СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мұғалімнің шығармашылық есебі

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұғалім өзінің шығармашылық есебінде сабақта қолданатын инновациялық технологиялар жайлы сөз етеді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, оның стратегиялары жайлы өз ойымен бөліседі.

Просмотр содержимого документа
«Мұғалімнің шығармашылық есебі»


Ақсу негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі

К.С.Кузембайдың шығармашылық есебі


Мен өзімнің сабақтарымда СТО технологиясының элементтерін пайдаланамын. Бұл жобаның тиімділігін басқа мектеп мұғалімдерімен араласу барысында байқадым.

Мұғалімдердің ойларынан туындаған бұл жобаның тиімділігі неде? Міне, бұл сұрақтың жауабын ІІІ деңгейлікті оқып келген оқу-ісінің меңгерушісі Перизат Анарқызының көмегімен шешіп келеміз. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» - сынау емес,шыңдалған ойлау.

Мәселе жаза білуде емес, мәселе - өмірге белгілі бір көзқарас қалыптастырып, бір жаңалық айта білуде. (Джон Галсаурн)

Атақты педагог-ғалым В.А.Сухомлинский: «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады», - деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі», - деген. Демек қазіргі мектеп алдындағы басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті алғы шарт. Мұғалімнің кәсіптік деңгейін көтеру мектептің әдістемелік жұмысының жетекші саласын құрайды. Әдістемелік жұмыс ол – педагогикалық ғылыми-теориялық, жалпы мәдени, психологиялық – педагогикалық дайындығын, кәсіби шеберлігін көтеруге бағытталған жүйелі, жеке және ұжымдық жұмыс. Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі-жаңа технологиялар.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Әлемнің 18 елінде сынақтан өткізілген «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының әдіс-тәсілдерін мына сызба арқылы көрсетуге болады:

Сын тұрғысынан ойлау деген – оқушы бар ескі ақпаратты басшылыққа ала отырып, мол ақпараттар ағынынан өзіне қажеттісін таңдап алады. Мұғалімнің роль бағыт беру, қадағалау, ол оқушының ойлау қабілетін арттырып, белсенділігін дамыта түседі. Мұғалім сабақ өткізу үшін (осы технологияда) көп ізденеді. Сабақ үстінде көп сөйлемейді, яғни оқушыларды көп сөйлетіп, бағыт беріп отырады.

Осындай технологияларды қолдану әрбір мұғалім өзінің біліктілігі мен шеберлігін көрсете білсе, онда ол мұғалімнің кәсіптік шеберлігі артады. Сондықтан өмір талабына байланысты жаңа оқу үрдістерін тиімді пайдалану әр мұғалімнің кәсіптік шберлігін арттыруда зор маңызын тигізеді.

Өзіміздің кәсіптік шеберлігімізді жетілдіре отырып, жаңа технологиялық әдістерді қолданып, балаларға сапалы да терең білім беру арқылы оқу-тәрбие үрдісінде жоғары нәтижеге жету біздің басты міндетіміз.

Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» - сынау емес шыңдалған ойлау. Оқушы өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, келе-келе мұғалімнің түсіндіргенінен гөрі өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабіллеттері ұшталады. Сонымен қатар жекелей жұмыстар, жұптық және топтық жұмыстар арқылы өз ойларын ашық айта білу, пікір айтуға үйрену, пікір таластыру (дебат әдісі), ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау, жауаптарын бағалай білу, сыйластық, ұйымшылдыққа, білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді. Оның ішінде ерекше бір жағдай: сынып бойынша көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен оқушылардың да қызығуы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы.

Сонымен «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы негізінде өткізілген сабақтар оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, жұптық және ұжымдық, бірлесіп жұмыс жасауға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, ең бастысы оқушы білімінің тереңдігі мен тиянақтылығын арттырады.