МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛА ҮШІН ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл — ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.
Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мəселе болып отыр. Дене кемістігімен ауру адамның əлеуметтік өміріңдегі мінез-құлқының ауытқуына əкеп соқтырады. Əулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы бақытсыздық бəрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Кез келген жанұяда кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға деген мұңдай қамқорлық оған күшті əсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлексіткендей сезінеді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тəрбие берудегі ғылымның нəтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану. Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына жəне айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт-бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.
Сонымен, инклюзия бұл-қазіргі кездегі қажеттілік. Әр баланың жеке тұлғасы қымбат бола тұра, біздер сенімдіміз, ерекше қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік ортаға кіру үшін отбасынан басқа орта керек, басқа балалармен араласу керек, ата-анадан басқа мұғалім қажет.
Ата –аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер мен мамандар іс-әрекетінде бірлестік, жүйелілік болса ғана инклюзивтік тәрбие жұмысы жақсы нәтиже көрсетеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше білім беру назарсыз қалмауы үшін әр педагог әдіс-тәсілдерін нақты ойластыру қажет. Тек қана балаға бейімделген тәрбие оның ішкі потенциялын ашуға мүмкіндік туғызады, әр адамға қарап, сабырлылыққа тәрбиелейді, отбасыларымен қарым-қатынастықты нығайтып, оқу барысына кірістіреді.
Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы пәндері сабақтарында алдымен үлгерімі төмен оқушылар анықталады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты: оқушыларды мәдениетке баули отырып, мәтін жайлы, рухани дүниесін байыту, мәтінді талдауға, ой қортындысын табуға, ізденімпаз, ұлтжанды дара тұлға тәрбиелеу.
Үлгермеуші оқушылармен жұмыс жасау жоспары:
Сабақ сұрарда оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру,
Оқушылардан сабақ сұрарда тақтада көбірек жұмыс істеуге жағдай жасау;
Сұраққа жауап беруде мүмкін болатын жауаптарды ұсыну,
Көрнекі құралдарды пайдалану,
Бағалау кезінде мақтау, мадақтау сөздері арқылы ынта ықыласын арттыру.
Жаңа сабақ барысында үлгерімі төмен оқушыларға өз пікірлерін қосуға, жаңа сабақты меңгергенін анықтау үшін сұрақтар қою, көрнекі құралдармен, мәтінмен жұмыс жасауға дағдыландыру. Сабақ кезінде ерекше көңіл бөлініп, оларға жеке деңгейлік тапсырмалар беріледі. Топпен жұмыс барысында оларға шектеу қойылмайды, бірақ тапсырмалары өзгеше және жеңілдетілген түрде беріледі. Мысалы, 6 сыныпта тарих сабақтарында жұмыс жасау барысында оқушының топпен жұмыс жасағанды ұнататындығын байқадым. Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында оқушы қызығушылық танытып, жауап беруге және өз ойын еркін білдіруге ұмтылады. Картамен жұмыс жасағанды ұнатады. Үйге тапсырма беру кезінде параграфты толықтай бермей қысқартылған түрде беремін, тест жұмыстарын жасау кезінде де жеңілдетілген түрін қолданамын. 9 сынып оқушыларымен жұмыс жасау кезінде бірсыпыра қиындықтар кездеседі. Олар есте сақтау қабылетін жақсарту мақсатында ауызша тапсырмалар беріледі. Сұраққа жауап беру барысында білгенін дұрыс жеткізе алмай қиналады. Сонымен қатар сыныптастарының алдында өз ойын ашық айтуға ұялады. Сондықтан үй тапсырмасын немесе топпен жұмыс істеу кезінде оларға жеке тапсырмалар беріліп, жеке жауабы жазбаша алынады. Бірақ картамен жұмыс жасағанды ұнатады. Суретке қарап әңгіме құрастырғанды, ребустар, сөзжұмбақтар шешкенді қызығушылықпен орындайды. Адам.Қоғам.Құқық пәнінде біз көбінесе үйде оқып келіп сыныпта талқылаймыз. Себебі өтетін тақырыптар оқушылардың күнделікті өмірлерімен байланысты. Бұл сабаққа оқушылар аса зор қызығушылықпен келеді. Өз ойларын еркін білдіріп, қысылмай сөйлейді. Менің байқағаным сабақ сұрағаннан гөрі олармен әңгімелесу, өз өмірлерінен мысал келтіру, достары туралы, қоршаған орта туралы пікірлерімен бөліскенді жөн көреді. Зайырлылық және дінтану негіздері пәніне деген қызығушылықтары да жоғары. Сабақ кезінде біз пікірталастар, дөңгелек үстелдер өткіздік. Осы жұмыстарды атқару кезінде олардың басқа оқушылармен бірдей өзекті мәселелерге ден қоюы және жауап тауып айтулары мені таң қалдырды. Қоғамдық пәндерге деген қызығушылықтары зор екендіктеріне куә бодым. Тарих сабақтарында да осындай тәжірибелер өткізу алдыңғы жоспарымда бар.
2016-2017 оқу жылының қыркүйек айында тарих пәні бойынша үйде оқытуға қатыстым. Сонда кездескен қиындығым оқушының қабылдау қабілетінің төмендігі, есте сақтау қызметінің нашарлығы сабақ жүргізу барысына кедергі келтірді. Сондықтан көбінесе оқушыны қызықтыру үшін суреттермен жұмыс жасағанды таңдап алдым. «Кім қайда өмір сүрді?», «қандай кезең бейнеленген?», «қандай шаруашылық түрі көрсетілген?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы қызығушылықты оятуға тырыстым. Сонымен қатар әртүрлі бейнематериалдар арқылы тарих сабағымен байланыстырып отырдым. Тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі туралы суреттер көрсету , сурет салу арқылы сабақ өтті. Үй тапсырмасын сұрау барысында суретке қарап әңгімелеуді ұнатты.
Мүмкіншілігі шектеулі баланың отбасындағы қарым- қатынасын және өзі қатарлас балалармен қарым-қатынасын анықтау, олармен бірдей деңгейде араласуына мүмкіндік туғызу, білім деңгейіне сай оқыту және қоғамның болашақ өз-өзіне сенімді азамат етіп тәрбиелеу үшін педагог мамандар ата-аналармен, әлеуметтік сала қызметкерлерімен тығыз байланыста болуы керек. Тек осы жағдайда ғана, мүмкіндігі шектелген балалардың өздерін қоғамның толыққанды азаматы ретінде қабылдауына жағдай туады.