СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мұнай қоймасы мен газ сақтағыштарының құрылысы" пәнінен ашық сабақ дайындамасы

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Мұнай қоймасы мен газ сақтағыштарының құрылысы" пәнінен ашық сабақ дайындамасы»



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

БҚОӘББ «Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі» МҚКҚ









«Бекітемін»

ОӘЖ бойынша

директордың орынбасары м.а

________Г.Ж.Абилькаримова

«____»__________2020ж.








«Мұнай қоймалары мен газ сақтағыштарының құрылысы» пәнінен

«Тік цилиндрлі болат резервуардың құрылысы» тақырыбында ашық сабақ дайындамасы































Орал 2020ж.





Құрастырған : арнайы мұнай – газ пәндерінің оқытушысы

Жирентаева Б.Ж ______________

«Талқыланды»

Мұнай мен газды тасымалдау, сақтау

ПЦК №_____отырысында

ПЦК төрайымы

_______ А.З.Зинелова

«__»__________2020 ж.




Келісілді :

Әдіскер _____________А.М.Кайырлиева








































Пәні: Мұнай қоймалары мен газсақтағыштарының құрылысы

Тақырыбы: Тік цилиндрлі болат резервуарлардың құрылысы.

Топ: МГ-231.1қ

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекі құралдар: Слайдтар, кроссворд, тест, макет

Өткізілетін дәрісхана: № 227

Өткізілетін мерзімі: 05 .02.2020ж.



Сабақтың құзыреттілігі:



Ақпараттық құзыреттілік: Оқушылардың «Мұнай қоймалары мен газсақтағыштарын салу» пәнінен білімдерін жүйелеу, материалдары және пішіні әр түрлі резервуарды салу технологиясын ұғындыру.

Комуниктивтік құзыреттілік: Мұнай қоймалары мен газсақтағыштарын салу пәнінен білімдерін және білім базасын дамыту, болашақта таңдаған мамандықтарына деген көзқарасын жетілдіру, кәсіби бағдармен байланыстыру арқылы қызығушылығын арттыру. Оқушының өз ойын еркін білдіру, белсенділік қабілетін дамыту.

Мәселені шешу құзыреттілігі: Оқушыларды білім, пайдалы істерге жетелеу, қазіргі таңда білімнің адам өміріндегі маңызы жөніндегі білімін нығайту, білімге дұрыс көзқарас қалыптастыру.



Сабақтың өткізілу барысы:

1. Ұйымдастырылу сәті – 2 мин

2. Оқушылардың білімін белсендендіру, үй тапсырмасын тексеру – 20 мин

3. Жаңа сабақты түсіндіру – 30 мин.

4. Рефлекстендір – тақырыпты бекіту, тест – 10мин

5. Үйге тапсырма беру – 3мин

6. Сабақты қорытындылау – 5мин



2. Оқушылардың білімін белсендендіру – оқушылардан меңгерілген тақырыптарды түрлі әдістер арқылы ауызша және жазбаша сұрау. Үй тапсырмасы өткен тақырып бойынша, яғни темірбетон резервуарларын салу технологиясы және металл резевуарлар туралы жалпы сипаттама туралы оқушылардан түрлі әдіс бойынша сұралады.



Оқушылардың білімін тексерудің түрі:

  1. Сұрақ –жауап:

  1. Бетон дегеніміз не?

  2. Бетон қандай көрсеткітері бойынша жіктеледі?

  3. Бетон салмағына байланысты қалай бөлінеді?

  4. Бетон қоспасына байланысты қалай жіктеледі?

  5. Темірбетон резервуарларының артықтышықтарын ата

  6. Темірбетон резервуарларының кемшіліктерін ата

  7. Бетон тағайындауына байланысты қалай жітеледі?

  8. Темірбетон қандай материал?

  9. Темірбетонды конструкциялар дайындау əдісіне байланысты қалай бөлінеді?

  10. Құрастырмалы және тұтас құймалы темірбетон айырмашылығы



  1. Семантикалық карта



Атауы

Ірі кеуекті, кеуекті, ұялы болып бөлінеді

А əрпімен, рим цифрымен белгіленеді жəне

А – І, А – ІІ, А – ІІІ, кластарына жіктеледі

құрамалы, тұтасқұймалы

Қоңыр түсті мұнай өнімдерін сақтауға арналған

сыртқы күштердің əсерінен өз өлшемін өзгерте алуы

Өнім



1850 ж пайда болған уақыты

Бетон

 +

 

 

 

 

 

Темірбетон

 

 

 

 

 

 

+

Бетон деформациялығы


 

 

 

+

 

 

Арматура

 

+

 

 

 

 

Темірбетонды конструкциялар

 

+

 

 

 

 

Темірбетон, резенке материалды қоймалар

 

 

 

+

 

 

Мазут

 

 

 

 

 

+

 



  1. Темірбетон резервуарларын салу технологиясын кезең кезеңімен слайд арқылы түсіндіру. Слайдта құрылысқа қатысты суреттер беріледі. Оқушылар темірбетон резервуарын салу кезеін анықтап, қалай жүзеге асырылатыны туралы сипаттайды.


