СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мүсіндеу. "Айсұлуға моншақ жасаймыз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ортаңғы тоқа арналған мүсін пәнінен конспект. тақырыбы. Айсұлуға моншақ жасаймыз.

Просмотр содержимого документа
«Мүсіндеу. "Айсұлуға моншақ жасаймыз"»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Мүсіндеу

Өтпелі тақырып: Ғажайып әлем

Тақырыбы: Айсұлуға моншақ жасаймыз

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Шыдамдылыққа , еңбексүйгіштікке , сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: шығармалық қабілеттерін, ой -өрісін , қиялын дамыту.

3.Оқыту: Домалақ пішіндер жасай отырып, саусақ қимыл- қозғалыстарын жетілдіру. Мүсіндеу тәсілдерін , түстерін ажырата білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, мүсіндеу

Ресурстармен қамтамасыз ету: ермексаз, қатты картон, қуыршақ Айсулу, моншақтар, тәрелке, сүлгі, моншақтың үлгісі.

Билингвальды компонент: моншақ-бусы.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

ІІ. Негізі бөлімі

Жұмбақ жасыру

Бөбектердей бүлдіршін,

Киініп тұр бір мүсін

Ол қаз басып жүрмейді

Сөйлемейді, күлмейді (қуыршақ)

1.Әңгімелесу

Топқа қуыршақ келеді

-Балалар , бүгін бізге қонаққа қуыршақ келіпті. Қуыршақтың аты -Айсұлу. Айсұлудың көйлегі қандай әдемі. Шашы ұзын, қап- қара.

Аяқ киімі қандай екен ? Бешпеті ше? Тақиясы қандай?

Қуыршақ Айсұлу ұлттық киім киіп келіпті.

Қуыршақтың киіміне, оның ерекшелігіне , тоқталып өту. Айсұлу өзінің әдемі кииімдеріне сәйкес дүкеннен моншақ таңдай алмапты.

Балалар маған көмектесе ме? -екен деп өтініп отыр,

Не істейміз?

Көмектесемізбе?

Қауіпсіздік ережесін түсіндіру.

Онда бәріміз Айсұлуға әдемі моншақ жасап берейік

2.Үлгі көрсету

Ермексазды алып пышақпен кесеміз, тен бөлшектерге. Сосын ермексазды алақандарымызға қойып дөңгелетеміз, бізде дөңгелек пайда болады. Соны саусақтын арсына қойып иземізде дайын жіпке жабыстырамыз.

3.Жұмыс барысы

ермексазды жұмсарту;

алақан арсында домалату;

моншақтарды жіпке тізу;

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Қажет болған жағдайда, жеке балаға көмек көрсетіледі.

Дайын болған моншақтарды ыдысқа саламыз. қолдарын сулықпен сүрту. моншақтарды жіпке тізіп, Айсұлудың мойнына тағып береді. Қуыршақ Айсұлу қуанып ризашылығын білдіреді.

4.Сергіту сәті

Ермексазды қояйық

Орнымыздан тұрайық

Қолымызды соғайық

Бір отырып, бір тұрып

Бір тынығып алайық.

5. Д/о «Түсін ата»

Ойын шарты: Балалар өздері жасаған моншақтардың түстерін атайды.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Балалар қуыршақпен қоштасады.

Дайын моншақтардан көрме ұйымдастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетін қорытындылап , балаларды мадақтау.

Балалар өздерінің жасаған жұмыстарына қуанады , көрмеге қояды.