СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мұғалім мектептің жүрегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың ұстаз қауымына деген сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерін бойына дамыту. 

Просмотр содержимого документа
«Мұғалім мектептің жүрегі»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК







Бекітемін :_________________

Колледж әдіскері: Нугумарова Л.Н.

___________________________

Мектеп мұғалімі: Қазыбаева А.М.

№ 8 мектеп кешені




Тақырыбы: «Мұғалім»






Өткізетін: Жарылқасынова Толқын

Сыныбы: 4 «А»

Дәрісхана : 7

Бағасы:














Семей қаласы

2018





Сабақ

Тақырыбы:

«Мұғалім»

Мектеп: №8 мектеп -кешені

Күні:

05.10.18

Мұғалімнің есімі: Жарылқасынова Толқын

Сынып: 4 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Өлең мазмұны мен идеясын түсінуге мүмкіндік беру. Өлеңді өз бетімен талдау арқылы кейіпкер бейнесін талдауға үйрету. Прозалық кейіпкердің поэзиялық кейіпкерден айырмашылығын  аңғаруға алғашқы әрекеттер жасау. Ашық әңгіме, бүкпесіз ой арқылы тіл дамуына, ой еркіндігіне мүмкіндік беру. Осы арқылы оқушылардың барлығын белсенді әрекетке ұмтылдыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың мұғалім мамандығына деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Баспана-учитель-teacher

имя сущ.


Ресурстар:

Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалімнің әрекеті:


Оқушының әрекеті:

Психологиялық ахуал:

3 минут.

«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу. 
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Оқушылар орындарынан тұрады.


Үй тапсырмасын сұрау:

5 минут.

Қайсымыз 5 алудан қашпаймыз,

Ендеше үй тапсырмасын орындауды бастаймыз.

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі
Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.

Оқушылар үй жұмысын айтады.

Жаңа сабақ:

  1. инут.

1.Сөзжұмбақ арқылы тақырыпты ашу «Ұстаз - мектеп жүрегі»

Түрлі мамандық иелерінің суреттері тақтада ілініп тұрады. Сол бойынша оқушылар түсінгендерін айтады. Барлық мамандық иелерін оқытатын ол – Ұстаз!


Ұстаз беделін қоғам алдында көтеру үшін Елбасының тікелей өз Жарлығымен еліміздегі ең жоғары марапат – Қазақстанның Еңбек Ері атағы мен «Алтын жұлдыз» белгісі және «Отан» ордені ең бірінші рет ұстазға берілді. Бұл – мектеп мұғалімінің еңбегі елімізде жоғары құрметке ие екендігінің айғағы.

2.

  • Ұстаз деген кім?

  • Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?

  • Ыбырай Алтынсарин.

— Әрине, Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы.

-Алғашқы Ұстаздарың жайында айтып беріңдер?

-Ұстаз біздің екінші анамыз дегенді қалай түсінесіңдер?

-Ұстаз деген жалпы қандай адам?


3.

Мұғалім

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуден балаға.


Абай Құнанбайұлы


Білім алған өзіңнен

Дәрігер,ұшқыш, не ғалым.

Саған ыстық сезіммен

Қарайды жұрт, мұғалім.


Мен де өзіңді әрдайым

Қамқорым деп ұғамын.

Күліп атқан таңдайын

Жарқынсың сен, мұғалім.

Өз үлгіңді ұстаймын,

Айтқаныңнан шықпаймын.

Мен балапан құстаймын,

Баулыдың сен, мұғалім.


Алда талай өтермін

Өмірдің зор сынағын,

Өмірдің зор сынағын

Өнегеңмен, мұғалім.


Нұрхан Жанаев



Абай Құнанбайұлы – ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер .


Нұрхан Жанаев - аз уақыт мұғалімдік қызмет атқарғаннан кейін журналистік салаға ауысып, облыстық радиода, Тереңөзек аудандық «Еңбек майдандық» газеттерінде қызмет істейді. 1958 жылдан бастап Алматыға қызметке ауысып, республикалық газеттерде, баспа, телевидение, радио салаларында көп жылдар бойы белсенді қызмет атқарды. Қазір зейнеткер.


  • Өлеңдегі шәкірт ойын қалай түсінесің?

Шәкірт бала қайталап айтқан «өмірдің зор сынағы» деген не?


  • «Өмірде ұстазы жоқ адам болуы мүмкін бе?» деген сұрақ жайлы ойланып көр.


  • Өлеңнің әр шумағына ат қой.


  • Ұстаз еңбегі туралы эссе жаз.


4.Ал, оқушылар келесі кезекте сендерге мақал-мәтелдердің басын айтамын, ары қарай жалғасын жалғастырасыңдар.

1.Ұстаз болу – жүректің батырлығы

2. Ұстазға қарап – үлгі ал

3.Аспаз көрген аттанар – ұстаз көрген хаттанар

4.Ұстазыңды ұлы – әкеңдей сыйла

5. Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы

6. Ұстаз талантты болса, 
Шәкірті талапты болады.

7. Ұстаздан шәкірт озар.

5.М –мейірімді    Ұ— ұлағатты     Ғ-ғазиз      А-ақылды     Л— лайықты     І-іскер     М— маман

Сөзжұмбақты орындайды.






























Сұрақтарға жауап береді.

























Тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап береді. Дәптермен, тақтамен жұмыс жасайды.

Сергіту сәті

Динара Қырықбаева «Ұстазым» 

Тыңдаған көңілдегі толғамымды,
Шыңдаған тәрбие мен талғамымды.
Өмірдің маған сыйы деп білемін
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды.
 
Талпынған балапан ем ұядағы
Қырандай жетілдірдің қиядағы.
Ұстазға деген ыстық сағынышым,
Бір әнге қалай ғана сыя алады.
 

Қайырмасы:
Ұстазым менің, қамқорым едің
Баулыған асыл өнерге
Жүрегің дархан, өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде.
 
Өмірдің мен білмейтін қатпарларын
Жаныма сіңіргенше тоқталмадың.
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап,
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым.
 

Қайырмасы:

Оқушылар орнынан тұрып орындайды.

Рефлексия:

5 минут.

Рефлексия

«Поезд» әдісі

Жасыл поезд – өте жақсы

Қызыл поезд – орташа

Сары поезд - төмен

Смайликке аттарын жазып жабыстырады.

Үй жұмысын беру:

2 минут.

«Менің сүйікті ұстазым» тақырынбына эссе

Үй жұмысын жазып алады.

Кері байланыс:

2 минут.

Балалар сұрақтарыма жауап береді.

Бағалау:

3 минут.

Бағалау «Смайлик» арқылы

Керемет –барлық тапсырмаларды қатесіз орындаған

Жақсы- аздап кемшілік жіберген

Талпын- әлі көп жұмыс жасау қажет

Сұрақтарға жауап беріп, белсенді оқушылар алады.