ОҚО, Түркістан қаласы, №20 жалпы орта мектеп
Мұғалім көшбасшының портфолиосы
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Азимова Дильфуза
Өмірлік ұстаным.
“ Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың болашағы – бүгінгі ұстаздың қолында”.
Н.Ә.Назарбаев.
№ 20 жалпы орта мектеп
Оқытқан топ тренері: Изгуттиева Раушан Төлегеновна
Оқыған мерзімі: 01.12.2013ж
Азимова Дильфуза Нуритдинқызы
Білімі: Жоғары
Диплом бойынша мамандығы: Ағылшын тілі және түрік тілдері мұғалімі
Атқаратын қызметі: ағылшын тілі пәні мұғалімі
Еңбек өтілі: 11
Санаты: жоғары,2013, сәуір
Курстан өтуі: 2014, қаңтар
Марапаттауы: Халықаралық, Республикалық, облыстық, қалалық, мектепішілік
Шығармашылық тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында диалогтік оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларының ауызша коммуникациясын дамыту
Мектептің әдістемелік тақырыбы
“ Диалогтік оқыту арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойланта отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарының артуына ықпал ету”
Ағылшын тілі пәні
ӘБ тақырыбы
"Білімнің, біліктілік пен дағдылардың барлық жүйесін
оқушылардың терең де сапалы меңгеруін қамтамасыз ету”
Жеке әдістемелік
тақырыбым
Диалогтік оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларының ауызша коммуникациясын дамыту
Әдістемелік тақырыбым:
Ағылшын тілі сабағында диалогтік оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларының ауызша коммуникациясын дамыту
Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді .
Александер (2008)
Әңгіменің түрлері
- Механикалық: қайталау арқылы фактілер мен идеяларды зерделеу.
2. Ауызша жауап: мұғалім сыныпқа қайталауға арналған сұрақ қойып, оқушылардың жауаптарын бағыттап отырады.
3. Нұсқаулық: оқушыларға
ақпарат ұсыну немесе
түсініктеме беру.
4.Талқылау: ақпарат алмасу және проблемалық мәселелерді шешу мақсатында идеялармен алмасу .
5. Диалог: құрымдалған сұрақтар және нысаналы талқылау арқылы ортақ түсінік қалыптастыру .
Ағылшын тілі сабағында диалогтік оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларының ауызша коммуникациясын дамыту
Міндеті:
Мақсаты :
1 . Баланың жас
ерекшеліктері мен білім
деңгейін ескере отырып,
білім сапасын арттыру.
2. Дегейлік тапсырмалар
арқылы оқушының
сөйлеу тілін,
ой-өрісін кеңейту.
3.Ағылшын тіліне деген
Қызығушылығын арттыру .
1.Берілген тасырмаларды
оқушылар орындауына
бағыт-бағдар беру.
2. Оқушылардың сөйлеу
тіліне назар аудару.
3.Оқушының
шығармашылығын
мадақтау.
Ағылшын тілі сабағында диалогтік оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларының ауызша коммуникациясын дамытудағы жұмыс
Олар:
- Дыбыстармен жұмыс;
- Сөздіктермен жұмыс;
- Сөздік қорларын жетілдіру;
- Тіл дамыту;
- Ауызша сөйлей білуге
дағдыландыру.
6. Сұрақ – жауап
Нәтижеде:
1.Оқушылардың ойлау деңгейін арттырады.
2.Міндетті түрде тілдері дамып, сөздік қоры молаяды.
3.Еркін сөйлеп, ойын еркін айтады.
4.Негізгі берілетін білімді толық меңгереді.
5.Сауаттылығын арттырады
Диалогтік оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларының ауызша коммуникациясын дамыту
Диалогтік оқыту оқушының тек қана бірлескен әрекетке тартылуына ғана емес,оқушының ойлау қабілетінің жоғары деңгейге өсуіне, тіл байлығы мен зияткерлік қабілетінің дамуына ықпалын тигізеді. Осы кезде топ арасында талқылау жүзеге асады. Әр топ өз пікірін айтып, дәлелдеме жасайды.Сыныпта талқылауға қатысу оқушының бәсекеге қабілетін арттырады,өз дәлелін қорғап, мәселеге сыни тұрғыдан қарауға дағдыланады. Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлігі болып табылады деп атап көрсеткен. Әңгімелесудің 3 түрі бар: 1. Зерттеушілік әңгіме 2. Әңгіме-дебат (пікірталастық әңгіме) 3.Топтық әңгіме Іс – тәжірибемде жоғарыдағы үш түрлі диалогтың екіншісі қолайлы деп шештім. Әңгімелесу – мұғалімге оқушылардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Ғалым Ф.Ш. Оразбаева сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады деп,олардың түрлерін атап көрсеткен. Олар жұптық, топтық, ұжымдық. Жұптық жұмысқа түсу осы диалогтерден тұрады. Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы : сұрақ – жауап,рөлдік,тапсырманы орындату , жұптық жұмыс, диалогтік мәтінді оқу. Мен мектептегі тәжірибемде үнемі сабағымда диалогтық оқыту әдісін пайдаланамын. Менің сыныбым 2 сынып болғандықтан оқушыларды рөлге бөлу әдісін қолданып отырдым. Оның тиімділігі мәтінмен жұмыстанғанда бірнеше оқушылар қамтылады ,өз бетімен оқып түсінеді ,бір-бірін қадағалап отырады. Мәтін бойынша әрқайсысы жоғары және төмен мәртебелі сұрақтар дайындап, қалаған оқушыға сұрақ қойды.
