СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мотивация тудыру немесе ?ызы?ушылы?ты ояту" та?ырыбында м??алімдерге арнал?ан тренинг

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:"Мотивация тудыру немесе ?ызы?ушылы?ты ояту" 

Ма?саты: М??алімдерге  мотивацияны? ма?ыздылы?ы білім беру ?дерісінде  о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру, эмоционалды? психологиялы? т?р?ыдан ?олдау к?рсету ж?не жа?ымды ахуал орнату?а ы?пал ету туралы ма?л?мат беру,

?йымдастыру б?лімі:

С?леметсіздер ме,  б?гінгі тренинге  ?атысушылар! Астарлы айтар ойы болса, маржандай терер с?зі болса, сол к?нні? текке ?тпегені екен дейді дана халы?. Б?гін сол с?тті к?ндерді? бірін сіздермен бірге ?ткізгеніме ?уаныштымын!

"Мотивация тудыру немесе ?ызы?ушылы?ты ояту"   та?ырыбында ?ткелі т?р?ан тренингке сіздерді "Ж?лдыз, к?н, г?л"  тренингімен орта?а ша?ырамын.

Танысу б?лімі:

1. "?зім туралы кластер"

2. "Аудиторияда?ы заттар"

3. "?зі?е тілегенді бас?алар?а тіле"

Т?йін: ?рдайым есімдері?ізге  сай мінездері?ізбен с?йкімді болып ж?ре бері?іздер деген тілекпен жал?астырамыз!

Психологиялы? климат ??ру: Біз ?андай топпыз?

Просмотр содержимого документа
«"Мотивация тудыру немесе ?ызы?ушылы?ты ояту" та?ырыбында м??алімдерге арнал?ан тренинг»

Тақырыбы:"Мотивация тудыру немесе қызығушылықты ояту"

Мақсаты: Мұғалімдерге мотивацияның маңыздылығы білім беру үдерісінде оқушылардың қызығушылығын арттыру, эмоционалдық психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету және жағымды ахуал орнатуға ықпал ету туралы мағлұмат беру,

Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлеметсіздер ме, бүгінгі тренинге қатысушылар! Астарлы айтар ойы болса, маржандай терер сөзі болса, сол күннің текке өтпегені екен дейді дана халық. Бүгін сол сәтті күндердің бірін сіздермен бірге өткізгеніме қуаныштымын!

"Мотивация тудыру немесе қызығушылықты ояту" тақырыбында өткелі тұрған тренингке сіздерді "Жұлдыз, күн, гүл" тренингімен ортаға шақырамын.

Танысу бөлімі:

1. "Өзім туралы кластер"

2. "Аудиториядағы заттар"

3. "Өзіңе тілегенді басқаларға тіле"

Түйін: Әрдайым есімдеріңізге сай мінездеріңізбен сүйкімді болып жүре беріңіздер деген тілекпен жалғастырамыз!

Психологиялық климат құру: Біз қандай топпыз?


Аутотренинг жаттығу. «Сиқырлы орман»

Мақсаты: Өзі туралы ойын дамыту,коммуникациялық іскерлікті жетілдіру,сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру.

1.Жап-жасыл орман.Тап-таза ауа. Тек қана құстар ән салғанын ғана естіп тұрсыз. Сіз орманда қыдырып жүрсіз.Сіз жалғыз емессіз,кіммен қыдырып жүрсіз? – Қазіргі таңда өміріңізде маңызды орын алатын адам.

2.Орманда қыдырып жүріп бір жануарды көрдіңіз. Ол қандай аң? Үлкен бе,әлде кішкентай ма? –Аң сіздің проблемаңыз.

3.Одан қорқасыз ба,сүйсіне аласыз ба?- Сіздің аңға деген көзқарасыңыз.

4.Аңнан әрі қарай өттіңіз,алыстан бір үйді көріп тұрсыз.Ол үлкен үй ме,әлде шағын,кішкентай үй ме?- Үй деген арманыңыз.

