СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Монтессори әдісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баланы дербестікке қалай үйретуге болады?  Бұл мәселе бүгінгі таңда ата-аналарды ғана емес, сонымен бірге мектепке дейінгі білім қызметкерлерін де толғандырып отыр. Балаларды ерте кезден бастап дамытудың жаңа әдістемелері пайда болып жатыр, алайда оның тиімділігі қандай? Сыналған және уақыт  сынынан өткен педагогикалық технологиялар бар ма? Бұл сұрақтарға жауаптарды өздерінің бөбектерін Монтессори жүйесі бойынша мектепке дейінгі тәрбиені машықтаушы балабақшаға берген ата-аналар алды. Бұл педагогикалық әдіс нені білдіреді?

Просмотр содержимого документа
«Монтессори әдісі»

МОНТЕССОРИ ӘДІСІ


Баланы дербестікке қалай үйретуге болады? Бұл мәселе бүгінгі таңда ата-аналарды ғана емес, сонымен бірге мектепке дейінгі білім қызметкерлерін де толғандырып отыр. Балаларды ерте кезден бастап дамытудың жаңа әдістемелері пайда болып жатыр, алайда оның тиімділігі қандай? Сыналған және уақыт сынынан өткен педагогикалық технологиялар бар ма? Бұл сұрақтарға жауаптарды өздерінің бөбектерін Монтессори жүйесі бойынша мектепке дейінгі тәрбиені машықтаушы балабақшаға берген ата-аналар алды. Бұл педагогикалық әдіс нені білдіреді?


Әдістің авторы жайында


Мария Монтессори – италиялық педагог-дәрігер. Ол балаларды тәрбиелеу идеясын жасап, өмірге енгізді. 1896 жылы Рим университетінің медициналық факультетін бітіргеннен кейін М. Монтессори Италиядағы әйелдерден шыққан бірінші медицина докторы болып табылды7 Университетт34 емханасында ақыл-ойы артта қалған балаларға бақылау жасауға тура келді. 1990 жылы Марияның өзі дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті. Оның кішкентай емделушілері нашар сөйлегендіктен, ол саусақтардың ұсақ моторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаны зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі. Сөйтіп, Мария өзінің бірегей дидактикалық құралдарын әзірлей бастады.

Бірқатар уақыт өткеннен кейін оның тәрбиеленушілері оқу, жазу және есептеуді кәдімгі мектептегі өздерінің құрдастарынан бұрын үйренді. 1909 жылдан бастап М. Монтессори жүйесі өмірге белсенді түрде енгізіле бастады. Түрлі елдердің педагогтары үшін курстар ашылды. 1910 жылы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған «Монтессори әдісі» атты кітап шықты. 1929 жылы Мария Монтессори қазіргі кезде де жұмыс істеп жатқан Халықаралық Монтессори Ассоциациясының (АМІ) негізін салды.

Италиядағы фашистік тәртіп кезеңіндеМарияның елден кетуіне тура келді. Ол Еуропаға 76 жасында қайтып келді. Көптеген еңбектерін шығарды, оқу курстарын жүргізді, психологиялық-антропологиялық еңбектер жазды. 1950 жылы оған Амстердам университетінің профессоры атағы, докторлық құрметті дәрежесі берілді. Сонымен қатар, Мария Гамбургтегі ЮНЕСКО педагогика институтын басқарды. Мария Монтессори 1952 жылы қайтыс болды.

Әдістің мәні

Мария Монтессори үшін бала - өзін-өзі дамытуға төтенше қарқынды уәждемесі бар біртұтас белсенді тұлға. Педагогтың басты міндеті – балалар үшін кездейсоқ заттар мен бөлшектер жоқ және әрбір элемент белгілі бір қызметті атқаруы тиіс белсенді дамушы орта құру. Негізгі заттар – жеңіл шағын үстелдер және едендегі жұмсақ кілемшелер, табиғи шикізаттан жасалған шартты бес аймақтағы: математикалық, тілдік, сенсорлық, практикалық және ғарыштық дамушы ортада немен, қашан және қалай айналасуын өз бетінше таңдау құқығын берді.