- Оқушы сұрақ берген кезде өзі сол сұраққа жауап беретіндей болу; -Сұрақ түрін айыра білу; -Жоғары мәртебелі сұрақ қою; -Мәтінен ауытқымай сұрақ қою; Топтық әңгіме барысында байқағаным топ мүшелері бір-бірін тыңдап, ортақ шешімге келіп отырады. Диалогтық сұхбаттасу оқушылардың білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды роль атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Ал Барнс сыныпта тіл қаншалықты қолданса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. \Мұғалімге арналған нұсқаулық,38 бет.\ Тіл оқытуда және үйретуде диалогтың маңызы ерекше. Жоғарыда айтылғандай диалог ұғымының өзі осы тілді оқытудың сара жолы екенін көрсетіп тұрғандай. Диалогтың осы жұмыс түрлерін сабақтарымда қолдана отырып жалпы байқағаным; бұрынғы сабақ беру үрдісімен салыстырғанда жаңа тәсілді қолданып диалогты дамытудың айырмашылығы бар екен. Бұлай дейтінім; бұрын диалог тек жұптық жұмыс арқылы жүзеге асса,ал енді топтық жұмыста орындалады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарды бірлесе оқып оған жауап беріп топ басшысының шешімімен топтан екі оқушы ортаға шығып жұптық жұмысқа өз шығармашылықтарын көрсете біледі . Диалогтікті оқыту тәсілін қолданған кезде жеткен жетістіктерім:
-Оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанды; - Пәнге деген қызығушылықтары айқындалды; -Сыни тұрғыдан ойлануға үйренді; -Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауға үйренді; - Ойынын жинақтауға көмек берді; Жыл соңында білім сапасы 76-ға жетті.Оқи білмейтін оқушы жоқ. Қорытындылай келе тәжірибиемде оқушылардың сөздік қоры молайып,қабілеті төмен оқушы саны азайды, ойларын еркін ,өз сөзімен жеткізуге үйренді,бір-біріне сұрақ қойған кезде ойланып жоғары мәртебелі сұрақтың маңыздылығын түсінді ,тақырып бойынша бір-бірімен пікір таластырып отырды,сабағымда «оқушы-оқушыға» сұрақ беру әдісін жиі қолданып отырдым. Сөз соңында айтарым; бұл Кембридждік оқыту технологиясы білім саласында жүргізілетін жаңа реформаның бастамасы болғандықтан, күтілетін нәтижесі де зор. Сондықтан облысымыздың әр аймағындағы педагогтар қауымы осы 7 модульді терең игеріп, оқу үдерісіндегі сабақ беру әдістемесіне үлкен өзгерістер енгізе отырып, оқушылардың білім сапасын арттыруға,әр оқушының сабақ үстінде өзін және өзгенің әрекетін бағалап, топпен жұмыс жасап,өмірлік қажеттіліктерін шеше білуге үйретулері керек деп ойлаймын. Бүгінгі жас ұрпақты елдің экононмикасын өркендететін,білім алуда өз бетінше әрекет ете алатын, қоршаған және өз ортасын құрметтейтін тұлға етіп қалыптасыру болашақтың талабы болып отыр. Сондықтан да білім берудегі бүгінгі бетбұрыстың үлкен мәні бар. Олай болса, жаңарған Қазақстанға–жаңаша білім беру үрдісін жетілдіретін, қиындығы мен қызығы мол жұмыста барша қазақстандық ұстаздарға табыстар тілеймін!
- Диалогтік оқыту / Диалогическое обучение / Dialogic teaching - мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі.Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және
- олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді.
Диалогтік оқытудың тиімділігі
• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
• басқа адамдарда түрлі идеялар болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
• оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
• мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі;
1-ші бөлім.
- МДЖ және көшбасшы-мұғалімнің оған қосқан үлесі
МДЖ
- Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру, қызығушылығына сай оқыту.
- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануын дамыта отырып, бағалау түрлерін өзгерту.
- Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жүйесін жаңарту, кәсіби қоғамдастық жұмысын жандандыру.