5.Үй сырты шарбақпен қоршалған ба? –адамдармен қарым-қатынасыңыз.

6.Үйге кірдіңіз,ас үйде үстел үстінде тамақ бар ма, жоқ па? – тамақ болса – бақыттысыз, тамақ болмаса-қазіргі таңда өзіңізге көңіліңіздің толмай жүргені.

7.Үйдің артқы есігі бар екен. Сыртқа шықтыңыз. Қапталыңызда шөп үстінде бір ыдыс жатыр. Ол қандай ыдыс және не үшін пайдаланасыз?- ыдыс сіздің маңызды адамыңызбен қарым-қатынасыңыз.

Енді орманнан қайтамыз.

Сабақтарда жағымды психологиялық климаттың, сенім атмосферасының алатын орны аса маңызды. Жағымды психологиялық климат құру - әр сабақтың және жалпылама алғанда бүкіл білім игеру процесінің басты мақсаты. Үйренушілер әр сабақта жағымды атмосфераны орнатуға ұмтылу - жақсылық пен ізгілік нышаны деп түсінгені абзал.

Жағымды психологиялық климат құруда сабақ басында (қажет болған жағдайда сабақ ортасында) үйренушілердің көңілін көтеру үшін және олардың назарын сабаққа аудару мен жұмысқа ынталандыру мақсатында ойсергектер (немесе кейде ойашар деп те аталады) қолданған тиімді. Ойсергектер үйренушілерді еркін сезіндіріп, оларды секемдік пен сенімсіздіктен арылтудың тиімді амалдары болып табылады

Ойашар: мултипликациялық фильм: "Мотивация ".

Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым Авраам Маслоу болды (1968). Маслоу пікрінше қойылған қажеттіліктерді орналастырып көрейік. Маслоу төмен деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда ғана келесі деңгейге көшуге болады деп сендірген, себебі төмендегі деңгейде ынта анағұрлым күшті болады. Оның кейбір оппоненттері бұл иерархиямен келіспейді, олар адамдар кейбір баспалдақтарды орындамай-ақ, өз ойын іске асыра алады дегенді алға тартады. Соған қарамастан Маслоу деңгейлерді төмендегідей етіп орналастырып, пайдалы талдау құралын жасап шығарды: 1-деңгей: Аштық, шөлдеу, жыныстық құмарлық, ұйқы, демалу және физикалық тәуелсіздік сияқты физиологиялық қажеттіліктер келесі деңгейге ауыспай тұрып қанағаттандырылуы керек. 2-деңгей: Қауіпсіздікке деген қажеттілік болашағы болжанған және бірізділікке негізделген өмір болуын көздейді. Егер де олар қанағаттандырылмаса, адамдар өз әлемін қорғап, жоғары деңгейлі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бар күшін жұмсайды. Ал қанағаттандырылса, адамдар үшінші деңгейге ауыса алады. 3-деңгей: Махаббатқа деген қажеттілік және біреуге қажет екеніңді сезіну адамдарды жылулық және жолдастық қарым-қатынастарға жетелейді.22 мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher 4-деңгей: Құрмет көрсетілуін қажетсіну жігер-күшке, жетістіктер мен шеберлік, құзыреттілікке ие болу ниетіне жол ашады. Бұған сенім, тәуелсіздік, абырой және мәртебені де жатқызуға болады. 5-деңгей: Өзін өзі таныта білу – дарын, қабілеті мен әлеуетін толық көрсете білу.


Үйренушінің оқуға/үйренуге деген ықылас-ынтасы, ниеті мен зауқы болмаса, оқу нәтижесінің мардымды болуы екіталай. Француз жазушысы Анатоль Франс кезінде «Тамақ тек зор тәбетпен ішкенде ғана сіңеді» деген екен. Оқу мотивациясы дегеніміз дәп осы сияқты білімге, білуге деген «тәбет».

Мотивация - әр үйренушінің білімге деген қажеттілігі мен мұқтаждығы, құлшынысы мен ұмтылысы, ынтасы мен көңілі, қызығушылығы мен құмартушылығы, оның білім процесінде алдына қойған мақсаттары мен мүдделері.

Қызығушылықты ояту арқылы үйренушілерді келесідей әрекеттерге баулуға болады:

1. Үйренушілер өздерінің бұрынғы жеке білімін айқындайды.

Бұл үшін үйренушілер қарастырылатын тақырыпты жеке тәжірибесі тұрғысынан ой елегінен өткізіп, ол бойынша не білетіндігін естеріне түсіреді, оларды талдайды. Бұл әрекет оларды белсенді жұмысқа ынталандырады және өздерінің бұрынырақ алған білімдеріне баға беруге шақырады, өйткені мұнда әр үйренуші «Мен осы тақырып бойынша не білемін? Менің білетінім қандай дәрежеде екен? Менің есімде нендей білім жатталып қалды екен? Ол маған қалайша қажет болып еді?» сияқты сұрақтарға жауап береді. Осы арқылы оқушы бұрынғы білімін жаңа біліммен салыстырып, байланыстырады. Осы әрекеттер арқылы ол жаңа білімді игеруге ынталанады, онда қызығушылық пайда болады

2. Үйренушілер талқыланатын тақырыпты кең ауқымды контексте қарастырады.

Білім игеру процесінің басты мақсаты – бірінші кезекте тұлға (адам) мен азамат қалыптастыру екендігін ұмытпау қажет. Сол себепті де қандай да болмасын тақырып пен мазмұн тек сабақ (немесе пән) аумағында қарастырылмай (тар контекст), жалпы мәселелер (рухани, әлеуметтік, саяси, идеологиялық, экономикалық, этикалық, кәсіби, т.б.) аумағында талқылануы шарт. Кең контекст оқушылардың ой-өрісін дамытумен қатар, олардың дүниетанымы мен көзқарастарын да кеңейтеді

3. Үйренушілер белсенді болады.

Білім игеру процесі – белсенді процесс Әдетте сабақта студент көбіне-көп екі жұмыс атқарады, олар – тыңдау мен жазу (көшіру). Ал белсенді әрекеттер дегеніміз өздігімен түсіну, таңдау, талдау, шешім қабылдау, жаңа мазмұн құрастыру, өз біліміңді бағалауға негізделген ойлану, талқылау, өз пікіріңді қалыптастыру, оны дәлелдей және қорғай білу, пікір алмасу мен таластыру, өзгенің пікірін тыңдап, оны қабылдау, өз пікіріңді жазу секілді жеке және бірлескен жұмыс түрлері. Осындай белсенді әрекеттер тұлғаны жан-жақты дамыта түсіп, оның білім игерудегі көкжиектерін кеңейтеді.

4. Үйренушілер ізденіс, зерттеу және талдауға негізделген шығармашылық жұмыстарға жұмылады.

Әрбір адамда жаңа нәрсеге деген құлшыныс болады: біз жаратылысымыздан таныс емес жәйттерге әуеспіз, соларға қызығушылық танытамыз. Тіпті кішкене нәрестелер де жаңа ойыншықты көргенде, біраз уақытын оны зерттеуге (жан-жағынан мұқият қарап, қолымен ұстап дегендей) жұмсайды.

Адамның осы қасиетін оқушы аудиториясында ұтымды қолданған абзал.


5. Үйренушілер алдағы тақырып бойынша қажеттіліктерін айқындайды.

Өз мүдделері мен қажеттіліктерін айқындауы («Не білгім келеді?») әр оқушыға өзінің сабақ процесіне тікелей қатысы бар екендігін сезіндіреді. Сол арқылы оқушы өзін сабақтың тыс бақылаушысы емей, оның белсенді қатысушысы ретінде таниды. Өз кезегінде бұл жәйт оның белсенділігін арттырып, сабақ тақырыбына деген ынтасын жоғарылатады.

