СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Металдар, олардың қосылыстарының табиғаттағы және тірі ағзалар үшін маңызы"

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Химия сабағындағы 7 сынып "Металдардың табиғаттағы маңызы"

Просмотр содержимого документа
«"Металдар, олардың қосылыстарының табиғаттағы және тірі ағзалар үшін маңызы"»

Куанышбаева Ботагоз Мухамбетназаровна


Cабақтың тақырыбы: Металдар, олардың қосылыстарының табиғаттағы және тірі организмдер үшін маңызы.

Сабақтың мақсаты: металдар, олардың қосылыстарының табиғаттағы және тірі организмдер үшін маңызы, алыну жолдары, қасиеттері туралы түсініктер қалыптастыру, химия пәніне қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушыларға жаңа технологиялық әдістерді қолдану арқылы металдар, олардың қосылыстарының табиғаттағы және тірі организмдер үшін маңызын , табиғатта таралуы, алынуы, қолданылуы туралы түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп, сын тұрғысынан ойлау қабылеттерін, тіл байлығын дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, өзін – өзі бағалауға баулу, өздігінен ізденіп еңбек етуге, сабақта алған білімдерін тұрмыста қолдануға дағдыландыру.

Тәрбиелік: туған жерге, елге , оның байлықтарына деген сүйіспеншілік сезімін дамытып, оларды тиімді пайдалануға, қорғауға жәнеде ұқыптылыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: топпен, өз бетінше жұмыс, сұрақ-жауап, ой қозғау

Күтілетін нәтиже: 1.Оқушылар металдар және олардың қосылыстарының қасиеттерін, алыну жолдарын біледі.

2.Металдардың, олардың қосылыстарының табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы біледі, келешекте алған білімдерін қолдана алады.

3. Тиісті есептерді шығара алады.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, слайдтар, Д.И. Менделеевтің ПЖ, ҚР экономикалық картасы, металдар және олардың құймаларының коллекциялары, т.б.

Пәнаралық байланыс: география, математика, биология, тарих, экология

Сабақ жоспары: Оқушылардың танымдық іс- әрекетін ұйымдастыру, химиялық белгілер арқылы үш топқа бөлу. Топ басшыларын белгілеу. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.

І. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы

Мұғалім әр біріне металдардың жәнеде олардың қосылыстарының формулалары жазылған бірнеше парақшаларды белгіленген аз уақыт ішінде оқушыларға көрсетеді. Көрсетіп болғаннан соң, әр бір топ сол көрсетілген формулалардың есінде қалғандарын өздерінің парақшаларына жазады жәнеде сол металдар және олардың қосылыстары туралы бұрыннан білетін мәліметтерін әр топтан бір оқушы айтады.

ІІ. Мағынаны тану.

1. Бейнеролик

  1. Бейнефильмде не баяндалады?

  2. Сіздер осы көрген бейнефильміңізден қандай ой түйдіңіздер?

  3. Келешекте осы салада жұмыс жасағысы келетін оқушылар барма?

  4. «Біздің Президентіміз – металлург» тұжырымдамасына не айтасыңдар?

«Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам, бөгде жердің алтын тасында мақтап жарытпақ емес» (Қ. Сәтбаев)


3. Жаңа тақырыпты ашу.

Бірнеше парақшаларға металдарға және олардың қосылыстарына тиісті сұрақтар жазылған, сол сұрақтарға жауап бергеннен соң, парақшаның басқа бетінде сөз буындары жазылған, тақтаға ілінеді. Буындарды біріктірсең ол сөздерге айналып, жаңа тақырыптың атауы келіп шығады. Жаңа тақырып - Металдар, олардың қосылыстарының табиғаттағы және тірі организмдер үшін маңызы.

І топ тапсырмасы. Металдар және олардың қосылыстары, табиғаттағы маңызы.

ІІ топ тапсырмасы. Адам ағзасындағы металдардың биологиялық рөлі.

ІІІ топ тапсырмалары. Тағамдарда кездесетін металдардың пайдасы мен зияны.

«Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы бойынша оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.

Оқушылар өз бетімен тақырып бойынша мағлұматтар алады.

ІІІ. Ой толғаныс.

А) «Кім жылдам» ойыны әр топқа 5 сұрақ беріледі, шапшаң және дұрыс жауап беруі керек.

