СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

MS Excel-де қаржылық функциялар

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ қаржы  мамандықтарға арналған

Просмотр содержимого документа
«MS Excel-де қаржылық функциялар»

Пәннің аты Экономикалық информатика және ақпараттық технология

Оқу тобы: Ф-9-16 Күні: 07.12.2017ж

Сабақ тақырыбы: MS Excel –де қаржылық функциялар

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: дәстүрлі

Сабақтың формасы: ұжымдық, жеке

Сабақтың мақсаты

Білімділік студентерге қаржылық функцияларды қолдануды және есеп шығаруды үйрету.

Тәрбиелік: студенттерді ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Студенттерді шығармашылық және ойлау қабілеттерін арттыру, дамыту. 

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, жазбаша, есептер шығару

Сабақты жабдықтау оқытудың техникалық құралдары, слайд, интерактивті тақта, компьютер, таратылатын материалдар: компьютерде орындалатын тапсырмалар (тақырып бойынша)

Пәнаралық байланыс: Математика, экономика, информатика

Сабақты жүргізу кезеңдері

І. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

  • Сабақты өткізуге оқытушының психологиялық даярлығы

  • Сәлемдесу

  • Түгендеу

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (топтағы әр студентпен қарым-қатынасқа түсе алу деңгейі) 15 мин

Интерактивті тақтадан «Ойлан тап», «Білім шыңы пирамидасы» сұрақтарына жауап беру


«Ойлан тап» сұрақтары

  1. Excel-де кез-келген формула қандай таңбадан басталады?

  2. Мәтінді, санды, датаны бір ұяшыққа жинау?

  3. Төмендегі функциялардың қайсысы логикалық?

  4. Excel-де бағандар саны?

  5. Қандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылатын функция

  6. А1 ұяшығында 5 саны, B1 ұяшығында =А1*2 формуласы, С1 ұяшығында =А1+В1 формуласы жазылған. С1 ұяшығындағы мән нешеге тең болады?

  7. В2-ден В8 -ге дейін диапазонда жатқан ұяшықтардың мәндерін қосу формуласы қандай болады?

«Білім шыңы пирамидасы» сұрақтары

  1. Сыбайлас ұяшықтардан тұратын төртбұрыш аудан

  2. Excel-де қанша жол, қанша баған болады?

  3. Диаграмма дегенді қалай түсінесің?

  4. ####- мына символдар қандай жағдайда шығады?

  5. $ белгісі қай кезде қойылады?

  6. =СУММ(А5:А9)формуласы нені есептейді

  7. =СРЗНАЧ(G4:G6) формуласы нені есептейді?

  8. =ТЕКСТ функциясының қызметі

  9. Формула жолы нені көрсетеді

  10. Ұяшықтар диапазоны дегініміз не?

  11. Процентный форматын қойғанда, сан қалай өзгереді?

  12. Диаграмманың қандай түрлерін білесің?

ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау (түсіндірудің жүйелілігі, түсініктілігі, пәнаралық байланысы, оқытушының өзіне – өзі сенімділігі) 30 мин

Қаржы функциялары кәсiпорынның қаржылық - тұрмыстық қызметiн жоспарлау және талдауында , сонымен қатар құрал инвестицияларын салуға қатысты есептердiң шешiмiнде қолданылады. Қаржы функцияларының ішінде үш улкен тобын шығаруға болады. Олар бағалы қағаздардан амортизациялық төлемдер, рента төлемдерi және бағалы қағаздардан  табыстарды есептеу үшiн қолданылатын функциялар. Соның қаржы ренталармен жұмыс істеуіне арналған фунцияларының қызметін қарастырайық.

Қаржы қызметiнде кейде бiрiнен соң бiрi ақша төлемдері орындалады – ақша төлемдерінің тасқыны. Мысалы жыл сайынғы облигациялар бойынша пайыз төлеулері, сақтандандыру қорды құрастыру үшін банкке үнемі үлестер жасау,  тұтынушы қарызы бойынша ай сайынғы төлемдер, қайырымдылық қорынан ай сайынғы стипендияның алу және сол сияқты төмеддер. Осындай төлемдер арқылы айналымдағы ақшаға пайыз қосылады.Төлем тасқының қарастыру кезінде екi негiзгi есебі туу мүмкiн: төлем тасқынынан өсу денгейiн табу, немесе керiсiнше өсу тасқыннан жеке төлем шамасын табу. Жеке ақы төлем  тасқынына - қаржы ренталары - ұқсас есептердiң шешiмiнiң математикалық әдiстерi жасалған.

