СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мизам шуағы" ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

«  Мизам шуағы »  ертеңгілігі

 

Мақсаты:

Жас  ұрпаққа  қоршаған  ортадағы  түрлі  құбылыстарды және күз  кереметтілігін  нақты  айқындап  ашуға, табиғатты  сүйюге,сақтауға  үйрету.

Инабатты, иманды, іскер,  мәдениетті,жеке  тұлғаны  қалыптастыру.

Ұқыптылыққа, шымырда  шапшаң  ой  жүйріктілігіне,  талғампаздыққа, таза,  әдемі  болуға  тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Сахнада  күз  көріністері, күздік  дастархан  мәзірі, нақыл  сөздер,  шар.

         Қатысушылар: 5-7 сынып оқушылары

         Іс-шара барысы:

 

1-жүргізуші: -Армысыздар,ұлағатты ұстаздар!

2- жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!

1-жүргізуші : Береке, бақ дарыған

                      Жомарт көңіл, жарқын жаз,

                      Сары алтынға малынған,

                       Жетті міне алтын күз!

2- жүргізуші : Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше.

1- жүргізуші : Олай болса берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

2- жүргізуші : Уа, халайық, халайық!

1-жүргізуші : Мұнда назар салайық!

2- жүргізуші : Мерекесі халықтың

1-жүргізуші : “Мизам шуағына” арналған,

2- жүргізуші:  Ертеңгілігімізді  бастайық!

1- жүргізуші: Енді осы сайысымыздың әділ бағасын беретін, әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Просмотр содержимого документа
«"Мизам шуағы" ертеңгілігі»

« Мизам шуағы » ертеңгілігі


Мақсаты:

Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүйюге,сақтауға үйрету.

Инабатты, иманды, іскер, мәдениетті,жеке тұлғаны қалыптастыру.

Ұқыптылыққа, шымырда шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза, әдемі болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Сахнада күз көріністері, күздік дастархан мәзірі, нақыл сөздер, шар.

Қатысушылар: 5-7 сынып оқушылары

Іс-шара барысы:


1-жүргізуші: -Армысыздар,ұлағатты ұстаздар!

2- жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!

1-жүргізуші : Береке, бақ дарыған

Жомарт көңіл, жарқын жаз,

Сары алтынға малынған,

Жетті міне алтын күз!

2- жүргізуші : Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше.

1- жүргізуші : Олай болса берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!

2- жүргізуші : Уа, халайық, халайық!

1-жүргізуші : Мұнда назар салайық!

2- жүргізуші : Мерекесі халықтың

1-жүргізуші : “Мизам шуағына” арналған,

2- жүргізуші: Ертеңгілігімізді бастайық!

1- жүргізуші: Енді осы сайысымыздың әділ бағасын беретін, әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.

2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз 5-7 сыныптар аралығында өткізілгелі отыр. Осы сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар. 

1.     Таныстыру

2.     Өз өнерлерін көрсету, музыкалық салемдеме

3.     “ Күз сыйы ” (көкөністер көрмесі)

4. Би өнері сайысы

5. “Жұз бір жұмбақ” сайысы

6.     Үй тапсырмасы, көрініс, яғни әр сынып өздерінің үйде дайындап келген көкөністер туралы ертегі немесе көріністерін көрсетеді.



2-жүргізуші: Ендеше қатысушыларымызды қол соғып қошеметпен қарсы алайық.

Ең алдымен 1-топ_____________________________

2-топ_____________________________

3-топ _____________________________

4-топ:_____________________________

5-топ_____________________________

1- жүргізуші: Өлең сөздің патшасы сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы

Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп

Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы

Құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыруға кезек берейік. Топтың атын, ұранын және топты өлең жолдарымен таныстырып өту.(Топтар кезекпен өздерін таныстырады)

2-жүргізуші: Әділ баға беретін әділқазылар алқасы таныстыру бөлімінің әділ бағасын берсеңіздер.


1-жүргізуші: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдедің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Біздерге бірлікпенен ортақтассын!

О заманда ашқан қазақ өнер сырын,

Өнер-жастан жаныңдар.

Шақырған сайыстарға бірі-бірін,

Өнерпаздар- дарындар,

Көрейік тамашалап көрермендер,

Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған өнерлерін,-дей келе келесі бөлімімізді өз өнерін көрсету музыкалық сәлемдеме сайысына береміз:

2-жүргізуші: 1-топ

1-жүргізуші: келесі шығатын 2-топ

2-жүргізуші: 3 топ

1 – жүргізуші: келесі шығатын- 4 топ

2-жүргізуші: сонғы -5 топ

1-жүргізуші: Әділ - қазылар өз өнерін көрсетудің  әділ бағасын берсеңіздер

2-жүргізуші: Келесі бөліміміз: “Күз сыйы ” көрмесі, 5 топтан бір оқушыдан шығып өз тобының көрмесін таныстырады.

1-топ__________________________

2-топ__________________________

3-топ__________________________

4-топ__________________________

5- топ__________________________

1-жүргізуші: Әділ - қазылар “Күз сыйы ” көрмесінің бағасын беріп жіберсеңіздер.


2-жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптының,

                       Талантты талмай ұшар қанаттының.

Мың бұралған бишілері сыныптың

                       Мерейі үстем болсын таланттының ,- деп ендігі кезекті биге береміз.

1-жүргізуші: Әділ - қазылар би өнеріне  әділ бағаларыңызды берсеңіздер.


2-жүргізуші: Келесі кезекті “Жұз бір жұмбақ” сайысына береміз. Сайыскерлер бір-бірден шығып жасырылған жұмбақтарды шешеді.

1-жүргізуші: Әділ - қазылар жұмбақшыларға әділ бағаларыңызды берсеңіздер.

2-жүргізуші: Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.Күзде күн суытып, барлық жан-жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады. Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе!?

1-жүргізуші: Иә, мен бұл мезгілді «Мизам шуағы!» деп айтар едім. Өйткені күн өзінің жылы шуағын жер бетіне шашып, жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялады.

1-жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр әнімен,

Әр адам әсем болар өз тәнімен.

Өз қолынан шығарған киім сәнін,

Сіздерге көрсетеді өз мәнімен,-дей келе келесі кезекті үй тапсырмасы яғни көрініске береміз.

2-жүргізуші: 1-топ_______________

1-жүргізуші: 2-топ_______________

2-жүргізуші: 3-топ_______________

1 жүргізуші: 4-топ_______________

2-жүргізуші: 5-топ_______________

1жүргізуші: Әділ - қазылар үй тапсырмасының бағасын беріп жіберсеңіздер.

2-жүргізуші: Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептегенше,

Қыдыраш Нұрланнын орындауында «Күзгі бақ» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Құрметті көрермендер « Мизам шуағы» мерекесін қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақтолқын Орынғалиқызына береміз.


Қазылар алқасы жеңген топтарды мақтау қағаздарымен марапаттайды.


2-жүргізуші: Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!