Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы,,- деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Себебі мен математика пәнінің мұғалімі Кәрібай Айсұлу апайдың шәкірті болғаныма мақтанамын. Апай өте еңбекқор, білімді де білікті үстаз. Айсұлу апайдың арқасында түрлі пәндік олимпиадаларға қатысып жүрмін. Келешекте мен де осы мамандықты таңдаймын деген ойдамын. Математика пәнінің қызығы мен шыжығы мол, әрі өте қызықты да қиын мамандық. Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты менде таңдаймын деген ойдамын. Ұстаз болу – мектеп табалдырығын аттағаннан бастап арманым еді. Осы арманыма жетуге мен бар күш жігерімді саламын. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Мен Айсұлу апайға ұқсап математика пәнінің мұғалімі болсам, бұл менің басты арманымның орындалғаны болар еді.
Просмотр содержимого документа
«Менің жаңашыл ұстазым!»