  1. Техникалық диктант.

  2. Жер жұмыстары.

Резервуар салуда жер жұмыстарында _____ см жердің _____ қабатын ____алады. Топырақты одан әрі қарай _____ өндіреді. Котлованға кіру жолын _____ м, еңістікті ____%. кем емес етіп алады. Резервуар түбінің негіз топырағын бұзбас жобада белгілеген шамадан ___ cм жетпей алады, қалған өңделмеген жерді бульдозерлермен өндіреді , ақырғы тазартуды _____ өндіреді . Жолақтардың енін виброрейкалардың ұзындығына байланысты _____ м қылып алады. Резервуар түбіне _____ маркалы бетон қолданады. Бетон дайындығының қалыңдығы _____ см.



Меңгерілген тақырып крассворд арқылы қортынладнады.

1. Қоңыр түсті мұнай өнімдерін қандай резервуарда сақтайды? (темірбетон)

2. Зауыттан құрылыс алаңына дайын күйінде әкелінетін резервуар?(көлденең)

3. Қысым астында өзінің формасын өзгерте алатын және қысымнан босатқаннан кейін өзінің өзгерген формасын сақтап қалатын топырақ түрі(сазды)

4. Негіздің формасы(еңіс)

5. Резервуардың биіктігі мен диаметрі резервуардың .............. болып табылады. (параметрі)

6. Жер жұмысын орындайтын машина түрі (экскаватор)

7. Галзгольдердің құрылғысы (қоңырау)

8. Резервуардың формасына байланысты түрі (тамшы)

9. темірбетон резервуарын салуда дайындық бетондайда бетон бетін тегістейтін құрылғы (виброрейка)





  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа тақырып: «Тік цилиндлі болат резервуарлар құрылысы.»



Сабақ жоспары:

1. Рулон конструкцияларын дайындау құрылғысы

2. Дайындық және жер жұмыстары

3. Резервуар қабырғасын жою және жабынын монтаждау.



Жаңа сабақ презентация, видео және макет арқылы түсіндіріледі.

  1. Рулон конструкцияларын дайындайтын құрылғы

Рулон конструкцияларын екі ярусты стендта дайындайды. Бірінші ярусында болат беттерін жинап, бір жағын пісіреді. Болат беттерді электромагниттермен жинайды. Стендтің артқы бөлігінде диаметрі 3300мм барабан орналасқан,ол пісірілген болат беттерді орауға арналған. Өңделген беттер кран көмегімен бірінші ярусқа пісіру орнына оналастырылады. Электромагниттермен беттерді ұстап, бекітеді, ТС-17М дәнекерлеуші тракторымен пісіреді. Пісірілген дайын жазықбет секцияларын ярустын артында жоғары орналасқан барабанға орайды. Жоғары яруста жазықбеттің екінші жағын дәнекерлеп, тігіс жіктерін сол жерден тексеріп, сынайды. Жазықбеттерді рулон ретінде арнайы планшайбаларда орайды. Планшайбтың орау жылдамдығы 2м/мин.

Планшайб мыналарды қамтамасыздандырады.

А) барлық процес автоматтандырылған

Б) өнімнің жоғары сапасы

в) өнімділігі жоғары, еңбек күшіде жоғары

Болат беттердің қалыңдығы 16 мм дейін, болат беттердің өлшемі 1500х6000мм.

Болат беттерді таңдап алар алдында дайындаушы зауыттың сертификатын тексеріп алады, онда маркасы, химиялық құрамы, механикалық қасиеттері қаралады. Рулон дайындайтын беттерде қабыршақтар, жарық, қабаттану, ойықтар болмауы тиіс.

Резервуарлардың жабыны мен қабырғалары құрылыс алаңына зауыттан дайын күйінде жасалады.

Резервуар конструкциялары құрылыс алаңына рулон екі этапта әкелінеді. Бірінші зауыттан аралық қоймаға теміржол және су жолымен әкелінеді, екінші аралық қоймадан құрылыс алаңына автомашиналармен әкеледі.

Рулон ұзындығы 12м, диаметрі 3м. Теміржол немесе автокөлік платформаларына тракторларға тартылған тростар көмегімен тиейді.Ол үшін стеллаж бен платформа арасында арқалық (балка) орнатылады.


