| 8.12.15 | Информатика | 6 «А», «Ә»-сынып |
| Сабақ тақырыбы: | Модель және модельдеу |
| Жалпы мақсат: | Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру, оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу, оқушыларды модель құруға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру. |
| Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал Информатика оқулығы 6 сынып |
| Оқу нәтижесі: | Модельді, модельдің түрлерін біледі. Модельдерді құруды үйренеді. |
| Негізгі идеялар: | Бірлескен жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады. |
| Сабақта қолданыла- тын материалдар: | ДК, проектор, деңгейлік тапсырмалар, тұсаукесер, оқулықтар, дәптерлер, аудио, тұсаукесер, My test бағдарламасы |
| Оқыту әдістері: | Практикалық элементтері бар, көрсетіп түсіндіру сабағы. АКТ қолдану. |
| Дерек көздері: | Информатикаға арналған жұмыс дәптері. Оқулық Сілтемелер |
| Тапсырмалар: | Оқулықпен жұмыс, жұмыс дәптерімен жұмыс, деңгейлік жұмыс, ДК- де жұмыс. |
| Тапсырмалар | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин) | Оқушылармен амандасу, түгендеу. Тренинг: Мақсаты: оқушылардың сабаққа деген құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру. - Көздеріңізді жұмыңыздар да терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып менің сөздеріме құлақ салыңыздар. - Ал бастаймыз. Соқпақ жолмен жүріп келесіз… - Жол ұзақ. шаршадыңыз, шөлдедіңіз… - Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді… - Алма бағы … - Қып – қызыл алмалар қол созым жерде… - Сіз үзіп алып жей бастадыңыз… - Дәмі керемет… - Жеген сайын жегіңіз келеді… - Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз… - Күн кешкірді…Қайту керек…Бақтан шығып жолға түстіңіз… Иығыңызда дорба… - Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді… - Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз… - Міне, қалашыққа да жеттіңіз… Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты… - Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз… - Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма? Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза… - Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Оқушылар көздерін ашып, өз әсерлерімен бөліседі. | Амандасады, тренингке қатысады. |
| ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 3мин ) | Үй тапсырмасын тексеру: «Ақпараттық диктант» арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Оқушыларға бос орындарға қажетті сөздерді тауып жазу үшін төмендегідей арнайы кеспе қағаздар беріледі. Оқушылар жазып болған соң интерактивті тақтадағы дұрыс жауаптар көмегімен өздерінің диктанттарын тексеруге мүмкіндік алады.
| 1. Бірнеше рет қайталанатын әрекеттер тізбегі....................................................... деп аталады. 2. Блок - сызбада циклдік алгоритмнің шарты................................................. фигураға жазылады. 3. Шарт циклдік алгоритмнің...................................................... немесе соңында келуі мүмкін. 4. Алгоритм түрлері:.................................. |
| ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин) | Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз. Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді. Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру. | |
| IV. Бекіту (3 мин) | Семантикалық карта толтырту | Семантикалық карта толтырады |
| V. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс. (13 мин) | 77 б. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс. ДК–ін қосып деңгейлік тапсырмаларды орындау | Деңгейлік тапсырмаларды орындайды. |
| VI. Cергіту сәті (2 мин) | Көзге арналған жаттығулар. Көзді бірнеше рет жыпылықтату. Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса | |
| VII. Қорытындылау (3 мин) | My test бағдарламасында тест тапсыру | 1.Модельді тек ... құруға болады. С) кез келген нысанға, үдеріске, құбылысқа 2.Модельдеудің негізгі кезеңдері В) есептің қойылуы, модель құру, компьютерлік тәжірибе, модельдеу нәтижесін талдау 3. Ақпараттық модель: В) нысанның үдерістің, құбылыстың сипаттамасын береді 4. Уақыт факторларына байланысты модельді келесідей деп айтуға болады В) статистикалық және динамикалық |
| VII. Үйге тапсырмасын беру (1 мин) | § 13, 73 б. оқу. «EXPO-2017» қалашығының графикалық моделін құру | Үй тапсырмасын білу, түртіп алу |
| IX. Бағалау (1 мин) | Әр оқушыға жеке тұлға ретінде бағалау парағын беру | Бағалау парақтарына өз бағаларын қояды. |
| X. Рефлексия (1 мин ) | Стикерлер үлестіріледі | Смайликтерге өз көңіл күйлерін жазып, іледі. |