Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старший группе
Өткізу күні / Дата проведения: 05.10.18
Тәрбиеші / Воспитатель :Смағұл П.А
Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық
Пән / Предмет: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Сәлем –Алтын күз!»
Тақырыбы / Тема: «Табақтағы жемістер»
Мақсаттары / Цели
1.Тәрбиелік- воспитательная: : : балаларды әртүрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету; сенсорлық тәрбие беру
2.Дамытушылық – развивающая : пішінді мүсіндеудің басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалануды үйрету.
3. Оқыту – обучающая : табақтағы жемістерді мүсіндеуді үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: сұрақ-жауап, түсіндіру
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение алманың, алмұрттың суреттері,ермексаз,тақтайша, үлгі.
Көптілділік: жемістер-фрукты- fruit, алма-яблако- Apple, алмұрт-груша- pear, табақша-тарелка- plate
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
(Ғажайып сәт) Қонаққа кірпі келгенін хабарлайды.
Балабақшаға келе жатып ол бір
зат тауып алыпты, тістеп көрсе дәмді екен. Енді сендерден көмек сұрай келіпті. Бұл не нәрсе?
-Жеуге болама, болмай ма?
Балалар: әрине жеуге болады, бұл алма ғой.
2.Негізгі бөлім
Кірпіні жағалай жүріп балалар, кірпімен амандасады.
Оған көмектесуге дайын екендерін айтады.
Жұмбақ жасырады:
1. Көкпеңгек еді көктемде
Қызарды күзге жеткенде
Ол не?
(Алма)
2. Бақтарда балбырап,
Тұрады албырап.
Уылжыған уыздай,
Алма емес, ол бірақ
Ол не?
(Алмұрт)
Жарайсыңдар балала!
-Бұларды бір сөзбен қалай айтады?
Қазір күз кезі және барлығы қысқа арнап азық әзірлейді,
сондықтан жемістерді көп әзірлейік. Алма мен алмұртты табаққа салып столға жасаған бейнені
мүсіндеуді ұсынады.Мүсіндеуден бұрын оларды мұқият қарайық, пішінін, түсін салыстырайық.
Пішінін, түсін салыстырып болғасын ермек сазбен мүсіндеуге кіріседі.
Көптілділік: жемістер-фрукты- fruit, алма-яблако- Apple, алмұрт-груша- pear, табақша-тарелка- plate
Сергіту сәті:
Биік болып өсеміз,
Табиғатты сүйеміз.
Денемізді тік ұстап,
Шынықтырып аламыз
Қимыл- қозғалыстар көрсетіп, айтады.
Жеке жұмыс:
Арсен біз бүгің немен таныстық?
Жемістермен танысканын айтады.
Сейіткерей Сезім жемістерге қандай жемістерді жатқызамыз?
Сейіткерей Сезім жемістерді айтып береді
Жарайсыңдар балалар! Өте жақсы.
3.Қорытынды
Балалар біз бүгің не туралы айтық? Кімге көмектестік?(Балалар жауабы)
Дұрыс айтасыңдар балалар біз Кірпіге көмектестік. Жемістермен таныстық, оларды мүсінеуді үйрендік. Жарайсыңдар балалар!