Монтессори жүйесінде балаларды жастарына қарай бөлу жоқ. Бір топта түрлі жастағы балалар «байырғыларға» қарап мінез-құлық ережелерін лезде игеріп алады. Ересек балалар кішілерге дидактикалық ойындарды қалай дұрыс ойнау керектігін көрсетеді, барлық жағынан көмектеседі. Бала өзінің қай аймаққа баратындығын өзі шешеді және өзінің әуестік табиғатына сене отырып, аталған сәтте өзіне қызығушылық тудырған материалдармен айналысады. Мария тәрбиешілерге балалардың қандай құралдармен неғұрлым беріле шұғылданатындығын тудырмаған құралдарды алып тастады.

Тәжірибе


Соңғы жылдары Монтессори-педагогикасы бойынша мектепке дейінгі мекемелер ашылуда. Қазіргі кезде Шымкентте құрылтайшылары К.С. Бекбосынова және Н.М. Жалайырова болып табылатын «Әйгерім» және «Бала би» мектепке дейінгі жекеменшік мекемелер жұмыс істеп жатыр.

«Әйгерім» бала бақшасы (130 орындық) 2001 жылы ашылды – ол кезде қалада мектепке дейінгі мекемелер өте тапшы болды. Үлгілі ғимаратта логопед, психологтың кабинеттері, медициналық кабинет, барлық топтарға арналған асхана бар. Топ 15-20 баладан аспайды. Оқыту тілі –қазақша-орысша. Балабақша ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Балбөбек» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді.

Балабақша директоры – жоғары санатты педагог Нағима Мақышқызы Жалайырова – қосымша құрылтайшылармен бірлесіп 2006 жылы 2,5-6 жасқа дейінгі балалар үшін жабдықталған, эксперименттік тәжірибелік Монтессори-сынып ашуға шешім қабылдады. Сыныптар бес негізгі аймаққа бөлінген: практикалық жұмыстар, математикалық, тілдік, сенсорлық дамыту және ғарыштық. Олардың әрқайсысына тиісті жабдықтар және тәрбиелік-білімдік маңыз бар. Педагогтарды осы әдіс бойынша оқытты. Балалар кесте бойынша күніне бірнеше сағат Монтессори сыныбында оқиды. Балабақшада да осындай сабақ жүргізіледі.

Жастары әр түрлі топта әрбір бала өзіне сүйікті істі таңдайды: біреулері математикалық аймақта арнайы математикалық құралдармен ойнайды, ал басқаларын практикалық аймақ қызықтырады. Мұнда қыздар сүйікті қуыршағының заттарын «жуа алады». Балалар бір-біріне көмектеседі. Бұл әдістің ерекшелігі әр түрлі жастағы балалардың бір-біріне өзара көмегі болып табылады. Педагогтың міндеті- «Алдың, жұмыс істедің, орнына қой» қағидасы бойынша қарапайым тәртіп орнату үшін жағдайлар жасау. Ол балаға 2-3 минуттық қысқаша сабақ беріп, тиісті нәтиже алу үшін заттармен қалай жұмыс істеу керектігін көрсетеді.

«Әйгерім» балабақшасына екі Монтессори- сынып болса, онда «Бала би» - бұл Оңтүстік Қазақстандағы толық Монтессори әдісімен жұмыс істейтін бірінші балабақша. Ол 2008 жылғы қараша айында ашылды. Мұнда барлық жағдайлар жасалған: бассейн, сауна, музыкалық-спорттық залдар, жекелеген емдік-сауықтыру кабинеттері, сондай-ақ логопед және психологтың кабинеті. Топтар 1,8 жастан 6 жасқа дейінгі 15 баладан тұрады.

Балабақша директоры Людмила Николаевна Новикованың мамандығы дәрігер, ал қабілеті бойынша – педагог. Осы әдістеме туралы ол ресейлік әріптестерінен білгеннен кейін өзінің туған Шымкент қаласында осындай балабақша ашуды арман етті. Оған бизнесмендер–құрылтайшылар қолдау көрсетті. Сөйтіп, қысқа мерзім ішінде ұжым жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ислам (3 жас) балабақшаға 2008 жылдың қараша айынан бастап барады. Балабақшаға алғаш келгенде оның қимыл-қозғалысы нашар дамыған, енжар болатын. Бүгінде ол һз бетімен аяқ киім бауларын байлайды, пластилиннен әріптер жапсырады, арнайы құралдарда математика және тіл бойынша күрделі емес тапсырмаларды орындайды. Бәрінен бұрын, оны ғарыш аймағы қызықтырады, онда ғаламшар, әлем елдерінің картасы және өзге де көптеген дамытушы заттар бар. Бала білімқұмар өз бетінше жұмыс істей алатын болды.

