«Қарабұлақ орта мектеб» мемлекеттік мекемесі
Баяндама
Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті мен беделі
Смагулова М.М
Мұғалім – мектептің жүрегі. Жүрек қан арқылы тамырларға тіршілік беріп, жан бітіріп тұратын болса, мұғалімсіз ешқандай оқулық, кітап, әдістемелік құралдарға жан бітпейді. Мұғалімдер «адам жанының жүрегі» деп те бекер айтпаса керек. Сондықтан ең алдымен мұғалімнің жеке тұлғасы және кәсіптік мәдениетіне айырықша көңіл аудару қажет.
Кез-келген мамандық иесінің адамгершілік қасиеттері мен кәсіби құзырлылықтарына баға бергенде «Мұғалімі кім болған екен? Ана кісінің шәкірті ғой» деп жатамыз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халық даналығында да осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алатын орны ерекше екенін аңғаруға болады.
Кешегі балғын бөбектен «Адам» деген жаратылысты тәрбилеп шығарудан абыройлы іс жок шығар. Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, шығармашылығ мол, еңбекшіл, парасатты азаматы болуы керек. Өйткені, баланы өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие бола алады. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана болып қоймай, тарихи танымы мол, саяси-экономикалық және педагогикалық-психологиялық сауатты болуы тиіс. Сонымен бірге балаға ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, сана-сезімдік дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам болуы шарт.
Білім беру-тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі заңды нәрсе. Бұл үрдістегі басты тұлға-мұғалім. Ұлы ғұламасыз А.Байтұрсынұлы XX ғасырдың басында: «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика мен методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім деген екен». Өткен ғасырдың басында айтылған бұл сөз бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Олай дейтініміз, өз білімін көтеріп, өз бетінше жетілдіріп отырмаса, тынбай ізденбесе, мұғалімнің мұғалімдігі де жойылады.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда тек күнделікті күн көріс пен ақша үшін жүретін ұзтаздар да арамызда жоқ емес. Сондықтан да қоғамға титтей де бір пайда келтірмесек, пәлен жыл мұғалім болдым дегеннен не пайда деп ойлаймын. Осы орайда атақты педагог В.Сухомлинскийдің «Оқытушы жұмысының жемісті болуы-балаға жүрек жылуын ұсына отырып, оқыту мәселесін бірінші орынға қойғаны» деген сөзінің ұстаз еңбегінде орындалуы шарт.
Мұғалім беделі, жеке басының қасиеттері мектеп ісінде, жас ұрпақ тәрбиесінде айрықша орын алады. Мұғалімнің беделінің артуына алдымен әр мұғалімнің өзі жауапты, мұғалімнің беделі тек өзіне ғана байланысты.
«Мұғаліміңді неге сыйламайсың?» деп ешқандай шәкіртті зорлап мойындата алмайсың. Қоғам, уақыт өзгереді. Талап, талғам да жоғары. Мұғалім беделі бүгінгі қоғамдағы, еліміздегі атына заты сай келе алмай жүрген жүгі ауыр лауазымдардың бірі. Олай дейтін себебіміз, бүгінде сонау кездердегі мұғалім беделі, қадір-қасиеті, бұқараның пір тұтуы, мұғалім келе жатқанда шәкірттердің қағып-соғып өтіп кетпей бас киімін алып тіп-тік тұрып қарсы алуы, жол беруі жоққа айналуға шақ қалды десек артық айтқандық бола қоймас деп ойлаймын.