6. Үйренушілер прагматикалық тұрғыдан ой толғауға және талқылауға жұмылады.

Әр сабақтың қандай да болмасын маңызы (жалпы дамытушылық, рухани, философиялық, әлеуметтік, кәсіби, тұрмыстық, т.с.с.) оқушы назарынан тыс қалмауы орынды.Оқушы өзіне прагматикалық сипаттағы сұрақтар қойып («Бұл тақырып маған тұлғалық, кәсіби даму тұрғысынан не береді? Оның маған келтірер пайдасы қандай болмақ?»), оларға жауап беру үшін ізденуі оның сабақ тақырыбына деген қызығушылығы мен ынтасын арттырады.


Қызығушылықты тудырудың кейбір тәсілдері

1. Қызықты бір оқиғаны сипаттап беріңіз.

2. Қандай да бір талқыланған мәселе бойынша үйренушілердің пікірін білу үшін олардың қол көтеріп, дауыс беруін (жақтап немесе қарсы шығып) сұраңыз.

3. Сұрақ қойыңыз.

4. Уәде беріңіз.

5. Үйренушілерді күлдіріңіз.

6. Даулы немесе басқалардың көзқарасына қарама-қарсы пікір айтыңыз.

7. Әдеттен тыс мәліметтер келтіріңіз.

8. Көрнекіліктер мен үлестірмелі материалдарды қолданыңыз.

Бұған тағы да екі тәсілді қосуға болады (А.Ә.):

9. Өз өміріңізден немесе кәсіби тәжірибеңізден мысалдар келтіріңіз.

10.Оқушылардың шешімін қажет ететін проблемалық ситуацияны суреттеңіз.

Қызығушылық келесі әрекеттерден бәсеңдейді

  1. Оқытушы өзін үйренушілерден тысқары ұстаса.

  2. Оқытушы үйренушілерді бәлсенді (пассив) тыңдаушылар қатарында ұстап, оларды сол күйде қалдырса.

  3. Оқытушы өз ұсыныстарының (идеяларының) үйренушілер үшін міндетті түрде қажетті болады деген ойы мен пікірі.

  4. Оқытушының үйренушілерге сын айтуы, олардың кемшіліктерін бетіне басуы.

  5. Оқушылар оқытушының қойған сұрақтарына жауап бере алмай, өздерін дым білмес ретінде сезінуі.

Лирикалық шегініс

Түсінік

«Бостандығынан айрылып, зынданға түскен екі адам бір мезгілде бастарын көтеріп жоғары қарады. Біреуі зынданның аузын жапқан тордың білеудей темірлерін көрсе, екіншісі торлы темірдің арасынан аспандағы жұлдыздарды көрді».

Оқу процесінде сәттілікке ниеттелу керек және оқушыларға соңғы нәтиженің ойдағыдай болатындығына сенім қалыптастыру қажет. Мәселен, қате жасағанда оған налымай, оны жібергені үшін үйренушіні жазаламай (төменгі баға қою, ескерту жасау, сөгу, т.б.), қатенің үйренуде алатын маңызды рөліне назар аударған жөн. Шындығына келсек, ешнәрсе жасамаған адам ғана қателеспейді, қате жасамай біз үйрене алмаймыз

Мұнда басты мәселе әр үйренушінің жеке «Мен»-імен байланысты, яғни мотивация үйренушінің білімге деген қатынасымен тікелей байланысты болып, оқу процесінде шәкірттің үйрену әрекеттерімен айқындалады.

"Гербтер мен символдар"әдісі

«Әрбір ұстаз – білікті маман, ал әрбір оқушы – ойшыл тұлға» деген қағидаларды ұстана отырып, осы тренингте келтірілген мәліметтерді әрбір ұстаз өз қажеттіліктеріне икемдеп, бейімдеп, өз мақсаттарына сәйкес өзгертеді, тереңдетеді, дамытады деген үмітін білдіремін. Қатысқандарыңызға рахмет!


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!