Аталған мектепке дейінгі мекемелердің Монтессори-педагогтары сабаққа дайындалу барысында түрлі жастағы (мысалы, 1,8 айдан 3 жасқа дейінгі балалардың топтары үшін) балаларға есептелген арнайы бағдарламаларды, «шеңбер» ішінде пайдалануға арналған жаттығулар жинағы және көптеген басқа да оқу және дидактикалық құралдарды пайдаланады. Аталған мазмұндағы «шеңбер» - бұл өзара қатынастың ерекше формасы, бұған сәлемдесу – балалардың бір-бірімен және сазды минуттар, ойды шоғырландыру және ұжымды қалыптастыруды дамыту бойынша қозғалыс ойындары жатады. «Шеңбер» сабағында «ғарыштық тәрбие» (Мария Монтессоридің термині) жүзеге асырылады – қоршаған әлем, маусымдық өзгерістер, әлеуметтік шындықтармен танысу, табиғат, жануарлар және өсімдік әлемі туралы ұғымдарды қалыптастыру.

Бұл мектепке дейінгі мекемелердің балалары танымдық қызметті дамыту үшін қала театры мен мұражайларына барады. Балабақшада арнайы көлік бар. Монтессори-педагогтар өздерінің педагогикалық біліктіліктерін үнемі арттырып тұрады, жақында Мәскеуден келген Л.Ю. Климованың және Новосибирскіден келген А.Т. Кузенбаеваның басшылығымен көшпелі курстар таңдалды.

Монтессори әдісі бойынша жұмысқа тартылғандардың барлығы оның кішкентай балаға арнайы лайықталғандығын, еркіндік және нақты құрылымы аралығындағы қисынды ара қатынасын атап өте отырып, бірегей әдіс деп атады. Балалар үшін олардың табиғи мұқтаждықтарына лайықты мұқият әзірленген дидактикалық материалдар ұсынылады. Монтессори тобына қатысатын баланың оқуға деген ішкі уәждемесі, жұмыста ықылас көрсету қабілеті, дербестік пайда болады, қауымдастықта қарым-қатынастың жақсы әдеттерін және ішкі тәртіпті меңгереді. Әдіс ерік-жігерді жаттықтырады, саналы тыңдау, ашық жоғары сезім, еңбексүйгіштік және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын қалыптастырады. Кәдімгі балабақшаларда пайдалануға болатын ойындар да бар.

2 жастағы балаларға арналған сабақ-жаттығулар


«Судан ұстап аламыз»

Табаққа су құйылады, оған бірнеше ұсақ заттар: тығындардың, бұтақтардың бөлшектері және т.с. тасталады. Бөбекке кішкентай електің көмегімен осы заттарды аулау және оларды табақтың оң жағындағы подноста тұрған тарелкаға салу ұсынылады. Бөбек електі оң жақ қолымен ұстауы тиіс.


«Шашпа да төкпе»

Құмыраға аз ғана жарманы төгіп, бөбекке құмыраны оң қолмен ұстау арқылы құмыраның сол жағында тұрған стақанға жарманы қайта құюды көрсетіңіз. (Барлық төгілген дәндерді бала қылшақпен күрекшеге жинауы тиіс). Егер ұқыпты жинап алатын болса, баланы мақтауды ұмытпаңыз. Бала құюды жақсы меңгергеннен кейін ғана, төгуді үйрету қажет. Төгуді бастау және аяқтауға көмектесіңіз – бұл ол үшін бәрінен қиын. Жұмсақ ысқышпен төгілген суды қалай жинау керектігін көрсетіңіз.


«Домалақ нан, шұжық және құймақшалар жасаймыз»

Бөбек пластилиннің жұмсартылған шағын тілігін беріңіз. Қуыршақтарға арналған мерекелік ас әзірлеуді ұсыныңыз. «Домалақ нанның», «шұжықтың», «құймақшалардың» қалай жасалатынын көрсетіңіз. Одан кейін осы «дайындамалардан» адамдар мен жануарлардың пішіндерін «құрастыруға» болады. Балаға көмектесе отырып, оның қиял еркіндігін шектемеңіз – оның орнына жасау пиғылын жеңіп шығыңыз.


