СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Монғол халқының аспаптары

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мангол халқының көнеден келе жатқан аспаптары туралы. 

Просмотр содержимого документа
«Монғол халқының аспаптары»

Бекітемін:

Уақыты: 13.12.2016

Сыныбы: 5 а

Пәні: Музыка

Мұғалімі: Жаманкулова Ж.С


Сабақтың тақырыбы: Монғол халқының көнеден жеткен моринхур аспабы 
Сабақтың мақсаты: Монғол халқының аспабымен таныстыру 7Оқушылардың есту қабілетін жан – жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену 
Сабақтың көрнекті құралдары: аспап
Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих 

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу. 
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Моңғолдар, моңғол тілдес халықтар; алтай тіл шоғырының моңғол тілінде сөйлейтін (Моңғолиядағы халха, ойраттар мен Қытайдағы баоань, дунсян, даур, барга, монгор, моңғолдар мен Ауғанстандағы моғолдар, Ресейдегі буряттар мен қалмақтар) халықтар тобының жалпы атауы. Моңғолдардың жалпы саны 7 млн-нан астам (2000). Олардың басым көпшілігі Қытайдағы Ішкі Моңғолияда (5 млн.), Моңғолияда (2 млн-нан аса) өмір сүреді. Моңғолдар үлкен моңғолоид нәсілінің орт. азиялық түріне жатады. Моңғолдардың көпшілігі будда дінінің ламаизм тармағын ұстанады. Протомоңғолдық этностардың қатарына ежелгі Қытай деректерінде келтірілетін түркі және тұңғыс-маньчжур тайпаларымен араласқан дун-ху, сяньби, хи және шивэй кіреді. “Моңғол” этнонимі 7 – 10 ғасырлардағы Қытай шежірелерінде мэн-гу, мэн-ва, мэн-гу-ли түрінде кездеседі. “Моңғол” этнонимінің пайда болуы жөнінде ғылымда бірнеше болжамдар бар. 13 ғасырда қазіргі Моңғолия мен Қытайдың солтүстік-шығысын мекендеген тайпалардың бір бөлігі Шыңғыс ханның басшылығымен көршілес тайпа одақтар мен мемлекеттік құрылымдарды (қидандарды, ұйғырларды, қыпшақтарды, таңғұттарды, меркіттерді, наймандарды, т.б.) бағындырып, біртұтас мемлекет құрды. 13 ғасырдың жартысында Шыңғыс хан империясы бөлінгенде көпшілік Моңғолдар Юань империясына қарады. 14 ғасырдың 2-жартысында Юань империясы тарап, Моңғолдар Қытайдан қуылды. 15 ғасырда моңғол тілдес халықтар батыс және шығыс топқа бөлініп кетті. Моңғолдардың шығыс тобы 16 ғасырда солтүстік және оңтүстік болып бөлінді. Солтүстік Моңғолдар 16 ғасырдан бастап “Халха” деп атала бастады (қазір олардың ұрпақтары Моңғол Республикасы халқының 90%-ын құрайды) Моңғолдардың қазіргі әдеби тілінің негізі халха тілі болып табылады. Оңтүстік Моңғолдар Қытайдың құрамында қалып қойды және қазір ҚХР-дағы ішкі Моңғолияда тұрады. Батыс Моңғолияда ойраттар 17 ғасырда Жоңғар хандығын құрды, олардың ұрпақтары Моңғолиядағы, Қытайдағы Моңғолдар мен қалмақтардың құрамына енді. Барлық Моңғолдардың материалдық және рухани мәдениеті ұқсас. Дәстүрлі кәсіптері – көшпелі мал шаруашылығы (жылқы, сиыр, қой, ешкі, қодас, түйе өсіру). Егіншілік қосалқы рөл атқарады. Ішкі Моңғолияда арпа, бидай, жүгері, тары, зығыр өсіреді. Қосымша кәсібі – аңшылық. Негізгі баспанасы – киіз үй. Ер адамдар мен әйел адамдардың дәстүрлі киімдері – қапсырма шапан. Мерекелік киімдер жібек матадан тігіліп, жеңсіз кеудешемен толығады. Бас киімдер пішіні мен жасалған материалдары бойынша әр түрлі әлеуметтік топтарда бір-бірінен ерекшеленеді. Аяқ-киімдері – қалың табанды етік (гутул). Дәстүрлі тағамдары – ет (негізінен қой еті, сиыр мен жылқы етін сирек жейді), әр түрлі сүт өнімдері [ірімшік, май, сүт, айран, қымыз, сүт арағы (архи), т.б.]. Құс етін, балық, жеміс-жидектер, жабайы өсімдіктердің кейбір түрлерін тамақтарына пайдаланады. Моңғолдардың ұлттық ойындары – ат жарыс, садақ ату, күрес. Моңғолдарға будда діні 12 ғасырдың соңы мен 13 ғасырдың бас кезінде ене бастады, ламаизмнің гелугпа сектасы 16 ғасырдың соңы – 17 ғасырдың бас кезінде ғана орнықты. Моңғолдарда ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлар жыры (моңғолдың “Гэсэр”, ойраттың “Джангар” дастандары, т.б.), саз өнері (көмеймен әндету, аспапты саз, дауысты созып ән салатын) сақталған.
Моринхур ол – Монғол халқының ұлттық киелі аспабы. Моринхур аспабы ағаштан жасалады. Көлемі төр бұрышты болып келеді, екі ішекті, жоғары жағы ертеде теріден жасалған. ХХ ғасырдан бастап түгелдей ағаштан жасалды. Аспаптың ұзынды 100 – 110 см. Қазақ халқының қобыз аспабына ұқсас, отырып ойналады. 

Үйрену: «Жаса, Қазақстан» 
Муыкалық сауат: Альтерация белгілері 

Мадақтау. 
Бағалау.
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау