СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мұражай" тарихы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка по муражай тарихы туралы оқушыларға түсінік беру

Просмотр содержимого документа
«"Мұражай" тарихы»

Мұражайтану

Сейтбек Азамат

Шымкент облысы Мақтарал ауданы Асықата кенті

«Қайнар» мектеп- гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 5 сынып оқушысы

Жетекшісі

Тарих пәнінің мұғалімі

Кубейова Гулзира Бегжанқызы


Қазақ жері - ұлы өркениеттің бастау жері. Ұлы далада әлемді өзінің өркениетімен, мәдениетімен, өнерімен, тарихымен таң қалдырған, ер жүректігімен, батылдығымен, батырлығымен, жарты әлемді бағындарған ұлы халық мекен еткен. Бұл-қазақ халқы. Осындай ұлы өркениет иесі болған қазақ халқының болмыс-бітімін, асыл мұраларын, ұмыт болған тарихын қазіргі ұрпақтың жадында жаңғыртатын, санасына сіңіретін, сонымен қатар, ел тарихын барша әлемге паш ететін, шет елден келген қонақтарды өзінің әсемдігі мен жүйелілігі арқылы таңқалдыратын механизмнің бірі-мұражай болып табылады.

Өткен тарихымызды танып білмей, болашағымызға бастар жолды айқындау мүмкін емес. Ал өткен тарихымызды бірден-бір баян ететін орын-мұражай. Анығын айтсақ, мұражайды теория емес, практика деп қарауымыз қажет. Өмірдің сол күйіндегі жанды бір кесек бейнесі-өз өлкесінің өткені мен бүгінгісін көзімен көріп, қолымен ұстаған әрбір адам ертеңге ұмтылатыны анық..

Мұражай қазақ жерінде ХІХ ғ орта шенінде пайда болып, Кеңес үкіметі тұсында өз жалғасын тапты. Мұражайда көрсетілген мәліметтер мен заттар- тарих куәсі, оқу-тәрбие орталығы екендігін дәлелдейді. Қазіргі заманда мұражайлар заман талабына сай дамып келеді. Жаңадан ашылған мұражайлардың да тарихи-тағылымдық маңызы ерекше.

Біз ғасырлар тоғысында, түрлі үлгідегі қоғамдар қалыптасқан, осыған орай адамдардың ой-өрісі сан өзгерістерге бейімделген кезеңде өмір сүрудеміз.Адам баласының жасампаздығында шек жоқ екендігін елімізде, әлемде болып жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістердің қарқыны дәлелдеп отыр. Адамзат тарихының күре тамыры мәдениет болса, мәдениеттің күре тамыры – адам баласының ақыл-ойы мен қимыл-қарекеті дүниеге әкелген ғажайып рухани және материалдық құндылықтар. Қай халықтың болсын өзге ешбір ұлтқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзгеше тағдыр-талайын айқындайтын жәдігерлер. Олардың ұлтрухының тірегі, халықтық қасиеттер саналатыны да сондықтан.

Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.




Мұражай материалдары яғни қазақ халқының мәдени мұралары негізінде тарихты жан-жақты оқыту өте пайдалы.

Мұражайлар өткен мен осы кезеңді байланыстырушы, жалғастырушысы ретінде қарауымыз керек. Мұражай қойылымдарына орналасқан әрбір мұра-мұрағаттың астарында халықтың тарихы жатыр. Сондықтан мұражайді әлем ғалымдары «ұлт тарихының көрмесі» деп атайды. Қазақ мемлекетінің тамырын алғашқы сақ, үйсін тайпаларынан, түркі дүниетанымынан, Қазақ хандығынан іздейміз. Сол кезден бастап үздіксіз жалғасып келе жатқан жетістіктер мен тарихи-мәдени құндылықтарды бүгінгі ұрпаққа мирас етілген бай мұра ретінде қарастыру тарихшының міндеті. Қазақстан мұражайлары бұл мұраларды тауып, дұрыс бағалап, ғылыми сұрыптаудан өткізіп өз қойылымдарына қою арқылы халқымыздың тарихы мен мәдениетін бүкіл әлемге көрсетуде




ҚОРЫТЫНДЫ

Ұлттық сана мен ұлтжандылықты қазақ халқының бойына дарыту үшін Ұлы дала тарихын ұрпақ санасында тірілту керек. Осыған орай, ғылыми, ағартушылық-біліми, мәдени мекеме ретінде мұражайлардың рөлі өте зор. Кезінде Кеңес үкіметі өз идеологиясын халыққа насихаттау үшін мектептен тыс мекемелерге, соның ішінде мұражайларға ерекше көңіл бөлген. Мұндай тәжірибе нәтижесіз қалған жоқ, тіпті өзінің айтарлықтай жемісін де берді. Мұражай өз экспозицияларында социалистік қоғамның жетістіктерін насихаттаушы «саяси-ағарту комбинатына» айналып, халық мұражайларға экскурсияға келетін. Ендеше бүгінгі таңда мұражайларды неге ұлттық сананы қалыптастыру мақсатында рухани мәдениетімізді жаңғырту орталығына айналдырмасқа. Ұлттық тарихымыз бен қайталанбас керемет мәдени туындыларымыз шоғырланған орда арқылы жастарымызды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелемеске.

Танымдық, тәрбиелік маңызы зор мұражайлар өткеннен ақпарат жеткізуші ғана емес, ақпаратты заттай деректер арқылы насихаттайтын, сол тарихи кезең жөнінде түсінік қалыптастыратын мәдени мекеме. Жалпы әлеуметтік, қоғамдық сипат алып жалғасып, ұрпақтардың рухани құндылықтары мен халықтың біртұтас этникалық өмір сүру жалғастығын баяндап, ұзақ дәуір бойынан берідегі ұлт тарихының терең тамырын тануға қызмет атқарды.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Мекебаева А.А. Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының тарихынан // Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. – Алматы, 2006. – Б. 564-566.

  2. Ибраева А.Ғ.Қазақстандағы мұражай ісі: қалыптасуы мен дамуының нәтижесі Автореферат тарих ғылым.докторы атағын алу үшін – А., 2010. – 25 б.;









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!