«Мультимедиялық технологияларды қолдану әдістері арқылы сабақ өткізудің тиімділігі»
Қазақ тілі жәнеэкономикалық пәндер бірлестігінің оқытушылары
Сәндібекова Жұлдызай Қайырбекқызы
Білім берудегі мұғалімдер алдындағы басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі- оқытуды ақпараттандыру,яғни оқу үрдісінде ақпараттық кеңістікті құру еніп,көкей тесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.Қоғам индустриялдық кезеңнен кейінгі дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты.Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім,білік,дағдының көлемі күннен – күнге артып,мазмұны өзгеріп отыр.
Болашақ білім ошағы – бұл «ақпараттық ғасыр ордасы».Оның негізі – өз бетінше жетіле алуға қабілетті,жалпы және кәсіби мәдениетті меңгерген кәсіби білікті,бәсекеге қабілетті және ынталы маман.
Жаңа ақпараттық технологияллар,мультимедиялық өнімдер – оқытудың сапасын көтеруге жауапты,білімді,жаңа шешімдер таба алатын,қажетті білімді тез және тиімді қолдага алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеудің – бірден бір жолы.
Мультимедия түсінігін тар мағынада дыбысты шығаратын (дыбыс картасы арқылы) және лазерлік компакт дисктермен (CD – ROM) жұмыс істейтін аппараттарды айтады.
Әрбір оқытушы өзінің педагогикалық қызметін жоғары деңгейде көрсету үшін мультимедиялық технологияларды пайдалана білумен қатар,сол аталған технологияларды тікелей оқыту процесінде қолданудың қажетіліктерін анықтай білуі керек.
Бірінші қажеттілік – дәстүрлі оқыту әдісінде тәжірибелік дәлелдеулерді жүзеге асырылуы мүмкін емес заңдылықтар мен теорияларды,ұғымдарды,макро және микроәлем жөніндегі түсініктерді,пәнаралық байланыс сипатындағы күрделі оқу материалдарын оқыту үшін студенттер мен оқушыларда қажетті білімдер жүйесінің болуы.
Екінші қажеттілік – студенттер мен оқушыларда репродуктивті дағдының қалыптасуы.Мұндай қажеттілік оқу экспериментін жобалау,мазмұнына қатысты мәліметтерді жинақтау,жүйелеу,жіктеу,талдау секілді іс-әрекеттер кезінде байқалады.
Үшінші қажеттілік – студенттерде,оқушыларда шығармашылық (креативтілік) дағдының қалыптасуы.Бұл қажеттілік күрделі экономикалық есептерді шешу,зертханалық эксперименттерді жүргізу,объектіні модельдеу,қандай да бір процестің өтуіне әсер етуші факторларды анықтау кезінде байқалады.
Төртінші қажеттілік – студенттер мен оқушыларда белгілі бір тұлғалық сапаның қалыптасуы.Бұл қажеттілік әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы жас жеткіншектерді адамгершілікке,ізгілікке тәрбиелеу кезінде көрініс береді.Жастарда тұлғалық сапаның болуы оның қоғам алдында жауапкершілігін күшейтеді.
Осы аталған қажеттіліктерге байланысты мультимедиялық технологияларды пайдалану оқытудың мазмұнын өзгертіп,формасын жаңаша қалыптастыруға негіз болады.
Мультимедиялық технологияларды білім беруде қолдану мынадай педагогикалық мақсаттарға бағытталған:
1.Ақпараттық қоғамда студенттің,оқушының тұлғалық іс-әрекетін дамыту:
- Жеке тұлғаның ойлау деңгейін жоғарылату,оның бойында білім қорын қалыптастыру мақсатында психологиялық- педагогикалық әрекеттер қарқынын арттыру;
- Қабылдау, есте сақтау секілді іс-әрекеттерді жүзеге асыру іскерлігін қалыптастыру және дамыту;
- Имитациялау,модельдеу процестерін ұйымдастыру негізінде студенттер мен оқушылардың экспериментті –зерттеушілік қызметтерді орындау деңгейін қалыптастыру
2.Үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқыту процесінің барлық деңгейін жандандыру:
-Мультимедиялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану есебінен оқыту процесінің тиімділігін,сапасын арттыру;
- Түрлі пәндік ортада ақпарат өңдеу құралдарын пайдалану арқылы пәнаралық байланысты тереңдету;
- Мультимедиа-ресурстарды тиімді пайдалану негізінде ашық білім беру идеясын дамыту;
Қазіргі таңда өзіндік іс-әрекетті қалыптастыруда мультимедиялық технологиялар:
Макро және микро әлемдегі күрделі құбылыстар мен процестерді модельдеу арқылы оқытуды жүзеге асыру;
Әртүрлі физикалық,химиялық биологиялық,әлеуметтік т.б.өте жылдам немесе жай өтетін құбылыстарды кез –келген уақытта оқып үйренуге мүмкіндік беру мәселелерін шешуге бағытталуы керек.