Электрондық кестеде бұл көрсеткіштерді есептеу үшін кiрiстiрiлген функциялар бар. Бұл функциялар Excel-гі талдау дестесінде мазмұндалады. Қаржы функциялары  бекiтiлген жиынынан бiрдей аргументтеріне ие болады.

  Ms Excel –де функцияларды қолдану үшін келесі командарының бірін орындау керек:

-   Вставка – Функция – Категория бөлімінде Финансовые категориясын таңдау – Выберите функцию бөлімінде тізімнен керекті функцияны таңдау

немесе

-  Құралдар тақтасында  белгісін таңдау арқылы функцилар сұхбаттық терезесін экран бетіне шығару - Категория бөлімінде Финансовые категориясын таңдау – Выберите функцию бөлімінде тізімнен керекті функцияны таңдау

Аргументтерге сәйкес электрондық кестеде пайдаланатын функцияларды қарастырайық.

   Еxcel кестелік процессорында ПЛТ, ПРПЛТ, ОСПЛТ қаржылық функцияларын қолдану арқылы,кезеңдегі несие төлемдерін, негізгі төлемдер мен проценттік төлемдерді есептеуге болады.

Кезеңдегі жалпы төлемдерді есептеу үшін ПЛТ функциясы қолданылады. Оның аргументтері:

Ставка – кезеңдегі проценттік ставка.

КПЕР – төлемдерді төлеу мерзімінің жалпы саны.

ПС – ағымдық мерзімдегі несиенің жалпы сомасы.

БС – соңғы төлемнен кейінгі болашақта болуы мүмкін құн немесе қолма-қол баланс. Егер БС аргументі жоқ болса, оны 0 деп есептейді.

ТИП – 0 немесе 1 сандары төлемінің сәйкес мерзімінің басында немесе соңында төленетінін көрсетеді. Егер 0 болса, онда төлем кезеңнің соңында, ал 1 болса, кезеңнің басында төленеді.

Әр кезеңдегі негізгі төлемдер мен процент бойынша төлемдерді есептеу үшін ОСПЛТ және ПРПЛТ функцияларын қолданамыз. Бұл функциялардың да, тек төлем кезеңін көрсететін «Период» аргументінен басқа барлық аргуметтері ПЛТ функциясының аргументтерімен бірдей.

Бұл функцияларды қолдану барысында мыналарды есте ұстау қажет:

- Егер төлем ай сайын төленетін болса, онда жылдық процент ставкасын 12-ге бөлу керек;

- ПЛТ функциясымен есептелетін төлемдер негізгі төлемдер мен процент бойынша төлемдерді қамтиды, бірақ кейде қарызбен байланысты болатын салықтарды, резервтік төлемдерді немесе комиссияларды қоспайды.

1-есеп Займ бойынша ай сайын төленетін төлемдерді есептеу мысалын қарастырайық. Есептеуде ПЛТ функциясы қолданылады.

Шешуі:

а) Қолданушыға түсінікті болатындай берілгендері жазылған есептеу бетін 1 суреттегідей құрамыз:

1-сурет – Берілгендер кестесі

Мұнда В5 ұяшығындағы мəндер төмендегі формуламен есептелінеді:

=ПЛТ($B$4/12;$B$3*12;$B$2)

2-есеп 10000 доллар көлемінде 5 жылға, жылдық 17%-тік ставкамен алынған қарыз бойынша жылдық төлем шамасын есептеу.

В3:В5 ұяшықтары аралығына алғашқы мәліметтерді енгіземіз. В6 ұяшығына жылдық төлем шамасын есептеу үшін ПЛТ функциясын қолданамыз, аргументтерін келесі түрде енгіземіз: =ПЛТ($B$3;$B$4;-$B$5)

Жалпы төлем сомасы: =B6*B4

Әр кезеңде төленетін процент бойынша төлемдер мен негізгі төлемдерді анықтау үшін келесі формулаларды енгіземіз:

D10 ұяшығына =ПРПЛТ($B$3;C10;$B$4;-$B$5) енгізіп, курсорды төменгі оң жақ бұрышқа орналастырып, соңғы кезеңге дейін тышқанның сол жақ батырмасын басулы ұстап тартамыз.