Мұғалімнің беделінің жойылуына не себептер болды, немесе мұғалімнің беделін көтеру үшін мұғалімнің не істеуі керек, оны қалай көтереміз деген сауалдарға әрқайсысымыздың жауап іздейтініміз анық. Мұғалім беделін Кеңес дәуіріндегі келеңсіздіктер әлсіретті деу артықтау болады. Бұл орайда мұғалімдер тарапынан да кетіп жататын, мұғалім атына кір келтіретін жағдаяттар да жеткілікті. Оларға мынларды жатқызуға болады: өз білімін толықтырмайтын, ізденбейтін, өзі оқытатын бала құрлы білімі жоқ кітаптағыны оқып беруден аспайтын немқұрайдылар, сабақ үстінде білім беру орнына бала көңіліне дақ түсірушілер, баланың кішкене кемшілігін түйедей ғып, кекетіп-мұқатушылар, сенің әке-шешең анадай-мынадай деп жәбірлеушілер, тіпті үйіңде не ішесіңдер, қонаққа неге шақырмайсыңдар деп тергейтіндер, менің жұмысымды бітіре салшы деп сабақтан баланы үйіне жіберіп, не жазуын жаздыртып, тіпті сабақ жоспарына дейін көшіртіп жаздыртушылар, олпы-солпы не тар шалбарды киіп алып қалай болса солай баланың алдына тұратын мұғалімдер мен ұшып-қонып жүретін ұрда жықтар баршылық. Ең сорақысы, мектепке арақ ішіп келетіндер немесе көшеде арақ ішіп қызара бөртіп жүретіндер, өсек-өтірік айтатындар, сол сиякты сырт көзге өзін сондай ақылман болып барлық жұмысты тындырып жүрген сияқты болып көрінгенмен, мектеп өміріне аз араласатын жылпостар да кездеседі. Ондайлар өзінен басқаның не істеп жатқанын ешқашан да көрмейді, көргісі де келмейді. Мектеп үшін жанын салып істейтін, мектеп үшін, өз ісі үшін іс тындыратындарды көрсе де көрмейді.
Ал апталық жүктемені ғана біліп, басқа уақытта мектепке жоламайтын, мектеп өміріне араласпайтын, мектептегі жұмысты олар үшін біреу істейтін сияқты көрінетіндер де кездеседі. Ең сорақысы, мұғалімдерге аз талап қоятын, тіпті қоймайтын мектеп басшыларын жақсы көріп, жұмыс талап ететіндерге ала көзбен қарап, әлде біреулерді айдап салып, қарап отыратындар да кездеседі. Кемшілігі айтылса да аттандап, «қырғи қабақ» соғыс пен айғай-шу, арыз жазуды, кір іздеп, қолына «мылтық» берсе атып тастауға даяр ұстамдылық, сабырлықтан ада өз ісіне есеп бере алмайтындар да кездеседі.
Мұғалім мен мұғалім арасындағы келіспеушіліктер, қақтығыстар айлап, жылдап жалғасып, ол ата-анаға, балаға дейін жеткізіліп, ұжым абыройын мұғалім беделін түсірушілер т.б. мұғалім беделіне нұсқан емей, немене?
Бүгінгі таңда ата-ана, жұртшылықтың мұғалімдерді «Ей, соны қойшы»-дейтінін мойындауға тиіспіз. Мұндай жәйсіз жағдайлар барлық мектептерде кездеседі деуден аулақпын, дегенмен әр жерде кездесіп қалып, мұғалім атын артқа тартып, кір келтіретіні шындық.
Мұғалім беделі өздігінен келе салмайды. Бедел мұалім стажына, алған марапаттауына, атақ-даңқына, байланысты болмайды. Бедел мұғалімнің жанқиярлық еңбегі мен адалдығына, білімділігі мен парасаттылығына, сауаттылығына, балаға берген білімінің нәтижелілігіне, елі мен отанын сүйетін адамгершіліген, кеңпейілділігі мен қайырымдылығына, өзі еңбек ететін ұжымдағы орнына, бала жанын танып оны сүйе білетініне, баланың ата-ананың ұстазды жақсы көруіне байланысты болмақ.
Мұғалім беделінің мына жағдайларға қатысты болуы мүмкін:
Мұғалім өзін, басқалар, адам ретінде сыйлайтын деңгейде болуы
Мұғалімнің сауатты, өз мамандығын жетік білуі, қолдана білуінде
Мұғалімнің өзі тәрбиелі болуы
Елін, жерін, отанын сыйлауы, құрметтеуі, суйе білуі
Еліміздің заңдарын білуге, үйренуге, үйретуге құштарлығы
Бала жүрегіне ізгілікті жол аша білуі
Баланың ынтасын, талантын аша отырып, әр түрлі жарыстарда, өре бәйгелерде жетістікке қол жеткізуде
Балаға да өзіне де имандылық өлшемдерін сіңіре білуінде
Жұртшылықпен тіл табысып, ата-аналарға өзін тыңдата білуі
Адамды алалаудан аулақ болып, үлкенге де кішіге де қарапайым болуы
Өзімшілдіктен, өркөкіректіктен, менменсінуден аулақ болуы
Үнемі ізденіп, үйреніп, шығармашылықпен жұмыс істеуі, білімін көтеріп отыруы
Өзіне талап қойып, оны өзі орындауын қадағалауы
Өзіне тапсырылғанды абыроймен атқару, орындаушылық қасиеті
Баламен балаша, үлкенмен үлкенше қатынаста болуы
Нәзіктік пен қаьалдықты, сыпайлықты өз орнында қолдануы
Мұғалім, ата-ана да, бала да жақсы көретін, көпшілік сыйлайтын, қадірлейтін, үлгі тұтатын тұлға болуға лайық.
