СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мүсіндеу.Тақырыбы: "Аққала"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ортаңғы топқа арналған мүсіндеу пәнінен  конспект. Тақырыбы: "Аққала"

Просмотр содержимого документа
«Мүсіндеу.Тақырыбы: "Аққала"»

Тақырыбы:Аққала

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: балалардың тілін дамыту және сөздік қорын молайту.

3.Оқыту:Ермексазды алақанға салып айналдырып, әртүрлі көлемдегі домалақтар жасау және оларды өзара біріктіруді үйрету. Аққала жасауда әртүрлі материалдарды қолдана білуге баулу.

Педагогикалық технологиялар: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, үлгіні талдау; 

Ресурстармен қамтамасыз ету: қыс көрінісі, үлестірмелі материалдар, ақ түсті ермексаз, мүсіндеуге арналған таяқша, ермексаз кесетін құрал, сулық, Аққала (қуыршақ).

Билингвальді компонент: аққала-снеговик, қыс-зима, қар-снег.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

- Балалар, менің жұмбағымның жауабын табыңдар

  Мені ешкім өсірген жоқ,

  Қыста ғана боламын

  Көздерім қара көмірден

  Мұрным менің сәбізден

  Суықпын, аппақпын

  Мен, кім екенмін?

- Неге оны осылай атаймыз?

  - Оны қалай жасайды.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Дидактикалық ойын: «Аққала» құрастыр

  - Менде мынандай әртүрлі дөңгелектер бар, солардан аққала құрастырайық.

  - Балалар, сезесіңдер ме, топ бөлмесі салқындап кеткен тәрізді, тықырлап біреу келе жатқан сияқты. Бізге кім келді екен?

Ғажайып сәт. Топқа аққала кіреді

  - Балалар, біздің Аққала көңілсіз сияқты

  Аққала:

  - Сендерге жасқсы, көңілді, бәрің бірге жүресіңдер. Мені балалар жалғыз қалдырып, үйлеріне кетіп қалады. Содан кейін менің көңіл күйім құлазиды. Мына фотосуретте де мен жалғызбын.

  - Біз балалармен саған көмектесейік,көп дос тауып берейік

  Аққала: Әрине, маған дос керек.

2.Үлгі көрсету

Жұмыстың орныдалу ретімен танысады:

  - Өзіміз білетін домалақтау тәсілімен үш түрлі дөңгелек бөлшек жасаймыз. Ол бөлшектерді қолмен жапалақтап, саусақпен тегістейміз. Мұрнын және көзін ермексаздан

жасаймыз.

3.Сергіту сәті

Қар жауғанда топ бала,

Соқты қардан аққала.

Мұрны сәбіз, үп - үшкір,

Көзі көмір, қап - қара.

4.Жұмыс барысы

Ермексазды домалақтаймыз, содан кейін кішкенешұңқырлап, оған таяқшаны немесе жұқа сымтемірді тығып қоямыз.

Қажетті ермексаз түстерін таңдап алады. Оны алақанына салып жұмсартады. Балалар педагогтің көрсетуімен ілесе отырып жасайды.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

 Балалар бүгін біздер не жасадық?

- Пішіні қандай?

балалардың жасаған жұмыстарын қарап, еңбектенгендері үшін балаларға рахметін айтады.

  Аққала:

  - Балалар, сендерге үлкен рақмет

  Маған енді қорқынышты емес,қызықсыз да болмайды. Маған тез далаға шығу керек, әйтпесе мен еріп кетуім мүмкін.