Тақырыбы: "Жолда жүре біл!"
Мақсаты:Балаларға жолда қалай жүру керектігін түсіндіру, оларды жол ережелерімен таныстыру.Балаларға жолда жүру белгісінің неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, белгінің атқаратын қызметі қандай екенін түсіндіру. Сондай-ақ қойылым ойыны арқылы жолда жүру ережесін есте сақтау қабілеттерін тексеріп, оған қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: Жолда жүру белгілерінің суреті, бағдаршам, жаяу өтпе жолы,жылжымалы папка, кішкентай машиналар.
Жүру барысы:
Шаттық шеңбері.
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл-қыздар.
Тату-тәтті ойнаймыз.
-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті.Қане, амандасайық.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Жазда қандай ерекшеліктер болады?
-Балалар, адамдар , машиналар жүретін жолдар қандай болады?
Балалар: -Тегіс жолдар, кең жолдар, тар жолдар, қысқа жолдар.
-Егерде өмірімізді, денсаулығымызды сақтағымыз келсе жолда
қалай жүруіміз керек?
Балалар: - Әрқашанда жол ережесін сақтауымыз керек.
-Демек, жаяу жүргіншілерге қойылатын талапты бұлжытпай орындайық!
Балалар: Жол тәртібін білейік
Аман-есен жүрейік!
-Балалар көшеде әркімнің өз жолы бар:
Адам - жүргіншілер жолы (ала жолақ), тротуармен.
Машиналар - даңғылмен.
Велосипед - жол жиегімен.
Трамвай – рельспен.
-Балалар, жол ережесін бұзбау үшін біз нені дұрыс білуіміз керек?
(Бағдаршамның белгілерін дұрыс білуіміз керек.)
-Бағдаршам дегеніміз не?
(Адамдарға, көліктерге дұрыс жолды бағыттаушы.)
-Оның неше түсі болады?
(Үш түсі.Қызыл, жасыл, сары.)
Ендеше, бағдаршам біздің сенімді, әрі қайырымды досымыз. Оған біздің бәріміз бағынуымыз керек.
-Қызыл түсі жанса біздер не істеуіміз керек? -Ал сары түсі жанса не істеуіміз керек? -Ал жасыл түсі жанса не істейміз?Бағдаршам туралы тақпақтар.
Асылжан:
Бағдаршам тіліне, Бағынбауға болмайды. Тас қып байлап түбіне, Жазалайды оңбайды.
Асель:
Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған.
Нұрай:
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолында
Абай бол, шартымды міндетті орында.
Айерке:
Қай қалаға, қай көшеге барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі-заңды тәртіп,
Жол - ортақ!Үлкен, кіші баршамызға.
Жұмбақ жасыру.
1. Денесі бар, басы бар
Ал бірақта жаны жоқ.
Үш көзінде жалын – от,
Кезектесіп жұмылар,
Кезектесіп ашылар…
Жұмбақ шешер кімің бар?
(Бағдаршам)
2. Төрт аяғы дөңгелек
Адамсыз ол жүрмейді
(Машина)
3.Үзеңгісін тептім
Зымырап кеттім.
(Велосипед)
4. Арқаным бар тым ұзын,
Кесіп бірақ ала алмайсың бір үзім.
(Жол)
Ойын «Көлік түрлері»
Ал енді балалар қане шеңберге тұрайық.Мына ойыншықтарға қараңдаршы?
- Мынау қандай ойыншық? (машина)
- Машина қайда жүреді? (жолда, көшеде)
- Ол қандай дыбыс шығарады?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
- Ал, мынау қандай ойыншық? (кеме)
- Кеме қайда жүреді? (суда)
- Қанеки, қолымызбен көрсетейікші.
- Су толқынымен былай-былай жүзеді екен.
- Ал, мынау қандай ойыншық? (ұшақ)
- Ұшақ қайда жүреді? (ауада ұшады)
- Екі қанаты аяғы бар екен.
- Ол қалай ұшады, қалай дыбыстайды?
- Төменнен жоғары қарай (ву-ву-ву)
- Ал, мынау қандай ойыншық? (пойыз)
- Пойыз қайда жүреді? (теміржолда)
- Ол қандай дыбыс шығарады?
- Бум-бум, бум-бум, шик-шик, шик-шик.
- Қолмен бәріміз көрсетейік.
-Балалар, біз бүгін не туралы айттық?
-Жолдан дұрыс өту үшін нені білуіміз керек? (Балалардың жауаптары)
Балаларды мадақтау.
«Зейнеп,Амина және балапандар» бөбекжай балабақшасы
"Жолда жүре біл"

Өткізген: Мукангалиева Нургуль Сапидолдаевна
ІІ-ші кіші топ тәрбиешісі
Атырау 2018 жыл