Қорыта келгенде, білімді, беделді, өзін оқытушы, бала тәрбиешісі ретінде сезініп, міндетті жұмысын нұсқаусыз атқаратын, басқаға үлгі болатынын, өз мәртебесін өзі сынды көтермейтін басқалар оның ісін көрсететін, еңбекқор, ұстамды ұстаздарды бала жақсы көреді, қадір тұтады, үлгі өнеге алады.
Ұстаз беделін әр кім уыстап жинамайды, мысқылдап жинап, жылдар бойы ғұмырын сарп етеді. Сол жинақтағандарды уыстан шығармай үнемі дамытып, болашақ үшін пайдаға асыру, әрқайсымыздың абыройлы, борышымыз.
Педагогикалық әдеп жайлы сөз еткенде «мәдениет» ұғымын айналып өтуге болмайды. Біз қандай іспен айналыспайық, оның негізі мәдениеттілік болып табылады. Адамның мәдениеттілігі оның рухани, моральдық және эстетикалық кескін-келбетін көрсетеді.
Мұғалімнің жеке бас, кәсіби мәдениеті, адамгершілік тұлғасы, парасаттылығы мен азаматтық биіктігі-оның мәртебесін анықтайтын өлшемдердің бірі. Жақсы мұғалім-ең алдымен, жақсы адам болуы тиіс. Ары таза, байсалды да төзімді, кешірімді, әдемілікті, әсемділікті бағалай білетін, ұстаз алдынан өткен ұрпақтың қиянатқа, жаман іске бармасы анық.
Мұғалімнің мәртебесін көтеретін басты күш-оның кәсіби құзырлылығы. Кәсіби құзырлылық-мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педагогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелілік деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етуі.
Кәсіби құзырлы мұғалім бойында мынадай қасиеттер болуы тиіс:
Сергектік, байқағыштық
Сезімталдық
Сенім
Әділдік
Байсалдық
Ұстамдылық, төзім, сабыр сақтау,
Ілтипаттылық
Қоғамда ұстаз рөлінің төмендеуі оқу сапасына да әсерін тигізетіні анық. Зерттеулер бойынша 85% мұғалім өзінің функциясын білімді беруде. 85% мұғалім өздерінің оқушыларын танып білмеуі салдарынан мамандық таңдауда ешқандай кеңес бере алмайды десе, 70% мұғалім оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орната алмайды, 60% мұғалім авторитарлық бағытты таңдағанын айтады. Сабақтың 90% мұғалім монологы болып табылады. Осы факторлардың бәрі мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруды қажет етеді.
Педагогикалық такт сезімі педагогтің төмендегідей сапаларынан көрінеді:
-қатаң талап қоя білу, бірақ оқушыны мезі етіп жібермеу
-оқушыларды мадақтай білу, бірақ тым жылпылдап кетпеу
-мейірімді болу, бірақ өте жұмсақ болмау
-қатал болу, бірақ шектен тыс кетпеу
-өзінің қатысы барын сезіну, бірақ оқушының жауапкершілігін кемітпеу
-оқушыны назарда ұстап, бірақ шегін білу.
Педагогтің оқушыға теріс қатынасы арқылы беделі төмендейді. Жақсы оқушыға қарағанда «жаман» оқушыға жауап беру кезінде ойлануға аз уақыт береді. Егер дұрыс емес жауап берсе, жетекші сұрақтар беріп көмектеспейді, басқа оқушыдан сұрайды, не дұрыс жауапты өзі айтады. «Жаман» оқушыны дұрыс жауабы үшін мадақтамайды, «жаман» оқушының көзіне көп қарамайды, күле қарамайды, тақтаға сирек шығарады, не мүлдем шығармайды.
