СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мустафина Гульжанат Калкамановна учитель химии и биологии

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Периодтық кестенің құрылымы. Атом-молекулалық ілім

Просмотр содержимого документа
«Мустафина Гульжанат Калкамановна учитель химии и биологии»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі

(2 с.)

Мектеп: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №19 жалпы орта білім беретін мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мустафина Гульжанат Калкамановна

СЫНЫП: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Периодтық кестенің құрылымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.2 -периодтық кестенің құрылымын білу және сипаттау: топтар мен периодтар

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:


  • Периодтық кестенің құрылымын біледі және сипаттайды;

  • Периодтық кестеден топтар мен периодтарды ажыратады

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Периодтық кестенің құрылымын біледі және сипаттайды;

  • Периодтық кестеден топтар мен периодтарды ажыратады

  • Периодтық кестеден металдар мен бейметалдардың айырмашылығын айтып, химиялық элементтердің қасиеттеріне байланысты орналасу тәртібін түсіндіреді

Кейбір оқушылар:

  • Периодтық кестенің құрылымын біледі және сипаттайды;

  • Периодтық кестеден топтар мен периодтарды ажыратады

  • Периодтық кестеден металдар мен бейметалдардың айырмашылығын айтып, химиялық элементтердің қасиеттеріне байланысты орналасу тәртібін түсіндіреді

  • Периодтық кестеде орналасқан элементтердің адам өміріндегі маңыздылығы туралы тұжырым жасайды

Ойлау дағдысының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі

  1. Периодтық кестенің құрылымын біледі және сипаттайды;

  2. Қасиеттеріне байланысты элементтердің орналасу тәртібін анықтайды.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:


Период және топ туралы ұғымның мағынасын ашып айтады. Элементтердің периодтық кестеде қасиеттеріне байланысты орналасу тәртібін түсіндіреді.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Реттік нөмір, топ, топша, период, сілтілік металдар, галогендер, инертті газдар, ауыспалы металдар

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Периодтық жүйедегі барлық элементтер.....................

артуы бойынша орналасқан. Элементтердің горизонталь

қатарлары......... деп аталады. Тік қатарлар.......... деп аталады. Төменгі сол жағында................ орналасқан, ал жоғары оң жағында............... орналасқан. Элементтердің көпшілігі........

Құндылықтарға баулу

Сыни тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында сыйластық, ынтымақтастық, іздене отырып білім алу, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Физика, биология, жаратылыстану

Алдыңғы оқу

7.2А Атомдар. Молекулалар. Заттар

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5-7 мин

Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызып, «Лотерея билеті» әдісі арқылы топқа бөлінеді. Топтың атаулары жаңа сабақта кездесетін термин сөздермен жазылады.

1топ «Период»

2топ «Сілтілік металдар»

3топ «Галогендер»

4топ «Ауыспалы металдар»

Ширату мақсатында «Сұрақ менен, жауап сенен» «Доп лақтыру» әдісі арқылы допты жеке-жеке оқушыларға лақтыра отырып, «Мотивациялық сұрақтар» қою арқылы жаңа сабаққа көшемін.

-Металдар мен бейметалдардың қандай айырмашылығы бар?

-Периодтық заңды алғаш ұсынған ғалым?

-Қазіргі таңда неше химиялық элемент белгілі?

-Неліктен Ньюлендстің октавалар заңы периодтық жүйені құруда дәл болмады?

-Триада дегеніміз не? Оны қай ғалым ұсынды?

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстырамын.

ҚБ. Оқушыларды «қол шапалақтау » әдісі арқылы бағалаймын.

Үстелдерге топ аттары жазылған ақ қағаздар, доп, лоторея салынған табақша










Сабақтың ортасы

30-33 мин


5мин







15мин






2мин









2мин











3мин













5мин

Оқушыларға тақырыпқа қатысты оқулықтан тыс мәтін беріледі. Сол мәтінді пайдана отырып БББ кестесін толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Білдім




Кестені пайдаланып оқушыларға нені білемін? не білгім келеді? бөлімін талқылатып, топпен жұмыстануға тапсырма беріледі.

ТЖ :

Оқулықпен жұмыс «Джигсо» әдісі арқылы жұмыстанады. Топтың ішінде оқушылар А В С Д Е деп бөлісіп әрбір оқушы мұғалім рөліне еніп, басқа топ мүшелеріне берілген тапсырмаларын түсіндіреді. Барлығы түсіндіріп, орындарына қайтіп келіп, өзара талқылайды.

Кері байланыс орнату.

1) Топта жұмыс істеу ұнады ма?

2) Өзге топтың бақылау нәтижелерімен келісесіздер ме? Неліктен?

Б. Топтар бір-бірін «смайликтер» арқылы бағалайды. Әрбір оқушының қолында смайликтердің түрлері болады.