- Ата-аналардың мектепке деген көзқарасын өзгерту
-диалогтік оқыту арқылы оқушыларды көпшілік ортада өз ойын еркін, қысылмай ашық түрде жеткізе білуге дағдылануларына ықпал ету;
-оқушыларды диалогтік оқыту барысында өз ойын дәлелдемелер арқылы жеткізе алуларына түрткі болу;
- өзгенің пікірін тыңдай білуге, саралауға үйрету;
-диалогтік оқыту арқылы оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын құруға ықпал жасау;
- диалогтік оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру;
1. Оқытудың жаңа жүйесінде жаңа педагогикалық принциптер бойынша теориялық материалдарды зерттеу.
2. Оқушылардың тіл байлығын арттыру, сөйлеу тілін дамыту, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамыту.
3. Оқушыларды мәселені бірлесіп шешудің амалын табуға үйрету, өзін-өзі бағалай білуге дағдыландыру.
4. Өз бетінше білім алуға ынталы, белсенді, дер кезінде дұрыс шешім қабылдай алатын, тапсырмаларды шығармашылдықпен орындай алатын оқушылардың қалыптасуына және дамуына ықпал жасау;
5. Коучинг пен тәлімгерлік үдерістерінің ықпалымен мұғалімдердің сабақтарында 7 модульді тиімді пайдалану барысында мақсатқа қол жеткізу.
6. Өзара сабаққа қатысу, іскерлік ойындар, әдістемелік практикумдар, практикалық сабақтар арқылы мұғалімнің шығармашылық белсенділігін арттыру үшін жағдай жасау, оған ғылыми-әдістемелік жұмыс үрдісін үйрету.
- оқушылар топта тиімді жұмыс жасай білуге дағдыланады;
- оқушылар диалогтік оқытудың мәнін түсінеді,өз пікірлерін дәлелдеп, ойын еркін айтуға дағдыланады;
- оқушылар өзгенің пікірін тыңдауға, құрметтеуге дағдыланады;
- оқушылар бір- бірін құрметтеуге, бір- біріне жақсы сөздер арнау арқылы өзара ынтымақтастықты сақтауға дағдыланады.
- оқушылар белгілі бір тақырып төңірегінде өздерінің идеяларын түсіне алады және қорғай біледі. Сонымен қатар топтық жұмыс барысында басқа да оқушыларда құнды идеялар бар екендігін түсінеді.
- мұғалімдерде бірлескен жұмыста жақындық қалыптасады, кәсіби жетіледі және де оқушылардың пікірлерін ескере отырып, мұғалімдер өзін-өзі реттеуге дағдыланады.
2-ші бөлім.
- Көшбасшы-мұғалімнің курстан кейінгі қолдау көрсету бойынша жылдық жұмыстың бағдарламасы, бекітілген мұғалімдер тізімі және олармен жүргізілген жұмыс нәтижесі
3-ші бөлім.
- Коучинг жұмысы (жоспары, нәтижесі)
4-ші бөлім.
- Тәлімгерлік жұмысы туралы (жоспары, нәтижесі)
5-ші бөлім.
- Әдістемелік портфель (шеберлік сыныптар, әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар, ОМЖ, ҚМЖ)
6-ші бөлім.
- Мұғалімнің аудандық (қалалық), облыстық, респуб-ликалық байқау, конкурстардағы жетістіктері (соңғы 3 жыл)
7-ші бөлім.
- Оқушыларының соңғы 3 жылдағы жетістіктерінің динамикалық өсуі (кестелер, мониторинг)
8-ші бөлім.
- Мұғалімнің соңғы 3 жылдағы озық педагогикалық тәжірибелерінің жинақталу, таратылу деңгейі (эссе, мақалалар, «Пед.диалог» журналы және т.б.)
9-ші бөлім.
- Мұғалімнің желілік кәсіби қоғамдастықтағы жұмысы (портал, сайттар, вебинарлар т.б.)
10-ші бөлім.
- Мұғалімнің ресми құжаттары (диплом, сертификаттар, грамоталар т.б.)
Білімі:
Санаты: жоғары, 2013, сәуір
Курстан өтуі: 2014, қаңтар
Халықаралық мадақтама
Республикалық мадақтама
Облыстық мадақтама
Қала әкімінің мадақтамасы
Қалалық білім бөлімінің мадақтамасы
Семинар , сайыс, пед.оқу, конференцияларға қатысуы
Озық іс-тәжірибе тарату және зерттеу әрекеттері
Әдістемелік журналдарда, жинақтарда, басылымдарда шығуы .
Олимпиада, интелектуалды сайыс нәтижелері
Ағылшын тілі пәні бойынша 3 жылдық салыстырмалы көрсеткіші
Білім сапасы.
№ 20 жалпы орта мектептің ағылшын тілі пәнінен тоқсандарда алынған
сынақ хаттар қорытындысының маниторингі. 2014-2015 оқу жылы
№ 20 жалпы орта мектептің ағылшын тілі пәнінен тоқсан қорытындыларының маниторингі.
ҰБТ нәтижелері
20
21
Оқушыларының білім жетістіктері
(Соңғы 5 жылдық)