СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Психологиялық дайындық

"EXPO-2017" қалалығының компьютерлік моделінің бейне ролигі (https://www.youtube.com/watch?v=QG9R667plR4)

 

 

Модель – кез – келген нысанның қарапайым кейіпі. Нақты обьектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.Модельдер материалдық түрде, яғни бар болуы мүмкін. Кей жағдайларда модельдер құрамы бойынша нағыз нұсқаны ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қуыршақ қыздың моделі. Бір нысанда бірнеше модель болуы мүмкін. Мысалы: балықтікі жылтырауық немесе қағаздан жасалған модель. Модельдердің ақпараттық түрі болады. Бұл информатика үшін маңыздырақ. Ақпараттық модель: ауызша, математикалық және графикалық. Автомобиль сызбасы графиктік модель. Қарапайым ақпараттық модель – адамның есімі. Тақпақтар да ауызша модель бола алады.

Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, ірі категориясы болып саналады. Модельдеу екі түрге бөлінеді. 1) Пәндік модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалықгеометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады. 2) Идеалды модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін. Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді.

Модельдің ең қарапайым түрі нысандарды көрнекі етіп сурет, кескін, сызба формасында графиктік түрде көрсету. Модельдің екінші түріне – нысандардың, процестер мен құбылыстардың ауызша (қандай да бір тілдің көмегімен) суреттелуі, сипатталуы жатады. Үшінші түрі –ақпараттық-логикалық модель, ауызша сипатталған нысанды кескіндеп көрсету (формалау). Төртінші түрі – динамиканың ішкі заңдарын, өзара әсерін, қасиеттерін көрсететін физикалық нысандардың, құбылыстар мен процестердің математикалық түрде сипатталуы. Мысалы, белгілі бір физикалық процестің уақыт ішінде өтуін баяндайтын дифференциялдық теңдеулер жүйесі осы процестің моделі деп аталады. Модель ұғымы логика,математикафизикахимиякибернетикалингвистика, т.б. ғылым салаларында қолданылады. Ғылымда модель ұғымы әдетте модель жасау әдісін қолдануға байланысты аталады. Алгебра мен математика логиканың тоғысқан жерінде арнаулы пән – модельдер теориясы қалыптасты.

Просмотр содержимого документа
«Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері»

Сабақ жоспары:17 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 7 «Ә, Б», «А»

Сабақтың тақырыбы: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру 

Сабақтың міндеттері :

• модель түсінігін қалыптастыру

• модельді анықтау жолдарын үйрету

• модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру

• модель түрлерімен таныстыру

Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар. 
-Оқушылар назарын сабаққа аудару. 

ІІ. Жаңа сабақ

Психологиялық дайындық

"EXPO-2017" қалалығының компьютерлік моделінің бейне ролигі (https://www.youtube.com/watch?v=QG9R667plR4)






Модель – кез – келген нысанның қарапайым кейіпі. Нақты обьектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.Модельдер материалдық түрде, яғни бар болуы мүмкін. Кей жағдайларда модельдер құрамы бойынша нағыз нұсқаны ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қуыршақ қыздың моделі. Бір нысанда бірнеше модель болуы мүмкін. Мысалы: балықтікі жылтырауық немесе қағаздан жасалған модель. Модельдердің ақпараттық түрі болады. Бұл информатика үшін маңыздырақ. Ақпараттық модель: ауызша, математикалық және графикалық. Автомобиль сызбасы графиктік модель. Қарапайым ақпараттық модель – адамның есімі. Тақпақтар да ауызша модель бола алады.

Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, ірі категориясы болып саналады. Модельдеу екі түрге бөлінеді. 1) Пәндік модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалықгеометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады. 2) Идеалды модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін. Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді.

Модельдің ең қарапайым түрі нысандарды көрнекі етіп сурет, кескін, сызба формасында графиктік түрде көрсету. Модельдің екінші түріне – нысандардың, процестер мен құбылыстардың ауызша (қандай да бір тілдің көмегімен) суреттелуі, сипатталуы жатады. Үшінші түрі –ақпараттық-логикалық модель, ауызша сипатталған нысанды кескіндеп көрсету (формалау). Төртінші түрі – динамиканың ішкі заңдарын, өзара әсерін, қасиеттерін көрсететін физикалық нысандардың, құбылыстар мен процестердің математикалық түрде сипатталуы. Мысалы, белгілі бір физикалық процестің уақыт ішінде өтуін баяндайтын дифференциялдық теңдеулер жүйесі осы процестің моделі деп аталады. Модель ұғымы логика,математикафизикахимиякибернетикалингвистика, т.б. ғылым салаларында қолданылады. Ғылымда модель ұғымы әдетте модель жасау әдісін қолдануға байланысты аталады. Алгебра мен математика логиканың тоғысқан жерінде арнаулы пән – модельдер теориясы қалыптасты.

Жедел жәрдем көлігінің моделі.

1. Глобус

2. Театр қойылымының декорациялық безендіру макеті 

3. Театр спектаклінің костюмдер эскизі

4. Адам қаңқасының макеті

5. Химия реакцияларының теңдеуі

6. Абай Құнанбаев жанұясы ұрпақтарының сызба түріндегі моделі

7. Қуыршақ

8. Су молекуласы құрылымының моделі (макеті) 

9. Пойыздар қозғалысының кестесі

10. Паровоз ойыншығы

11. Метроның сызбасы

12. Шаршының ауданын табу формуласы

13. Чарльз Бэббидж суреті 

Сергіту сәті


1. Мысықтың баласы

2. Біздің мектептің бақшасында өсетін көкеніс түрі

3. Баскетбол, волейбол ойнауға арналған құрал

4. Ең төзімді үй жануары

5. "Арыстан" сөзінің орысша аудармасы

6. Жіңішкелік белгісі

2-топ

1. Қу жануар

2. Кішкентай сөзіне антоним сөз

3. Теннис ойнауға арналған

құрал

4. Ешкінің төлі

5. Ең берік ағаш

6. "Кемпірқосақ" сөзінің орысша аудармасы

7. Киім ілуге арналған құрал


М-арқау

О-рамжапырақ

Д-оп

Е-сек

Л-ев

Ь



Т- үлкі

Ү-лкен

Р-акетка


Л-ақ

Е-мен

Р-адуга

І-лгіш


ІV. Бекіту

Жасаған жұмыстарын түсіндіреді

V. Бағалау

VІ. Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу, мазмұндау.

"5 жолды өлең" құрастыру талаптары:

1. зат есім

2. екі сын есім

3. үш етістік

4. төрт сөзден тұратын сөйлем

5. синоним сөз

Мысалы:

1. қуыршақ

2. әдемі, үлкен

3. сөйлейді, ойнайды, көзін жұмады

4. Маған анам қуыршақ сыйлады.

5. Ойыншық