Е10 ұяшығына =ОСПЛТ($B$3;C10;$B$4;-$B$5) енгізіп, курсорды төменгі оң жақ бұрышқа орналастырып, соңғы кезеңге дейін тышқанның сол жақ батырмасын басулы ұстап тартамыз. Нәтижесінде әр кезеңдегі процент бойынша төлемдер мен негізгі төлемдердің шамасы анықталады

2-сурет

3-есеп. 1 000 000 000 көлемінде ссуда 5 жылға, 12 % жылдық ставкамен берілген. Төртінші жыл үшін негізгі төлем шамасын анықтау керек.

Шешімі: ОСПЛТ(ставка; период; кпер; пс; бс) функциясын қолданамыз.

Біздің есебімізде функция түрі: ОСПЛТ(12 %; 4;5;1000000000)

Есептеу терезесі 3 суретте көрсетілген:


3-сурет – Займ бойынша негізгі төлемдерді есептеу

Мұнда В8 ұяшығына мына формула енгізіледі:

= ОСПЛТ(B5;B6;B4;B3)

ІV.Сергіту сәті. Құпия сөздің сырын ашайық

К

Ұ

Я

Ш

Д

И

І

Т

А

Ы

Қ

А

Ф

О

П

Л

А

Г

Б

Р

М

У

А

Р

Е

Т

Т

Е

М

А

К

Е

С

А

М

Т


К

Ұ

Я

Ш

Д

И

І

Т

А

Ы

Қ

А

Ф

О

П

Л

А

Г

Б

Р

М

У

А

Р

Е

Т

Т

Е

М

А

К

Е

С

А

М

Т



V. Өзіндік жұмыстапсырмалары (15 мин)

1-тапсырма 1-есеп бойынша ай сайынғы толемдерді 3,9,12,15,18,21,24,27,30 пайыздармен есептеу


2-тапсырма. 5 млн көлемінде ссуда 8 жылға, 13% жылдық ставкамен берілген. Алтыншы жыл үшін негізгі толем шамасын анықтау керек ПЛТ функциясын қолданыңыз.ОСПЛТ функциясын қолданыңыз

3-тапсырма. Несие мөлшері 1000000. 17% -дық жылдық ставкамен 10 жылға берілген. Жылдық төлемді және процент бойынша төлемді есепте. ПРПЛТ, ОСПЛТ функцияларын қолданыңыз

Тапсырмаларды шығару, оқушылардың өзіндік жұмысын тексеру


VI. Жаңа тақырыпты бекіту (Қорытындылау, бекіту сұрақтарының мақсаттылығы, сөйлеу мәнері, мәдениеті, қимыл – қозғалысы)

15 мин Интерактивті тақтадан MyTest программасымен жасалған тест сұрақтары бойынша жаңа сабақты бекіту.

  1. ПЛТ функциясының параметрлері

  2. Төмендегі батырмаларды реті бойынша сәйкестендір

  3. Дұрысын белгілеңіз. Қаржылық ПЛТ функцияда "Ставка" параметірі нені білдіреді?

  4. Төмендегі сөзді дұрыс орналастыр қандай сөз шығу керек

  1. Қаржылық функцияларда төлемдерді төлеу мерзімінің жалпы саны қай жерге енгізіледі суреттен көрсетіңіз

  2. Несие төлемдерін, негізгі төлемдер мен проценттік төлемдерді есептеуге арналған қаржылық функцияларды жаз

  3. Қаржылық функцияларды ұяшықтың үстінен тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы іске қосамыз

  4. Ипотекалық ссуданы есептеуде 20 жылда қанша ай бар?

  5. Ағымдық мерзімдегі несиенің жалпы сомасын қай параметрге енгіземіз

  6. Егер төлем ай сайын төленетін болса, онда жылдық процент ставкасын 12 ге бөлу керек






Топтастыру стратегиясы

VII Оқушыларды бағалау(2мин)

VIII.Үй тапсырмасы (1мин)

Ахметов .А., Ахметов Д. Қаржылы математика MS EXCEL-де, «Бастау» Алматы 2010, Қаржылық функциялар, есептер шығару

1. Қаржылық функциялар

2. Параметрлік есептерді шығару










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!