СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мұқағали Мақатаев

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұқағали Мақатаевтың 87 жастық мерей тойына арналған әдеби сазды кештің сценарийі.

Просмотр содержимого документа
«Мұқағали Мақатаев»



«И.Шорманов атындағы орта мектеп – мектепке дейінгі шағн орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім
»




2017-2018 оқу жыл



Бекітемін

Мектеп директоры.......................

М.Даулетова

«.......»................................2018ж



«И.Шорманов атындағы орта мектеп – мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2017-2018 оқу жылы

«Ұлы дала тұлғалары» жоба аясында «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім
» атты Мұқағали Мақатевтың 87 жастық мерей тойына арналған әдеби сазды кештің сценарийі

Өткізілетін күні: 20.02.18ж

Өтетін орны: Ән-саз залы

Тақырыбы: «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім
»

Мақсаты:
Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М. Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну. М. Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.
Кештің көрнекілігі:
М. Мақатаевтың суреті, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Видео сюжеттер. Сазды музыка.

Барысы:

  1. Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық - шынымен де бақытты.

  2. Жүргізуші : Иә, Мұқағали - ғажайып, сыршыл, ақын. Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
    Ендеше ақиық ақынның еске алу кешіне арналған

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім
» атты әдеби - сазды кешімізге Қош келдіңіздер!

1-Жүргізуші: Бүгінгі кешімізде ақынның өлеңдерін оқумен қатар, оның өлеңдеріне жазылған тамаша әндерді де тыңдай аламыз. Сонымен қатар, ақын туралы видео сюжеттерді де ұсынуды жөн көріп отырмыз.

2-Жүргізуші:

- Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-
деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары өлгені жоқ.

1- жүргізуші:

«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
Иә, ақын туралы бүгінгі таңда естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Бірақ ақын туралы айтқанымыздан айтпағанымыз көп болып отыр. М. Мақатаев туралы көбірек білгіміз келсе, оның өлеңдерін оқиық. Олай болса білім ордамыздың тәлім алушыларын ортаға шақырайық.

(өлең айтатын оқушылар шығады)

1.Дүйсенова.Ақерке 5 «Б» сынып оқушысы «Ей өмір»

2. Сапарбаев Мейіржан 5 «Б» сынып оқушысы «Палата 17»

3. Конгратбай Айгерім 5 «Б» сынып оқушысы «Фантазия»

4. Нурасил Әсем 5 «Б» сынып оқушысы «Күй қалса ғой»

5. Тоқай Гүлім 5 «А» сынып оқушысы «Ғашықпын»

6. Қарабек Әсем 5 «А» сынып оқушысы «Дәрігеріме»

7. Орымбетов Балғынбек 5 «Б» сынып оқушысы «Мұқағали туралы Әбділдә.Т сөзі»



1-Жүргізуші:

Ақын өнерпаз халық үшін туады. Ал, оның жазған шығармалары жұрттың рухани мәдинетіне қызмет етеді. Мұқағали поэзиясы сырлы да мұңды әлем. Ал, оның сөзінде жазылған әндер жүректі тербететін, тыңдаушының жан дүниесін әлдилейтін ғажайып әуендер галереясы. Ән: Музыкасы «Жас қайың». 5 «Ә» сынып оқушысы Ермағамбетова Аяулымның орындауында тамашалаңыздар!

2-Жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезгендей. Оған ақынның «Есіңе мені алғасың» атты өлеңі дәлел емес пе.
/ Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (Есіңе мені алғасың)/

1-жүргізуші:

Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылыымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Өлеңім менің өмірім. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен. 

1-Жүргізуші:
Мұқаңның туған жерге, елге, халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Ол өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.
/«Үш бақытым», «Отан», «Қазақстан», «Қара өлең» өлеңдері оқылады/

1. 5 «Б» сынып оқушысы Исмайлов Медеу «»

2. 5 «Б»сынып оқушысы Бекболат Жания «Қазақстан»

3. Нурбергенова Феруза 7 «Ә» сынып оқушысы «Отан»

2-жүргізуші:

Поэзия, менімен егіз бе едің – деп ақын өзі жырлағандай, М. Мақатаев өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Ол біраз уақыт Қазақ радиосында диктор болып та қызмет етеді. Оның дауыс ерекшелігін, оқу мәнерін қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев жоғары бағалап, өз қол астына алады. Ендеше ақынның өз дауысын естіп көрейік.
/ Интерактивті тақтадан бейнеролик жүреді (өз дауысы)/
/«Бұлқынып жатыр», «Қарлығаш», «Қаздар қайтып барады», «Пай, пай өмір»/
1-жүргізуші:

Өлең өнер, өлең дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана өмірге әкеледі. Ақын әкелген әрбір сөз жүректерге ән болып, әуен болып жетіп жатады. Оның әндері - таңғы шықтай мөлдір, сырлы әуенді. Тыңдап жүрген жанымызға жақын әндердің көбінің сөзін Мұқағали Мақатаев ағамыз жазғанын біле де бермейміз.