«Аш және жап»

Ойын ойлап табыңыз: мысалы, бөбек дәрі-дәрмектері бар көптеген құтылары бар дәрігер немесе түрлі жармаларды құтыларға салып қойған үй бикесі болуы мүмкін. Баланың алдына қақпақтары жабылған бірнеше кішкене құтыларды қойыңыз (құтылар мөлшері мен пішіндері бойынша әр түрлі болуы тиіс). Барлық құтыларды ашуды, қақпақтарды дұрыс таңдап, содан кейін қайтадан жабуды ұсыныңыз. Егер қақпақтар бұралып жабылатын болса, онда баланың құтыны емес, қақпақты бұрауын бақылаңыз.

«Шалшық су болып еді – ол енді жоқ»

Бұл жаттығудың үлкен тәрбиелік маңызы бар: бала бірдемені төгіп алғаннан кейін, оны жинап ала алады. Бірінші, бөбекті жұмсақ ысқыш арқылы суды бірінші тарелкадан екінші тарелкаға құюды үйретіңіз. Подносқа екі тарелка қойыңыз: сол жағындағы аз ғана су бар, оң жақтағысы – бос. Жұмсақ ысқышпен суды сорып алып, екінші тарелкаға сығуды көрсетіңіз. Судың жұмсақ ысқышпен подносқа ағып кетпеуі тиіс екендігіне назар аударыңыз. Содан кейін подносқа аз ғана су құйып, оны жұмсақ ысқышпен қалай жинап алу керектігін көрсетіңіз.


«Сыпыр, бірақ шашпа!»

Бұл әдетті бала үстелді жинауға көмектесу арқылы күнде пайдалана алады. Ол ересектер сияқты өзінде де міндет бар екендігіне қуанады. Балаға қылшақты оң қолмен ұстап, үстелді сыпыруға, қоқыстың еденге төгілмеуі үшін күрекшені қалай қою керектігін көрсетіңіз. Күрекшенің шетіндегі ашық немесе күңгірт жиек , бұған көмектеседі: күрекшені үстелге тақап, оның жиегі көрінбейтіндей қою қажет – сонда еденге ешнәрсе шашылмайды.


«Қанеки, ұстап ал»

Подносқа екі: сол жағына – шұңғыл, ал оң жақта – шағын тарелка қойыңыз. Шұңғыл тарелкаға су құйыңыз және оған бірнеше ұсақ жүзіп жүретін заттар тастаңыз. Бөбекке оларды бір-бірден қасықпен алып шағын тарелкаға салуды ұсыныңыз. Баланың қасықты дұрыс ұстауын қадағалаңыз. Жаттығуды соңына дейін жеткізу: барлық заттарды шағын тарелкаға салу, ал төгілген суды жұмсақ ысқышпен жинап алу маңызды.


«Дәрі-дәрмек дайындаймыз»

Балалар бір нәрсені қасықпен араластырғанды жақсы көреді. Мысалы, шайдағы қант немесе тосап. Алайда, бұл әрқашан дұрыс бола бермейді: баланың қимылы шұғыл болады, қасық кесеге соғылады да шай төгіледі. Оның қолын қимылдата отырып көмектесіңіз. Балаға суда еріп, оны басқа түске бояйтын заттарды араластыру қызықты екендігін ескеріңіз. Баланың қасықты дұрыс ұстауын қадағалаңыз. Осы жаттығу арқылы көптеген ойындарды байланыстыруға болады: дәрілер, тамақтар және т.с. дайындау. Баланың қасықпен жұмыс істеуді жақсы игеру үшін бұл жаттығуды қасықпен төгуімен біріктіріңіз.


«Жолдар жасаймыз»

Балаға үстелде ені 3-5 см болатын жолға «құм» себуді ұсыныңыз. Оны бір затпен шектеп қойыңыз (мысалы, қағаз қиындылары). Ойнаңыз: жол сіріңкеден құралған бір үйшіктен екінші үйшікке баруы мүмкін. Құмды үш саусақпен себу керек (оларды «шөкімге» ұқсас жинап). Аулада ойнаған кезде екі таяқшаның аралығында жол жасауға, құмды «тортқа» «қант» себуге болады және т.с.