Қазіргі мектептің басты қарама-қайшылығы: оқушы мен мұғалім, мұғалім мен мұғалім, мұғалім мен басшы арасындағы қарым-қатынасты педагогикалық әдеп, кәсіби мәдениеттілік арқылы ғана шешуге болады. Сол кезде білімнің бағасы артып, білімсіздікке жол берілмейді. Мұғалімнің мәртебесі артып, мерейі үстем болады.
Қазір білім берудің ұлттық моделіне көшкен кезде қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісінде қатып қалған қасаңдық пен жаттандылықтан аулақ, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Бұрын өз пәнімді жақсы білсем, аздаған педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерсем, баланы өз еркіме бағындырсам, өте күшті педагог болдым деп тоқмейілсу орын алса, енді бұл көқарасты мүлде өзгертуге тура келеді. Өйткені бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да табынатын идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Олар ешнәрседен қорықпайтын, өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлік пен бейім, романтик, көп нәрсеге сене бермейтін адамдар.
Ең басты мақсат-оқушыларды сабаққа ынталандыру, оқушылар сабаққа қызықты дегенше, іс оңға басты дей беріңіз. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы. Біздің алдағы мақсатты ісіміздің бірі және негізгісі осы. «Бір жола мәңгілік жеңіске жетуге болмайды, күн сайын жеңіске жетіп отыру қажет» деген екен бір данышпан. Олай болса, ештеңені де ертеңге қалдыруға болмайды.
Педагогикалық этика кодекстері:
Сабаққа көтеріңкі көңіл күймен кіру-сабақтың қуанышты өтуі шарт
Алдымен үйрет-соңынан сұра
Бағалауда әділ бол
Оқушыға берген сөзіңде тұр
Оқушының өзін-өзі басқарудан сақтандыр
Бала құпиясын қатаң сақта
Ұстамды да төзімді бол
Оқушыларға барлық жағынан үлгі бол, оларға сенім білдір
Өзіңнің қолыңнан келмегенді оқушыдан сұрама
Қандай жағдаятта да өзіңді оқушының орнына қойып көр
Есіңде болсын, оқушыны өзің жақсы көргенде ғана түсінесің
Бір сәт оқудан, үйренуден жалықпа, әр нәрсеге көңіл қой
Ешқашанда оқушыларды кінәлама, себебі жақсы мұғалім өзін ғана кінәлайды
Оқушыларды бір-бірімен салыстырма
Оқушыларға сен
Өзіңнің әділетсіздігіңді түсінсең, оқушыдан кешірім сұра, өйткені шындық ешқашан сенің беделіңді төмендетпейді
Нашар оқушының да жақсы қасиетін бағалай біл және жолдастарының алдында мерейін көтер
Бала қызығушылығына орай өмір сүр
Гиппократтың дәрігерлерге берген анты мұалімдер үшін де басты өсиет болсын
Мектепке мерекеге баратындай әзірлен, әйтпесе онда сен тындыратындай дәнеңе жоқ
Ынтымақтастық педагогикасын қадыптастыру, ол үшін ізденімпаздықпен оқытып, тәрбие беру.
Мұғалімдер ұжымы – асқан сезімтал, күрделі организм. Олар үшін әріптестердің бір-бірімен қарым-қатынасы да, басшы мен бағыныштылар қарым-қатынасы да маңызды. «Бір-біріне толықтай бірлік қалыптаспаған мұғалімдер ұжымында біріне-бірі көмек бермейтін, өз жолдасына қателігін батырып айта алмайтын, өз жолдасының сынына бағына алмайтын жерде педогогикалық ұжым болуы мүмкін емес»- деп А.Макаренко айтқандай, әрбір педагогтіңөзі сүйетін, шеберлігін шыңдайтын ортасы-өзі еңбек ететін ұжымы. Ұжым-екінші үйіміз, сондықтан шаңырағымыз шайқалмай, ішінен қуаныш, қызық таусылмасын!