СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Микоплазмалар. »

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

рррррррррррррррррррррррррр

аааааааааааааааааааааааааа

Просмотр содержимого документа
««Микоплазмалар. »»

Лептоспиралар. Лептоспироз

Лептоспироз-табиғи ошақты зоонозды жұқпалы ауру.Бұл аурудың бастапқы атаулары: Вейль-Васильев ауруы,су қызбасы,саз қызбасы,ит қызбасы,шошқа бағатындардың ауруы. Қазақстанда жергілікті халық бұл ауруды «су безгегі» деп атайды.Жеке нозологиялық ауру ретінде лептоспироз туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың соныңда неміс-дәрігер Вейль (1886) және С.П Боткиннің шәкірті-клиницист Н.П Васильев (1889) бауырдың бүйректің ерекше зақымдалуымен, көк бауырдың ұлғаюымен,айқын геморрагиялық симптомдармен көрінетін жұқпалы сарғаюы туралы мәлімдеме жасағаннан кейін пайда болды. Қоздырғышы кеш анықталды. 1914 ж. Бір уақытта Р.Инадо мен И.Идо.Лептоспироз қоздырғыштарының 200 ден астам серологиялық варианттары бар.Лептоспира туыстастығы 2 топқа бөлінеді: патогенді лептоспиралар-адамдардың және жануарлардың организмінде паразиттік тіршілік етеді; сапрофитті лептоспиралар –L. Biflexa,ашық су көздерінен бөлінген. Дымқыл топырақта,сазды жерлерде мекендейтін галофилді лептоспиралар жылы қандыларға патогенді.

Морфологиясы.Лептоспиралар-ирекше пішінді бактериялар,ұзындығы 7-20 мкм,жуандығы 0,1-0,15мкм.Жас жасушалары қысқарақ,ал қартайғандары ұзарады.

Лептоспиралардың жасушалары спираль тәрізді иректелген, 12-18 алғашқы иірімі бір-біріне тығыздалған және екінші рет иілген,ұштары ілмек тәрізді болып, «S» және «С» әріптерінің пішініне ұқсайды.

Лептоспиралар спора,циста,капсула түзбейді. Сұйық көректік ортада айналмалы,иілмелі,қоймалжың ортада толқынданып,винт немесе жылан тәрізді қозғалыс жасайды.Көректік орталарда баяу өседі,басқа бактериялармен салыстырғанда 12 есе баяу жүреді.Оптималды өсу температурасы 28-30оС.

Антигендік қасиеті. Лептоспиралардың күрделі антигендік құрлымы бар. Лептоспира туыстастығындағы өкілдердің ішінен 200 серологиялық вариантын ажыратады,олар 25-тен астам серологиялық топтарға бірігеді.Лептоспиралардың таксономиялық критерийі олардың антигендігі бойынша анықталады. Негізгі таксоны-серовар.

Патогендік факторлары. Лептоспираның патогенді қасиеті келесідей: инвазивтілігі мен қоймалжың ортада қарсы қозғалу қабілеті-бұл қасиеті лептоспиралардың жоғары қозғалғыштығымен гиалуронидаза,фибринолизин және т.б. факторлармен шырышты қабықтан өтуге көмектесуімен байланысты: экзотоксин өнімдерін түзеді-гемолизин,липаза,ДНКаза және басқада улы өнімдер жасушаның бұзылуына әкеледі;липополисахаридтті табиғатты эндотоксиннің болуы-пирогенді,некрозды,детальді әсер көрсетеді.

Резистенттілігі. Лептоспира жоғары температурада, дезинфекциялық заттардың әсерінен тез жойылады,бірақ төменгі температураға жеткілікті дәрежеде тұрақты. Табиғи су қоймаларында 5-10 күн,топырақта 270 күнге дейін өмір сүреді. Қышқыл және сілітілі ортада тез жойылады. Төмен температурада ұзақ сақталады,яғни-70 оС температурада олардың вируленттілігі мен тіршілікке қабілеттілігі 7 жылға және одан да ұзақ уақытқа сақталуы мүмкін. Олар мұздатылып,ерітіліп,қайта мұздатылу процесін 6 ретке дейін қайталағанға дейін сақтала алады. Тағамдарда бірнеше күнге дейін сақталады.