І топ.

  1. Жануар мен адам организмінде мыс қай ағзасында концентірленеді? (бауырда)

  2. Кальций қосылыстары көбіне қай салада қолданылады? (құрылыс материалдары)

  3. Неліктен темір «аспан тасы» деп аталған? (себебі метеориттің құрамында темір бар)

  4. Мырыштың маңызды минералын атаңыздар? (мырыш алдамышы)

  5. Алюминий металы табиғатта бос күйінде кездесеме? (жоқ, себебі алюминий өте белсенді металл)

ІІ топ.

  1. Ең қатты металл? (хром)

  2. Адам организмінде қанша кальций бар, ол адамның қай ағзаларында болады? (адамда 1 кг-ға дейін кальций болады, ол сүйекте, тіс эмалінің, қанның құрамына кіреді)

  3. Дүниежүзінде басқа металдарға қарағанда ең көп өндірілетін металды атаңыз? (темір)

  4. Тайқазан жеті металдан құйылған, ол қандай металдар? (темір, мырыш, қалайы, қорғасын, күміс, алтын, мыс)

  5. Ең жұмсак металдарды атаңыз? (натрий, кальций)

ІІІ топ

  1. Мыс негізіндегі мырыштың әр түрлі мөлшердегі құймасының аталуы. (жез)

  2. Жануарлардың сауыты, бақалшағы, жұмыртқаның қабығы қандай металл қосылысынан тұрады? (кальций карбонаты)

  3. Қанда темірдің жетіспеуі адамда қандай ауру тудырады? (қаназдық)

  4. Алюминий құймалары дүниежүзілік өнеркәсіпте темір құймаларынан кейінгі нешінші орынды алады? (екінші)

  5. Темір кені қорынан Қазақстан нешінші орында тұрады? (сегізінші)


Б) « Мақал сөзде металл да жүреді, металл қадірін халқым біледі» - оқушылар мақал – мәтелдердегі қажетті химиялық элементтерді табады.


Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуың оңай,

........ кессең қысқа кес, ұзартуың оңай»


« Қолда барда ....... қадірі жоқ»


«Қойдың сүті ....... , қойды ұрған оңбасын»


«Тағасының ....... мақтанба, атыңның жүрісіне мақтан».

«От – көмір жейді, тот ....... жейді»

«Арпа – бидай ас екен, ....... тас екен»


« Батыр майданда шынығады, ....... қайнауда шығады».

« Ақыл арымас, ....... шірімес».


«Пәлен жерде ....... бар, барсаң ....... жоқ»


В) « Есептерді шешейік, кім алғыр,шапшаң екенін білейік» Әр топқа есептер беріледі.


1– есеп. Массасы 78 грамм жез (латун) құймасы (Cu + Zn) құймасы тұз қышқылынан 13,44 л (қ.ж.) газды ығыстырды.Құймадағы мыстың массалық үлесін табыңдар. (W(Cu) = 50%)


2 – есеп. Зауытқа 464 тонна магнит теміртасы (Fe3O4) , руда әкелінді.Руданың осы мөлшерінде қанша темір бар? (336 тонна Fe бар.)


3 – есеп. Массасы 25 грамм екі валентті металл карбонатын қыздырып толық ыдыратқанда 5,6 л (қ.ж.) көмір қышқылы бөлініп шықты. Белгісіз металды табыңыздар. (Са)


4 – есеп. Массасы 2,6 грамм темір мен 2,8 грамм күкірт әрекеттескенде түзілетін темір ІІ сульфидінің массасын есептеңіздер. (FeS = 4,08 г.)


5 – есеп. Магнезит MgCO3 минералының құрамындағы магнийдің массалық үлесін есептеңдер. (W(Mg) = 28,5%)


6 – есеп. Массасы 8,5 грамм сілтілік металл артық мөлшердегі сумен әрекеттескенде 1,12 л қ.ж. сутек бөлінді. Алынған металл? (85 г/моль, Rb)

ІV. Қорытынды. « Бес жолды өлең»

V. Рефлексия.

VІ. Оқушылардың танымдық қабылеттерін, тақырып бойынша алған білімдерін бағалау. Бағалау парағын толтырады.

VІІ. Үйге тапсырма: «Металдар, олардың қосылыстарының табиғаттағы және тірі организмдер үшін маңызы» - эссе жазу.









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!