СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 12.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мұхтар Әуезов шығармашылығына шолу .

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пополнить и углубить знания учащихся о жизни и творчестве великого казахского писателя Мухтара Ауезове.

Просмотр содержимого документа
«Мұхтар Әуезов шығармашылығына шолу .»

Тақырыбы : Мұхтар Әуезов шығармашылығына шолу .

Мақсаты: Мұхтар Әуезов мұрасына терең үңілу, зерттеу, білімдерін толықтыру.

  1. Мұхтар Әуезов туралы білімдерін тереңдету, дамыту, өз бетімен ізденіс үрдісін, адамгершілік дағдыларын қалыптастыру.

  2. Көпшілік алдында өзін-өзі еркін ұстауға, білімін кеңінен қолдана білуге тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: Мұхтар Әуезовтың портреті, интерактивті тақта, шығармалар көрмесі.


Әдісі: сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: тарих, информатика.

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

(Сыныптың сабаққа әзірлігін байқау.)

ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

  1. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен мазмұнын таныстыру.

  2. «Мұхтар Әуезов – әлемдік әдебиетте орны бар жазушы»

Оқушыларға жазушы шығармашылығынан қысқаша баяндау.

ІІІ. Оқушылар пікірі.

Алдын – ала берілген тапсырмалар бойынша оқушылар өздері іздеген материалдар бойынша Мұхтар Әуезов жөнінде пікірлерін көпшілікке ұсынды.


ІV. Сабақтың негізгі бөлімі: 1) Тілшілер сұрақтары. (оқушылар)

2) Ғалым жауабы.(кітапханашы)

Әртүрлі баспасөзден келген өкілдер, тілшілер, М.Әуезов өмірі шығармашылығы бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды ғалымға қояды, ғалым ізденіп, жауап береді.

Сұрақтар.І.«Егемен Қазақстан» газетінің тілшілері:

1. Мұхтар Әуезов өмірге келуі, өскен ортасы туралы әңгімелесеңіз? Бала Мұхтардың Абай ауылымен аралас тұруы оның тағдырына қалай әсер етті?

2.Қаламгердің алғашқы туындыларынан үлкен болашағы байқала ма?

ІІ. «Жас Алаш» газетінің тілшілері :

  1. «Абай жолы» романы қай жылы аяқталды?

  2. Тұңғыш жарық көрген туындысы?

  3. Мұхтардың анасының есімі кім?

  4. Абай дүниеден өткенде Мұхтар неше жаста болды?

  5. Мұхтардың Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер ұлы кім?

7.М.Әуезовтің бас кітабы «Абай жолы» - қазақтың тұнғыш эпопеясы туралы ой қозғасаңыздар?

ІV. «Парасат» журналынан келген тілшілер:

8. Мұхтардың ғасырлық туындысы?

9. Драматургиялық шығармасы?

10.М.Әуезов өз шығармашылығы арқылы әлем әдебиетіне қандай қазына қосты?


Келесі сұрақтар оқушыларға:

1.Мұхтардың дүниеге келген күні.

а) 25қазан ә) 30қаңтар б) 28қыркүйек в) 11наурыз

2. Мұхтардың немере ағасы кім?

а) Абай ә) Қасымбек б) Ораз в) Дәркенбай

3. Абай дүниеден өткенде Мұхтар неше жаста болды?

а) он үште ә) тоғызда б) сегізде в) жетіде

4.Тұңғыш жарық көрген туындысын көрсет?

а) «Адамдық негізі-әйел» ә) «Түнгі сарын»

б) «Абай жолы» в) «Қараш-қараш оқиғасы»

5. Жазушының пьесасын белгіле.

а) «Қилы заман» ә) «Қазақ әйелі»

б) «Абай» в) «Үйлену»

6. «Еңлік-Кебек» жеке кітап болып қайда жарық көрді?

а) Орынборда ә) Омбыда б) Ташкентте в) Семейде

7.Мұхтардың Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер ұлы кім?

а)Оспан ә)Әбіш б)Мұрат в)Тұрар

8.Мұхтардың анасының есімі кім?

а)Зере ә)Ұлпан б) Нұржамал в)Райхан

9.Бөжей қай туындының кейіпкері?

а.Қаракөз ә. Абай жолы б.Жетім в.Бүркітші

10. Жазушы спорттың қандай түрімен шұғылданды?

а. Теннис ә.Футбол б.Баскетбол в.Күрес


V. Сабақтың бекітуі.

VІ. Сабақты пысықтау.1) Оқушыларға М.Әуезов жөнінде ақындардың өлеңдерін оқиды.

2) Альбом-буклетпен таныстыру.

VІ.Сабақты қортындылау. 1) Мұғалімнің қорытынды сөзі.

2)Көрнекіліктермен жұмыс.

«М.Әуезов – әлем әдебиетіндегі орны»

Шығармаларына қысқаша тоқталу.

VІІ. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.










Скачать

© 2017, 753 3

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!