Пенициллин,тетрациклин,стрептомицин тобындағы антибиотиктер оларды өлтіреді. Неомицин,рифампицин,амфотерицин В және басқа антибиотиктер олардың белсенділігін жоя алмайды.

Эпидемиологиясы. Лептоспироз-кең тараған зооноз,барлық жерде кездеседі. Лептоспироздың табиғи ошақтары-көбіне орман,өзен жағалауы ,батпақты жерлерде кездеседі. Инфекция көзі жабайы жануарлар –кеміргіштер,түлкі т.б болып келеді.Жануарлар зәрі суға түсіп , топырақ және өсімдіктерді залалдайды. Аурушылдық қатаң мерзімдікпен сипатталады, бұл ауылшаруашылық жұмыстарымен сонымен қатар саңырауқұлақ,жидек жинаумен,аңға шығумен,балық аулумен байланысты. Ауылды жерлерде инфекцияның көзі үй жануарлары болуы мүмкін: доңыз,ірі қара мал,иттер.Тағамдық жол арқылы да жұғуы мүмкін, мысалы сүт пайдаланғанда, ауру малдарды қарау кезінде қарым-қатынас-тұрмыстық жолмен таралуы мүмкін.Дегенмен,инфекцияның негізгі таралу жолы – су арқылы. Ауылдық жерлерде ауру жануарлардың зәрімен ластанған су қоймаларында шомылған адамдар арасында күрт көбеюі жиі кездеседі.Лептоспироз ауруы егеуқұйрықтар портты қалаларда шығуы мүмкін.

Патогенезі. Инфекцияның ену қақпасы-ауыз қуысының,ас қорыту жолдарының шырышты қабаты,көз,мұрын,зақымданған тері. Енген жерде қабыну аймағы байқалмайды.Лептоспиралар лимфатикалық жолмен таралады,қанға өтеді және қан ағынымен организмде таралып әртүрлі ағзаларға түседі. Ағзаларда микроорганизмдер қарқынды көбейіп қайтадан қанға түседі. Қрздырғыштың және оның токсиндерінің әсер етуі нәтижесінде қан капиллярларының қабырғасы зақымдалады. Көп зақымдалатын ағзалар – бауыр,бүйрек,бүйрек үсті безі,жүрек және бұлшық ет.

Клиникалық көріністері. Лептоспиралар жұлынға енуге қабілетті,науқастанушылықтың 7-15 күні менингеалды көріністер байқалады. Науқастанушылықтың симптоматикасы мен ауырлығы қоздырғыштың сероварына,қоздырғыштың вируленттілік жағдайына,макроорганизмнің жағдайына,жұғу жолдары мен механизміне байланысты. Жасырын кезеңі 7-10 күнге,ауру 5-6 аптаға дейін созылады. Ауру жедел басталады,дене температурасы 39-40оС жоғарылайды бас ауруы,бұлшықет ауруы әсіресе балтыр етінің ауырсынуы байқалады. Ағзалардың зақымдалуына байланысты олардың белгілері пайда болады: бүйректік жетіспеушілік,сарғаю және тағы басқалары. Толқын тәрізді қызба тән. Лептоспироздың клиникалық түрлері әртүрлі-жеңілден өлімге алып келетін ауыр түріне дейін. Кеш асқыну фазасында көздің зақымдануы, пиелит, менингоэнцефалиттің қалдық көріністері де байқалады.

Иммунитеті. Иммунитеті ұзақ,қарқынды,дегенмен қатаң серологиялық вариантты спецификалық. 3-4 аптада стерилсіз иммунитет қалыптасады. Қанда антиденелер көп жиналады. Бүйректе қоздырғыш ұзақ сақталып,несеппен ұзақ уақыт бөлінеді. Иммунитет біртіндеп күшейіп,ақырында қоздырғыштан толық айығады(науқастанушылықтың 5-6 аптасында).

Микробиологиялық диагноз қою. Негізгі зерттеу әдістері: микроскопиялық,бактериологиялық,серологиялық.ПТР.

Микроскопиялық зерттеу. Зерттеу материалы ретінде аурудың бірінші аптасында қан, кейінірек зәр, ми-жұлын сұйықтығын алады. Бактериоскопиялық әдісте түнек айдынды микроскопта қарау қолданылады, бұл әдістің сезімталдығы мен спецификалығы төмен деңгейде.

