт ойындары. Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Универсиада 50 жылдан астам уақыт бойы Олимпиада ойындарынан кейінгі екінші ірі халықаралық дода болып есептеледі. Сайысқа ЖОО-да оқитын 17 мен 28 жас аралығындағы студенттер, аспиранттар, докторанттар қатыса алады.
Қазақстан Универсиада ойындарына 1993 жылдан бастап қатыса бастады. Осы жылдар аралығында 700-ден астам спортшымыз бақтарын сынап, 125 жүлде жеңіп алды.
2011 жылдың 29-шы қарашасында Халықаралық студенттік спорт федерациясы Алматы қаласын 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиадасының астанасы ретінде таныды. Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында бірінші болып Қысқы Универсиаданы қабылдамақ.
Және де тағыда осы жылы бүкіл әлем куәгер болатын Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрме болмақ. Астанадағы ЕХРО көрмесі 3 айға - 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады. Оған әлемнің 100-ге тарта елі және 10-ға жуық халықаралық ұйымдар қатысады деп күтілуде. Көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді. Бұл Қазақстанның халықаралық ілгері жылжуы жолындағы үлкен қадам болмақ. ЕХРО-2017-ні өткізу елорданың, сондай-ақ тұтастай алғанда республиканың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыруға қызмет ететін болады.
Мұғалім: Міне балалар аз ғана уақыт ішінде Қазақстан әлем аренасында өзінің болашағы зор мемлекет екенін дәлелдеді. Бұған сіздер келісесіздер ме? Еліміз қандай оқығаларды басынан өткеріп, әлемге өзін танытуда.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы, - деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.
Әрі қарай сіздерге Отан тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерді ұсынамын. Орнына тиісті сөзді қойыңдар.
1.Туған жерге туың тік.
2.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
3.Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
4.Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
5.Пәлен жерде пайда бар,
өз жеріңдей қайда бар?
6.Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.
7.Туған жердің торғайы: тұрымтайдай көрінер,
құлыны тайдай көрінер, қыздары айдай көрінер.
8.Туған жер — тұғырың,
Туған ел — Қыдырың.
9. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
10. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен
Туған елдің түтіні де тәтті екен.
Мұғалім:: «Отан оттан да ыстық», - дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса, мақтаныш алауын маздатады.
Біздің туған өлкеміз – кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – біздің ақ бесігіміз. Сондықтан да біз оны ардақтаймыз. Шексіз сүйеміз. Әрқашан аялап, қорғап жүреміз дей келе «Қазақтай ел қайда» әнін орындауға шақырымын.
4.Қорытынды.
Сарғайса да тарихтың ақ парағы
Ол күндер мәңгі есте сақталады, – дегендей халық тарихын келешек жас ұрпақ еш уақытта ұмытпай, мәңгі жадында сақтайды. Ол өскелең ұрпақ үшін рухани азық, асыл мұра. өз тарихын, өткенін есте сақтау арқылы болашаққа еркін қанат қаға алады.
Адам – тарих! Адам кешкен жолын ұқ,
Неше ұрпақ күнтізбектен алындық.
Бүкіл жерді бүркеп ұстап зұлымдық,
Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық, – деп ақын жырлағандай момын халқымыз басынан сан ғасырлық қиындықтарды кешіп келген. Сондай қиындықтарға мойымай, батыр аталарымыз жер үшін, ұрпақ үшін күресе білген. Туған еліміздің тарихын білу – әрбір саналы жас ұрпақтың алдында тұрған игі істердің бірі.