(Ән)

2-Жүргізуші:

Қара өлеңнің қас шебері, дүлдүл ақын Мұқағалидың өлеңдерін еңкейген қариядан еңбектеген балаға дейін сүйіп тыңдайды, шырқайды десек артық айтқандық емес. Оның дәлелі іретінде Мектеп алды даярлық «А» тобының оқушылары Нурлан.Г , Манапбай М 2 «Ә» сынып оқушысы Молдахмет Досымды қарсы алыңыздар!

( Екі оқушы өлең оқиды,соңынан Досым ән айтады)

«Құттықтаймын мама»

1-жүргізуші:

Бәрекелді! Осындай перзенттері , ізін жалғастырушы ұрпақтары бар атамыз, орынынан бір аунап түскен болар!

2-жүргізуші:

Өлең барда шырқатып мен жазамын,

Ұрпағымын  мен  мына  кең даламның.

Мұқағали секілді бәйтеректі

Алып кеткен ажалға таң қаламын.

1-жүргізуші:

Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев
«Ақынмын деп қалай мен айта аламын, 
Халқымның өз айтқанын қайталадым. 
Күпі киген қазақтың қара өлеңін, 
Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Мұқағали шын мәнінде, бір туар екенін халыққа таныта білді. Оны күллі халық сүйіп оқиды. Оның дәлелі кейінгі ұрпақтары.....

(Өлең оқитын оқушылар шығады)

1.Мейірман Ақбота 9 ә сынып оқушысы «Жоқ, дәрігер»

2. Берік Ақжол 9 «Ә» сынып оқушысы «Өкінбеймін»

4.Мухаметқали Айша 9 «Ә» сынып оқушысы «Қырқыншы жылдар»

5. Черкешбаев Аблайхан «Аққулар ұйықтағанда поэмасыннан үзінді»

7. Абдухоликова Гулсана 7 «Ә» сынып оқушысы «»

8. Жолашар Әділет 7 «Ә» сынып оқушысы «Шеше, сен бақыттысың»

9. Ахметова Дильнура 8 «А» сынып оқушысы «Тағдырмен бетпе - бет»

2-Жүргізуші:

Күй ойнайды қазағымның қанында, 
Күй ойнайды қазағымның жанында,
Жүрегімнің, жүрегінің дүрсілі 
Күмбірлеген домбырасы барында – деп ақын өзі жырлағандай мектебіміздің 11 «Ә»сынып оқушысы Назарбаев Ринаттың орындауында Мұқағали өлеңдеріне папури.

1-жүргізуші:

Мен өскен лашық – бір бөлме,
Бір бөлме – маған мың бөлме.
Хан тағы қараң қалатын,
Босағаңды аттап кіргенде – деп ақын жырға қосқандай, алдарыңызда ақын туған қоржын тамның макеті. Дайындағандар 9 «Б» сынып оқушылары Кежебаев Таңатар,Рахимбаев Ерлан.

(Макетті шығарып, қалай жасағандарын, немен жасағандарын айтып макетті қорғайды, «Мен өскен лашық бір бөлме» өлеңін жатқа айтады)

2-жүргізуші:

Ән сал жаным,

Әніңмен тербет мені.

Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі ,— деп ақын жырлағандай кезек әнде.

6 «Ә» сынып оқушысы Шамуова Балжан «Саржайлау» әні

(Балжан ән айтады, қайырмасына келгенде бәрі қосылады...)

1-жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған 
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. 
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған

2-Жүргізуші:

Қарасаз, қарашалғын өлеңде өстім. 
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің 
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев 
Өлтіре алмайды, алайда өлеңді ешкім. 

1-жүргізуші: Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы. 

2-жүргізуші:
Құрметті тыңдарман қауым! Қазіргі жас ұрпақтың бойын жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулысақ, сол арқылы мына күрмеуі көп қиын заманда бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес, өмірде де, күресте де үлкен азаматтықпен қорғай білген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес. 
Осымен «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім
» атты

кешіміз аяқталды. Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош, сау болыңыздар!





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!