  1. Тік цилиндрлі резервуарды монтаждау

Тік цилиндрлі резервуарды монтаждау мынадай кезеңдері :

- негізін қабылдау және белгілеу

- түбті монтаждау және дәнекерлеу

- қабырға рулонын тік қалпына келтіру және орталық тіректі орнату

- жабынымен бір уақытта қабырға рулонын жаю.

- монтадждық қосылыстарды пісіру

- резервуарды сынау


Резервуар түбінің монтажы.

Жалпы монтажды жүргізу әдістеріқұрылыс нормаларына, техникалық нұсқауларға және жұмысты өндіріс жобасына сәйкес жасалуы тиіс. Жұмысқа қажетті механизм, құрылғылар, материалдардың тізімі жасалады.

Резервуар негізін акт бойынша қабылдайды. Негіздің түбіне геометриялық өлшемдерін белгілейді, яғни орталық және айналасындағы шеткі шекараларын белгілейді. Негіз қабылданғаннан кейін оның орталығын ұстатқыштармен (колышкамен) түбтің жобалық және монтажды жіктерінің жағдайын белгілейді. Резервуар түбінің рулондарын сыйымдылығына байланысты тұтастай немесе екі, төртке бөліп әкеледі. Егер түбінің рулоны тұтастай болса, оны жаю оңай болды. Ал бірнеше бөліктен тұратын түб рулондарын бір біріне келістіріп, орналастыру, оның шеттерін келтіріп пісіру жұмыстары болады. Рулонды бекіткен бекіткіштерін алмас бұрын, рулонды троспен орайды, себебі рулон өздігінен жайылып кетпеуі үшін. Резервуар түбін жобалық белгіге келтіру рулонды тракторлар көмегімен жаю арқылы жүзеге асырылады. Монтаждық тігістерді автоматты, жартылай автоматты немесе қолмен жүргізеді.

Сыйымдылығы 5000 м3 сегментті шетті түбтері бар резервуарды монтаждау. Түбтің орталық бөлігін төсегеннен кейін монтажды жүргізеді.

Бірінші жағдайда түбтің ішкі жағын темір бетонды сақиналы іргетасқа келтіріп орналастырды және жою кезінде сегментті шеттерінің жағдайы қадағаланады, тегістеп жаю кезінде түбтің орталық бөлігін өзінің шеттерімен сегментті шеттерге тез орналаса қояды.

Екінші жағдайда сегментті шеттерінің ішкі бөлігін кранмен немесе құбыр жаюшымен келтірген жазықбеттің астына салды.

Қай жағдай болмасын белгіні болатсымның көмегімен жүргізеді. Оның бір шеті орталық штырға бекітілген, екініші шетіне бетон мен металға сақиналы сызықіз жүргізуге мүмкіндік беретін чертинкаға бекітілген.

Төсеніш түйіндерін дәнекерлеу автоматты және жартылай автоматты әдістермен орындалады.


3.Резервуар қабырғасының рулонын жаю.

Тұрқы мен жабынды монтаждау үшін құрастырып, пісірілген түпке ортасы мен қабырға сызықіздерін белгілейді. Ортасына қадалық пісіреді, одан сызықізге дейін белгі жүргізеді. Тұрқының сыртқы диаметрі бойынша төменгі белдеушесінен түбіне сызықіз сызады. Сызықіздері арнайы майлы бояулармен белгілейді.

Сыйымдылығы 100 -700м3 резервуарларда рулонның салмағы 10 т аспау керек, сондықтан оларды орнату қиындыққа соқпайды.

2000, 3000,5000 м3 сыйымдылықтағы резервуар корпусының рулондары сәйкесінше 25, 34, 45 т.

Сыйыдылығы 10000м3 резервуарлрдың салмағы 50т. Бұндай ауыр рулондар қуатты крандар арқылы көтереді. Рулонды негіз ортасына тастайды. Рулонды тік жағдайға А тәрізді шевр,полиспаста, трактор, тракторлы жүкшығыр арқылы көтереді. Рулонның төменгі жағына топсалы шарнирлі құрылғы орнатады, оның ортаңғы жағы винттік тартпалармен рулонға пісіреді немесе бекітеді. Тұрба бөлігі арқылы ортлыққа өткен шарнирлі құрылғының соңғы түпке уақытша бекітілген бөлшектерге сүйенеді, ал құбырға сонымен қатар А тәрізді шеврдің аяқтары да бекітіледі.

Жабдықтау кезінде нұсқама рулонның алдында орналастырады. Нұсқаманың басына полиспасттың жоғары блогі , рулонның үстіне арқан жібі тіркеледі. Диаметрі 600 – 800 мм болатын жапырақша тәрізді қалыңдығы 8 мм болат дискі төсейді. (Поддон)

Рулон басына келесі келесі тракторға немесе жүккөтергішке тежегіш арқанын бағытайды. Рулонды көтеру алдында рулонның ось бойынша ұзындығының көтеруші механизміне, шевр басы мен тежегіш тракторының сәйкестігін тексереді. Рулонды көтеру полиспаттың жылжымалы жібі, жүккөтергіш арқанын тарту көмегімен жүзеге асады. Тежегіш трактор тежегіш арқнын жайлап босатады. Тежегіш трактор рулонды демеп, поддон үстіне түсуіне мүмкіндік береді. Рулонды көтеру жауапты операция, бұны орындауға тәжірибелі монтажниктер, басқарушылар, механизм жүргізушілер жіберіледі.

Трактор қозғалғанда тросты тартып, рулонды түбтің шетіне қарай жылжытады.

Корпусты 5 - 6 м жазғаннан кейін, бұл процесті тоқтатады және жабынды щитін жабдықтайды. Одан кейін рулонды жазуды жалғастырады,4 -5 метрге ашқаннан кейін келесі щитті орналастырады. Алдыңғы орнатылған щиттің шетімен жанасуы керек.



  1. Бекіту сұрақтары


1.Фронталды сұрақ қою, тестілеу өткізу.


1. Рулон конструкциялары қандай құрылғыда дайындалады?

2. Электробекіткіштер не үшін қажет?

3. Тік цилиндрлі резервуарды монтаждаудың негізгі кезеңдері қандай?

4. Резервуар түбін қалай монтаждайды?

5. Рулон қабырғаларын қандай құлылғы көмегімен көтереді?

6. Рулон қабырғаларын жаюдың технологиясы қандай?



2. Ребус шешу





Тест сұрақтары.

1. Резервуарды зауыттан жасалған рулондардан жасау әдісі қалай аталады?

А) цементті

В) жапырақшалы
С) индустриалды
Д) салыстырмалы
Е) қалқымалы

2. Тік цилиндрлі болат резервурларды салу мынадай негізгі этаптардан тұрады. Дұрыс емес жауапты тап.

А) рулонды тік жағдайға тұрғызу

В) негізін қабылдау
С) түбін монтаждау
Д) түбіндегі дайындықты бетондау
Е) қабырға рулонын жаю

3. Резервуар қабырғасының рулонын жаю кезінде қанша метр жайғаннан кейін жазуды тоқтатады?

А) 10 м

В) 1-2 м
С) 2- 2.5 м
Д) 2 – 3 м
Е) 5 - 6 м

4. Рулонды көтеру кезінде оның алдына поддон төсейді. Оның диаметрі және қалыңдығы қанша?

А) диаметр 300 – 500 мм, қалыңдығы 8 мм

В) диаметр 900 – 1000 см, қалыңдығы 8 мм
С) диаметр 200- 990 мм, қалыңдығы 8 мм
Д) диаметр 600 – 800 мм, қалыңдығы 8 мм
Е) диаметр 100 – 1000 мм, қалыңдығы 8 мм

5. Рулонды қандай құрылғыларда дайындайды?

А) ТС 17 М

В) деррик кран
С) тракторлар
Д) екі ярусты стенд
Е) машина

6.100-700 м резервуардың корпус рулонының салмағы қанша?

А) 10 т

В) 20 т
С) 30 т
Д) 80 т
Е) 50 т

7. Рулонды тік жағдайға қандай құрылғы көмегімен көтереді?

А) машина

В) А тәрізді шевр
С) трос
Д) адамдар
Е) сақина

8. 2000м, 3000м, 5000м резервуардың корпус рулондарының салмағы сәйкесінше қанша?

А) 25, 34, 45т

В) 23, 65, 89 т
С) 21, 56, 78 т
Д) 33, 45, 56 т
Е) 24, 35, 98 т

9. Неліктен резервуар қабырғасының рулонын жазуды әр 5 - 6 м сайын тоқтатылады?

А) негізін тексеру үшін

В) түбінің тегістігін қарау үшін
С) демалу үшін
Д) рулонның дұрыс жайылғандығын тексеру үшін
Е) щит жабынын жабдықтау үшін

10.Тік цилиндрлі резервуардың түбі негізі неше бөліктен тұрады?

А) 8

В) 4
С) 2
Д) 3
Е) 1



  1. Үйге тақырыпты толықтырып конспектілеу.



Темірбетон мен тік цилиндр болат резервуарын салу кезіндегі ұқсас жұмыстар мен айырмашылықтарын жазу.



Темірбетон резервуар

салу технологиясы

Ұқсастығы

Тік цилиндр болат резервуар

салу технологиясы

  1. Дайындық жұмыстар



  1. Жер жұмыстары



3. Резервуар негізі



4. Резервуар қабырғасы мен жабынын монтаждаудағы ерекшелігі



  1. Пісіру жұмыстары





6. Сабақты қорытындылау, баға қою.