Бағалау критерийі:


-өте жақсы тапсырма нақты жүйелі түсіндірілсе;


-жақсы тапсырма жүйелі бірақ толықтыруды қажет етеді


-орташа әліде жұмыстануды қажет етеді



Барлық оқушыларға:

Тапсырма №1 С.

Сәйкестендір:

Элементтер

Қасиеттері

Натрий

Хлор

Бром

Гелий

Темір

Сутек

сынап

Металл

Инертті газ

Жеңіл газ

Сұйық металл

Сұйық бейметалл

Галоген

Сілтілік металл


Дескриптор

-Элементтердің қасиеттерін сипаттап ажыратады;

ҚБ «Бағдаршам» әдісі

Бағалау критерийі :Берілген суреттерді қасиеттеріне қарай жіктейді. Жауаптарын (іс-әрекеттерін) нақтылайды.








Орташа жақсы өте жақсы

Дайын үлгі жауап арқылы ұжымның өзара кретириалды бағалауы жүзеге асырылады.

Ж.

Тапсырма№2

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Элементтер қатарында Si →P → S → Cl

A) бейметалдық қасиет артады

B) атомдағы протон саны төмендейді

C) атомдарда электрон қабатының саны артады

D) атомдардың жоғары оксидтерінің тотығу дәрежелері төмендейді

2. Металдық қасиет мына қатарда өседі:

A) Ca – Mg – Be

B) Ca – Sr – Rb

C) Al – Mg – Be

D) Ba – Na – Li


Дескриптор Білім алушы

− кіші периодтарда ядро зарядының мәні артқан сайын қай белгінің

артатынын көрсетеді;

− металдық қасиет өскен элементтер қатарын анықтайды;


Тапсырма №3

Оқушылардың басым бөлігіне және кейбір оқушыларға:

Периодтық жүйенің берілген сұлбасына:


а) период және топ нөмірлерін;

ә) сутек, оттек, гелий, азот, фтор, хлор, аргон, неон, криптон, ксенон және радон газдарын түзетін элементтерді;

б) сынап және бром сұйықтықтарын түзетін эле мент-

терді;

в) темір, мыс, хром, вольфрам қатты заттарын түзетін

элементтерді көрсетіңдер.

г) элементтердің адам өміріндегі маңызын сипаттаңдар.


Дескриптор

-период және топ нөмірлерін анықтап орналастырады;

-қасиеттеріне байланысты газ, сұйық, қатты заттарды түзетін элементтерді ажыратады;

Элементтердің адам өміріндегі маңызын сипаттайды.

Сабақтың соңында оқушылардың дәптерлерін жинап алып кері байланыс жазылады.


БББ кестесі,

Үлестірме материалдар,











Флипчарт, периодтық кесте, смайликтер



































Үлестірме материалдар


























Периодтық кестенің сызба-нұсқасы

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс. БББ кестесіне оқушылар не білдім? бөлімін талқылап, топтар өзара пікірлерімен бөлісіп, кестені толтырады. Оқушылардың жеке пікірі тыңдалады. Кері байланыс барысында оқушылардан рефлексияда алынады.


БББ кестесі


Қосымша ақпараттар

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

Жеке жұмыстар жетелеу сұрақтары арқылы жүзеге асырылады. Топтың ішінде жұптық жұмыс және жалпы топта талқылаулар ұйымдастырылады.


Барлық оқушыларға Сәйкестендір және сұрақтар жауап тапсырмалары орындатылады.


Оқушылардың басым бөлігіне және кейбір оқушыларға периодтық кестенің сұлбасына тапсырмада берілген элементтерді орналастырып, олардың маңызыны сипаттау тапсырмалары беріледі.


Алдыңғы оқу бойынша ауызша сұрақтар беріледі. Оқушылардың дұрыс жауабы ауызша мадақтау арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардың топтық жұмыс жасауын бақылаймын. Сабақтың әр кезеңінде берілген критерийлерге сәйкес формативті бағалауды жүзеге асырамын, соның ішінде топтық бағалау.

Топтық жұмыстан соң топтар өзара бірін бірі «Смайликтер» арқылы бағалайды.


Жеке және жұптық жұмыстарда оқушылардың нені үйренгендігін және әліде не нәрселерді қарау керектігін әр тапсырмаға берілген арнайы дескриптор арқылы тексеріледі. Және оқушылардың жұмыс дәптеріне мұғалім кері байланыс жазып отырады.


Сабақ басында БББ кестесі арқылы бүгінгі сабақта Нені білетінін? Нені білгісі келетінін? Нені білгенін анықтау мақсатында рефлексия жасатылады. Осы жерде бір мезгілде кері байланыс алынады.

Интерактивті тақтаны 20мин асырмай өшіріп отыру.