Осы ұстаным бойынша мультимедиялық технологиялық оқыту процесінде тиімді пайдаланудың мынадай алғышарттарын анықтауға болады:
дидактикалық, психологиялық – педагогикалық,экономикалық,эргономикалық,техникалық.
1.Дидактикалық шарттар:
-Сабақтың мазмұн мен формасына байланысты мультимедиялық технологияларды мүмкіндіктеріне қарай алдын ала дайындаудың,кешендеудің перспективалы жоспарын жасау;
-Оқу материалдарына әдістемелік талдау жасау.Айталық кейбір пәндерге қатысты оқу материалдары бірнеше ондаған жылдар бұрын дайындалған.Міне сол материалдарды жаңа мәліметтермен үйлестірудің жолдарын қарастыру,пәнге қатысты негізгі мәліметті қосымша мәліметпен толықтыру,мультимедиялық технологияларды ұсынатын оқу материалдары көрнекілік ұстанымына негізделген.Сондықтан да оны оқытудың ажырамас бөлігі деп қарастыруымыз қажет.
Мультимедиялық технологияны қолданып оқытудың басты міндеттерінің бірі мотивацияны көтеретін,білімді тереңдетуге оқушылардың практикалық қызметтерінде психофизикалық қасиеттерін дамытуға әсер ететін,ойындық компьютерлік ортаны құру болып табылады.Ақырғы мақсатты компьютерді жан-жақты қолдану арқылы,жалпы білім беру міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін сабақтар жүйесін құру.
ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр
Компьютерлік техниканы,интернет,компьютерлік желі,электрондық және телекоммуникациялық құралдарды,интерактивті құралдарды,электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Сабақ кезінде слайд – фильмдерді( Power Point) пайдалану дәстүрлі әдістермен салыстырғанда,сабақтың динамикасын,көрнекілігін,ақпараттың өте жоғары деңгейін қамтамсыз етеді экономикаға деген қызығушылығын арттырады.Сабаққа дайындық барысында элетрондық оқулықтар,Internet желісінің ақпараттары қолданылады.Экономикадан оқушы ол үшін электрондық оқулықты қолдану тиімді.
Электронды оқулықты қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:
-Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;
-Оқшының өздігімен дайындалып,жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге;
-Жұмысты тиянақты түрде орындап,мұғалімге файл түрінде тапсыруға;
-Түсінбеген тақырыпты шексіз қайталауға;
-Оқулықты сабақтарда қолданып,оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;
-Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.
Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері пайдаланып жасалынған электрондық баспа оқулығын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылардың өздігінен жұмыс жасай алады.Әсіресе аталған электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарылатып,өздігінен мұғалімнің нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға алдан ала дайындауларына мүмкіндік туғызады.
Электрондық оқулықты пайдалану арқылы:
-сабақта техникалық құралдарды ,дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;
-мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;
-оқушының пәнге қызығушылығы;
-алынған білім,дағды деңгейі;
-білімнің тереңдігі;
-тексеру түрлері,бағалау;
-практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады;
Қорыта келгенде электрондық оқулықты қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады.Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік,дидактикалық көмекші құралдары молынан ала алады.Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық материалдарды сабақта пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.Сонымен қатар электрондық материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп,өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды.Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша қажетті материалдарымен танысып,кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады.Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер,бейне көріністер,дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады.Бұл,әрине мұғалімнің тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді,әрі түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды компьютердің көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймыз.