СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Молдова және Украинаның ішкі айырмашылықтары

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Молдова елінің климаты қоңыржай континентті.Днестр мен Прут өзеннінің бойында Молдова елі орналасқан.Кодра Молдовада жүзім өсіретін аудан

Просмотр содержимого документа
«Молдова және Украинаның ішкі айырмашылықтары»

Сыныбы:10 Күні: 3.05.17ж

Сабақтың тақырыбы: Украина және Молдова ішкі айырмашылықтары, өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Украина және Молдованың ішкі айырмашылықтары, өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, көлігі, сыртқы экономикалық байланыстары туралы түсінік беру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Кім жылдам, ой толғаныс, семантикалық карта, картамен жұмыс, қиылыс сұрақтары.

Қосымша құралдар: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Кім шапшаң?”

1. Беларусь Республикасының жер көлемі қанша? 207,6 мың км 2.

2. Халқының саны – 2 млн 465 мың адам.

3. ЖІӨ жан басына шаққанда – 5520 АҚШ дол.

4. Мемлекеттік валютасы – беларусь рублі.

5. Мемлекеттің астанасы – Минск.

6. Мемлекеттік тілі – беларусь тілі.

Шектесетін аймақтары – Латвия, Литва, Польша, Ресей, Украина.

7. Мемлекеттің сыртқы саудасының тиімсіздігі неге байланысты? Теңізге шықпайды

8. Беларус аумағында ұлт өкілдері – 130 ұлт бар.

9. Беларусьтар неше пайызын құрайды – 83,7.

10. Ең ірі қаласы – 1919 жылдан бері астанасы Минск.1,7 млн адам тұрады.

11. Беларусь климаты – қоңыржай континентті яғни қысы жұмсақ, жазы салқын.

12. Мемлекеттің пайдалы қазбалары – калий тұзы, шымтезек, құрылыс тастары.

13. Қандай ағаштар өседі – қарағай, шырша, аққайың, емен, жөке, көктерек, үйеңкі.

14. Радиоактивті қалдықтармен ластанған облыстар – Гомельск, Могилев.

15. Негізгі шаруашылығы – машина жасау, химия өнеркәсібі, мұнай өңдеу.

16. ТМД елдерінің арасында бірінші орын алады – трактор мен станок.

17. Ең алғашқы мобильді телефондары – SNAMI E 74.4 сим картаға арналған.

18. Ауылшаруашылығы бойынша – зығыр, картоп, астық өндіруге, сүтті ірі қара, шошқа, құс шаруашылығы.

19. Көлік түрлері – теміржол, автомобиль, құбыр магистральдары.

20. Полесьенің жалпы аумағы – 130 мың км.
Қорытындылау.

Украина. Жер аумағы 603,6 мың км кв, тілі-украин, Астанасы-Киев, ірі қаласы-Харьков,Одеса, Донецк, Львов.Мемлекет басшысы –президент. Заң шығарушы орган-Жоғарғы Рада, 450 депутаттан тұрады, 4-жылға сайланады.Валютасы-гривна. Әкімшілік жағынан 24 облысқа, 9 экономикалық ауданға бөлінеді. Халқының саны-42 784 мың адам.Халқының ұлттық құрамы алуан түрлі: украиндар, орыстар, поляктар, еврейлер, беларусьтар, қырым татарлары, молдовандар, армияндар т.б халықтар тұрады. Украина жері негізінен Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-батыс шетін алып жатыр. Оңтүстігінде Қырым таулары мен оңтүстік – батыс бөлігінде Украина Карпаты орналасқан.Ең биік қыраты – Волынь –Подоль қыраты.Климаты: қоңыржай, континентті. Шаруашылығы:индустриялы аграрлы ел. Шаруашылығында өнеркәсіп, отын энергетикасы, металлургия, машина жасау, химия, тамақ өнеркәсіптері дамыған. Украина көмір өңдеулен ТДМ бойынша, Ресейден кейінгі екінші орында.Сыртқы экономикалық байланыстары: Украина дүниежүзінің 160 елімен сауда – экономикалық байланыс орнатқан.

Молдова. Жер аумағы- 33,8 мың км кв, халқының саны- 3 557 600 адам, валютасы- лейі, тілі- румын тілі мемлекеттік тіл. Молдова –унитарлы, парламенттік. Астанасы – Кишинев. Климаты қоңыржай континентті. Ірі өзендері – Днестр, Прут. Молдованың негізгі табиғат байлығы –құнарлы топырағы. Пайдалы қазбалары негізінен құм, гипс, әктас. Сонымен қатар минералды сулар, мұнай мен газ. Шаруашылығы: агроөнеркәсібі, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау, жеңіл өнеркәсібі. Сыртқы экономикалық байланысы. ТМД-ға ел экспорттың 37,8 пайыз, импорттың – 34,8 пайыз, Экспорттың негізгі бөлігі – азық-түлік, тоқыма бұйымдары.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1)«Ой толғаныс»
1. Украина және Молдова ауылшаруашылығына сипаттама беру.
2. Украина және Молдованың көлік кешеніне тоқталу.
3. Украина және Молдованың сыртқы экономикалық байланыстары туралы мәлімет.
2)“Семантикалық карта”

Киев, Черновцы, Житомир,Бахчисарай, Николаев, Харьков, Донецк, Киев, Одесса, Ильичевск, Измаил, Черкасы, Винница, Львов, Днестр, Прут, Кодр,Бельцы, Рыбница, Бельцы, Бендеры, Гыртопы.

Жауаптары:

Ірі қант зауыттыры ,құрылыс материалдары ,жеңіл өнеркәсіп салалары, қалың орман, Украинаның басты порттары,ең ірі өзендері,қант зауыттыры, май шайқау,төмен түскен ойыс жер.

3)«Картамен жұмыс»
Украина және Молдованың дамыған аудандарын картадан көрсету.

Шектесетін мемлекеттерін көрсет.

Украина және Молдова қандай мемлекеттермен қарым-қатынаста соларды көрсет.

Жаңа сабақты бекіту: 4)«Қиылыс сұрақтары»

1.Молдовада ауылшаруашылығына жарамды жер қанша? 75,4%

2.Жүзімдіктің ауданы бойынша нешінші орында? 13 орында

3.Жеміс-жидек өнімдері бойынша қаншасыншы орында? 3-орында

4. Етті-сүтті бағыттағы ірі қара саны? 202 мың бас.

5. Қой мен шошқа шаруашылығы қанша мың бас? 801 қой, 323,4 мың шошқа.

6. Негізгі дәнді-дақылдарын ата. Жүгері мен бидай.

7. Шарап жасаудан дүниежүзінде нешінші орында? 19-орын.

8. Дунай өзені қандай мемлекеттермен байланыстырады? Украина, Польша, Швейцария, Чехия, Словения, Хорватия.

9. Украина көмір өндіруден ТМД елдерінде нешінші орында? 2-орын Ресейден кейін.

10. Қара металлургия комбинаттарын ата. Донецк, Днепр, Азов.

11. Кен шахта жабдықтары қай қалаларда? Горловка, Донецк.

12. Көлік машиналарының түрлері? Тепловоз, электровоз, жүк вагоны, автомобиль.

13. Елдегі ірі-қара саны? 17,6 млн.

14. Украинаның орманды аудандары? 14,3 %

15. Ірі ағаш өңдеу орталықтары? Львов, Черновцы, Ивано-Франковск.

16. Украинаның басты порттары? Одесса, Херсон, Мариуполь.

17. Ірі әуежайы? Киев, Одесса, Симперополь, Львов.

18. Украина дүниежүзінің қанша елімен сауда –экономикалық байланысында? 160 елімен.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру. Екі мемлекетке салыстырмалы кесте құрау.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!