Зертханалық-тәжірибелік жұмыс №14
Тақырыбы: Мәліметтерді сұрыптау және фильтрлеу.
Мақсаты: Оқушыларды MS Excel кестелерді құру жолдарымен таныстыру. Құжаттың бөліктерін көшіру, орын ауыстыру, автотолтыруды қолдану, кесте элементтерін қосу және өшіру, беттермен жұмыс істеу тәсілдерін үйрету.
1 жаттығу. Кестені үлгі бойынша толтырыңыз:
1 тапсырма. Есептеуді орындаңыз.
Барлығы бағанын есептеу үшін, бір адамға есептелген барлық соманы белгілеп (В5:Н5) Автосумма батырмасын таңдау керек.
Берілетін сома = Барлығы – аванс – мүлікті бүлдіргені үшін.
Барлығы төленетін сома: Автосумма функциясын L5:L14 ұяшықтар ауқымына қолдану.
Бір айдағы орташа жалақы: СРЗНАЧ функциясын L5:L14 ұяшықтар ауқымына қолдану.
Бір айдағы ең көп жалақы: Максимум функциясын L5:L14 ұяшықтар ауқымына қолдану.
Бір айдағы ең аз жалақы: Минимум функциясын L5:L14 ұяшықтар ауқымына қолдану.
2 тапсырма. Мәліметтерді сұрыптау.
Т.А.Ә. бағаны бойынша мәліметтерді сұрыптаңыз, ол үшін:
1. Т.А.Ә. бағанының кез келген ұяшығын белгілеңіз;
2. Главная – Сортировка и фильтр командасын орындаңыз;
3. Сортировка от А до Я батырмасын таңдаңыз.
3 тапсырма. Мәліметтерді іріктеу.
20 000 көп жалақы алған адамдарды таңдаңыз, ол үшін:
Берілетін сома бағанының кез келген ұяшығын белгілеңіз;
Главная – Сортировка и фильтр командасын орындап, Фильтр жолын таңдаңыз;
Берілетін сома бағанындағы іріктеу тізімін ашыңыз;
Числовые фильтры жолын таңдаңыз;
Больше критериін таңдыңыз;
Мәнін 20 000 деп енгізіп, ОК батырмасын шертіңіз.
Фильтрді алып тастаңыз (Сортировка и фильтр – Фильтр).
4 тапсырма: Мәліметті баспаға шығаруға дайындау.
Т.А.Ә. және Берілетін сомадан басқа бағандарды жасырып қойыңыз, ол үшін:
1. В бағанының атауында контекстік менюді шақырып, Скрыть командасын таңдаңыз.
5 тапсырма. А4:L14 ұяшықтар ауқымын белгілеп, «Жалақы» атауы бар Гистограмма тұрғызыңыз.
2 жаттығу. Кестені үлгі бойынша толтырыңыз:
Қазан айының ауа райы
Күні | Бұлттылығы | Жауын-шашын | Желдің бағыты | Желдің жылдамдығы, м/с | Температура, град. |
1 | Ашық | Жауын-шашынсыз | Оңтүстік-шығыс | 3 | 15 |
2 | Құбылмалы, бұлт | Жауын-шашынсыз | Оңтүстік-шығыс | 5 | 12 |
3 | Құбылмалы, бұлт | Жаңбырлы | Оңтүстік-шығыс | 8 | 11 |
4 | Бұлтты | Жаңбырлы | Солтүстік-батыс | 8 | 13 |
5 | Ашық | Жауын-шашынсыз | Солтүстік-батыс | 0 | 9 |
6 | Құбылмалы, бұлт | Жаңбырлы | Солтүстік-батыс | 6 | 7 |
7 | Бұлтты | Жаңбырлы | Солтүстік-батыс | 11 | 14 |
8 | Құбылмалы, бұлт | Жауын-шашынсыз | Оңтүстік-шығыс | 9 | 10 |
9 | Бұлтты | Қарлы-жаңбыр | Солтүстік-батыс | 13 | 8 |
10 | Бұлтты | Қарлы-жаңбыр | Солтүстік-батыс | 9 | 6 |
11 | Бұлтты | Жаңбырлы | Солтүстік-батыс | 8 | 12 |
12 | Бұлтты | Жаңбырлы | Оңтүстік-батыс | 7 | 11 |
13 | Құбылмалы, бұлт | Жауын-шашынсыз | Оңтүстік-шығыс | 10 | 18 |
14 | Құбылмалы, бұлт | Жауын-шашынсыз | Солтүстік-батыс | 6 | 9 |
15 | Ашық | Жауын-шашынсыз | Солтүстік-батыс | 8 | 6 |
16 | Құбылмалы, бұлт | Жаңбырлы | Оңтүстік-батыс | 8 | 8 |
17 | Бұлтты | Жаңбырлы | Оңтүстік-батыс | 8 | 12 |
18 | Бұлтты | Қарлы-жаңбыр | Оңтүстік-батыс | 7 | -3 |
19 | Бұлтты | Жаңбырлы | Солтүстік-батыс | 6 | 9 |
20 | Құбылмалы, бұлт | Жауын-шашынсыз | Солтүстік-батыс | 5 | 5 |
21 | Бұлтты | Жаңбырлы | Оңтүстік-шығыс | 3 | 4 |
22 | Бұлтты | Жаңбырлы | Солтүстік-батыс | 2 | 4 |
23 | Бұлтты | Қарлы-жаңбыр | Солтүстік-батыс | 8 | 3 |
24 | Құбылмалы, бұлт | Қарлы-жаңбыр | Оңтүстік-батыс | 7 | 2 |
25 | Бұлтты | Қарлы-жаңбыр | Оңтүстік-батыс | 1 | 4 |
26 | Бұлтты | Қарлы-жаңбыр | Оңтүстік-батыс | 9 | 8 |
27 | Құбылмалы, бұлт | Қарлы | Солтүстік-батыс | 6 | 9 |
28 | Құбылмалы, бұлт | Қарлы-жаңбыр | Солтүстік-батыс | 8 | 12 |
29 | Бұлтты | Жауын-шашынсыз | Солтүстік-батыс | 3 | -5 |
30 | Құбылмалы, бұлт | Қарлы | Оңтүстік-батыс | 1 | -2 |
Данные – Фильтр көмегімен келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
15 қазанда Желдің бағыты қандай болды?
Температура 15° төмен күндерде Жауын-шашын қандай болды?
Неше рет Температура 6° төмен болды?
Неше рет ауаның температурасы көтерілді және төмендеді?
Жауын-шашын күндерінің қай түрлері көбірек болды, қайсысы азырақ?
Желдің қай бағыты көбірек болды, қайсысы азырақ?
Жауын-шашын күндерін сұрыптаңыз.
Оқытушы: Курманбаева М.Е.