Бактериологиялық әдіс: арудың алғашқы күндерінде қаннан, аурудың 2-3 аптасында зәр мен ми-жұлын сұйықтығынан таза дақылдарын бөлу. Сарысуы бар қоректік орталарда, фосфатты- сарысулы ортада 28-30С өсіреді. Зерттеу материалын науқастың төсек орнында жатқызып алады, 3-5 пробиркаға алып, бетіне вазелин майын құяды, 2 ай бойы өсіред. Лептоспиралар өскенде қоректік орта мөлдір болып сақталады, сондықтан әр 5 -6 кун сайын түнек айдыны микроскопта қарау үшін препарат дайындап, зерттепи отырады. Таза дақылдың морфологиялық, дақылдық, қозғалғыштық, антигендік қасиеттерін анықтап диагноз қойылады.

Биосынама. Теңіз шошқаларына , көжектерге, алтын түсті хомяктарға құрсақ астына жұқтырады. Бір ай бойы бақылайды. Жануар өлгенде қаннан, зәрден, өлексе ағзаларының материалынан жағынды дайындап, түнек айдынында микроскопта қарап, таза дақыл алу үшін қоректік орталара себеді.

Жедедетілген зерттеу әдстері. Биохимиялық және молекулалық – биологиялық зерттеулер жүргізеді. Инфекция анықталған ошақтан қоздырғыштың ДНҚ анықтау үшін ПТР қолданылады.

Серологиялық әдіс. Науқастың қанынан антиденелерді науқастанушылықтың 1 аптасының соңында аныктауға болады. Ол үшін КБР , микроагглютинация реакциясы және лизис реакциясы науқастың сарысуы мен стандартты микроорганизмдердің жиынтығымен қойылады.



Лептоспира бактериялар

Лептоспира бактериялары — тасымалдаушы жануарлардың бүйрегінің майда өзекшелерінде өсіп-өніп сақталады, сыртқы ортаға несебімен шығады. Лептоспира адамдарға лептоспира бактерияларымен ластанған су, топырақ, ас тағамдары, тұрмыстық және мал өнімдерін өңдейтін өндірістік қалдық заттармен ауыз қуысы, мұрын, көз шырышты қабығы және зақымданған тері арқылы жұғады. Лептоспира жұққаннан кейін 3 — 5 миннуттан соң қанға өтіп, бүйрек пен бауыр тіндеріне таралып, жылдам өсіп-өне бастайды. Аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңі орта есеппен 7 — 13 күнді қамтиды. Сонан соң науқастың бірден дене қызбасы басталады (39 — 40°С), өзі қалтырап, бұлшық еттері қатты ауырады; көзі қызарады; лоқсып құсып, ұйқысы қашады. Ауру асқынғанда сандырақтапмұрнынан қан кетіп, ерін, мұрын айналасына ұшық шығады. Бауыры ісінеді, денеге бөртпе шығады, дененің сарғаюы байқалады. Ауруды дер кезінде емдемесе, адамдардың өліп кетуі (әсіресе, жасы келген) де мүмкін. Ал сарғаймай, жеңіл түрімен науқастанғанда 6 — 12 аптадан кейін толық айығып кетеді. Ауру диагнозы лабараториялық әдістермен анықталады.

Емі: антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин, т.б.) беріледі. Гамма-глобулиндер егіледі. Алдын ала сақтану үшін медицина-санитар-ветеринарлық кешенді шараларды қолдану, тұрғындарды таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, мал суаратын жерлерден ауыз су алмау, т.б. қажет.

Емдеуі. Көбінесе антибиотиктер (нинициллин, тетрациклин топтары) және лептоспирозға қарсы гетерологиялық иммундыглобулин қолданылады. Ауыр жағдайда кортикостероидтар, витаминдер кешені, жүрек - қан тамыр жүйесіне әсер ететін препараттар қолданылады. Басқа мамандардың кеңесінен өту шарт.

Алдын алуы. Бейспецификалық сақтандыру бірқатар ережелерден турады: қайнатылмаған суды қолдануға, жуынуға, мал су ішетін жерде суға түсуге болмайды. Эпидемиялық көрсеткш бойынша спецификалық алдын алу ретінде көп кездесетін серологмялық варианттардан тұратын өлі вакцина қолданылады.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!