Просмотр содержимого документа
«Модель және модельдеу. Модельдің түрлері. 6 - сынып»
Күні: 03.12.2016ж.
Сыныбы: 6 «А»
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: «Модель және модельдеу. Модельдің түрлері»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: оқушылардың модель, модельдеу, модель түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.
ә) дамытушылығы: оқушылардың ақыл - ой өрісін, танымдық қабілетін дамыту.
б) тәрбиелілігі: оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке баулу, шығармашылық қабілетін арттыру.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру
Топқа бөлу
Жауабын тап. Үй жұмысы
Жаңа сабақ
Болашаққа көзқарас, «Экспо – 2017» ой толғау жазу
Қорытындылау (Сөз құрастыру, тест)
Бағалау. Үй тапсырмасын беру
1) Алгоритм дегеніміз не? (Берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру)
2) Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады және оларды ата? (Үш бөліктен тұрады, олар: тақырып, сипаттау бөлімі және оператор бөлімі)
3) Интерпретатор дегеніміз не? (Бір тілден екінші тілге командаларды аударып, оларды бірден орындауға арналған трансляторлық программа).
4) Сызықтық алгоритм дегеніміз? (Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм)
5) Алгоритмнің қанша қасиеті бар? (5)
6) Паскаль тілін ең алған кім және қай жылы ұсынды? (1968 - 1971ж. ж. Никлаус Вирт)
7) Кез келген программа қандай сөзден басталады? (program)
8) Алгоритмдік тіл дегеніміз? (Орындалатын әрекеттерді, амалдарды біріңғай және дәл жазуға арналған тіл)
Жаңа сабақты түсіндіру
«Модель» термині көп мағыналы.
Модель ол: нысанның қарапайым көшірмесі заттың кішірейтілген түрі (макеті) табиғатта, қоғамда болып жатқан кейбір құбылыстарды, үдерістерді сызба, сурет немесе сипаттау түрінде көрсету.
Жұмыс істеу өлшемдері нақты нысанның жұмыс атқару өлшемдеріне ұқсас физикалық немесе ақпараттық аналог болып табылады.
Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалады.
Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін.
Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Мысалы :
Қуыршақ-ол адамның модельі. Қыз балалар ойын ойнағанда оны адам ретінде қарастырады. Оны киіндіреді,тамақтандырады,ұйықтатады.
Бір заттың бірнеше түрдегі модельі болуы мүмкін.
Модельді жасау процесі -модельдеу деп аталады.
Мысалы:
Оқу моделіне:
Ядролық зымыранның моделі-ол тәжірбие жасағанда экологиялық мәселелерді болжауға мүмкіндік береді.
Динамикалық модель-
Оқушының оқу үлгерімін көрсететін сынып журналы.
Статистикалық модель-оқушының бақылау жұмысының нәтижесі бойынша алған бағасы мен сол уақыттағы оқу үлгерімін айтады.
Берілу тәсілі бойынша моделдеудің жіктелуі:
Ақпараттық
Таңбалық
Компьютерлік
Бізді компьютерлік модельі қызықтырады.
Ақпараттық модель-нысанның ,үдерістің ,құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланысы болып табылады.
Таңбалық модель-сурет,мәтін,графика,
сызбалар,кесте,макет т.с.с.
Егер модель абстаркты түрде бейнеленсе,оларды сипаттауға мүмкіндік беретін аранайы тіл,сызба,график,алгоритм,математикалық формулалар, т.б. таңбалық жүйелер қолданылады. Ал оларды тарату екі түрлі құрал арқылы іске асырылады. Бірі- кәдімгі аспаптар, ал екіншісі кәдімгі-компьютер. Тарату тәсіліне қарай компьютерлік және компьютерлік емес деп бөлінеді.
Компьютерлік модель- программалау ортасы арқылы жүзеге асатын модельді айтамыз. Онда дыбыс,анимация,мәтін,сызба,кесте, 3D үш өлшемді әсер т.с.с түрде жасауға мүмкіндік береді.
Математикалық модель-электрондық кесте арқылы.
Сөздік модель-мәтіндік редактор арқылы ыңғайлы.
Графикалық модель-графикалық редакторда құруға болады.
Компьютерлік модель -құру кезінде програманы жақсы меңгеру қажет.
Нақты тәжірбиені жүргізу маңызды, бірақ біраз уақытты талап етеді.Сол себепті компьютерді жақсы меңгерсең есептеулер мен зерттеулерді жүргізуде уақытты үнемдеуге болады.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқу.