Үшағаш негізгі орта мектебі
Музыка сабағының
басқа пәндермен байланысы
Шебер сынып
Музыка пәні мұғалімі: Назипа Нуртаевна Губайдуллина
Мақсаты:
Оқушыларды өнер-білімге баулу. Музыка пәнін басқа да пәндермен байланысын анықтау.
Оқушылардың музыкалық сауатын дамыту.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Өту барысы:
І - кезең: Топтастыру.
ІІ – кезең: «Музыка және география»
ІІІ – кезең: «Музыка және бейнелеу»
ІҮ – кезең: «Музыка және қазақ тілі»
Ү – кезең: «Музыка және әдебиет»
ҮІ – кезең: «Музыка және тарих»
ҮІІ – кезең: «Музыка және математика»
І - кезең:
Топтастыру
Қатысушылар ортаға шығып дөңгеленіп тұрады.
Өнер адамы болу үшін адамда қандай қасиеттері болу керек?
дарынды
талантты
өнерлі
білімді
Еңбекқор
ІІ - кезең:
«Музыка және география»
Табиғатқа арналған әндер? Әр топ табиғат тақырыбындағы әндер туралы бар білгендерін айтады. Әр бір жауап яғни әр табылған ән 1 ұпай болып саналады. Орындаушыларын немесе авторларын қоса айтса тағы бір ұпай қосылады.
ІІ - кезең:
Жауаптары:
Табиғатым махаббатым – Ұлықпан Жолдасов.
Желсіз түнде жарық ай – Абай Құнанбаев.
Қараңғы түнде тау қалғып – Абай Құнанбаев.
Көктем вальсі – Нұрғиса Тілендеев.
Шақырады көктем – Роза Рымбаева.
Наурыз – Роза Рымбаева.
Жаңа жыл – Тамара Асар.
Қош келдің жаңа жылым – Бақыт Шадаева.
Ауылым әнім – Ескендір Хасанғалиев.
Алматының түндері-ай – Қарагөз Тілеубекова
Алматы түні – «ДосМұқасан»
ІІІ - кезең:
«Музыка және бейнелеу»
Яғни үнтаспадан қосылған әуенге Әр топтағы басқа оқушылар барлығы бірігіп сол әннің мағынасы мен мазмұнын сурет қылып салып береді. Салған суреттері ұпай сандарымен бағаланады.
ІҮ - кезең:
«Музыка және қазақ тілі»
Зат есім, сын есім не сан есімдерден бір сөз айтылады. Сол сөз қолданылған әнді табу не шумағын табу керек.
мысалы: көз...-көзіңнің мөлдірінай... , қара көздерің... н/е құман... – сар жез құман ай...
Жауаптары:
ІҮ - кезең:
Аяқ... – Аяғыма кигенім былғары етік сәулем ай....
Құлақ... – Құлағыңа таққаның күміс сырға...
Шаш.. – толқындай бұйра-бұйра шаштарың...
қызыл... – қызыл гүлім-ай...
сары... – ай сары қыз, сары қыз..
қара.... – қара көздерің...
ақ... – гүл көңілді ақ арманым... , ақ шағала...
жасыл... – жасыл жайлау...
көк.. – түкті кілем көк кілем...
алтын... – алтын-ай, арман-ай...
бір... – бір бала. Талдан таяқ жас бала....,угай-ай, ән салшы-ай, бір бала-ай
екі... – екі жұлдыз...
үш... – үш қоңыр алатаудың байрайында
жапырақ... – жылайды жапырақ... , жапырақ жүрек жас қайың...
қайшы... – қолыма ұстағаным өткір қайшы... (дудар-ай)
сырға.. – құда түсу,сырға салу, бет ашарым-ай
самаурын... - сар самаурын ақ құманай....
сандық... – жақсы адамның мінезі алтын сандық
Ү - кезең:
«Музыка және әдебиет»
Музыка ғылымына Үлесін қосқан ақын –жазушыларды ата н/е әрі ақын, әрі жазушы, әрі композитор болатын ұлы тұлғаларды ата.
Жауаптары:
Бәкір Тәжібаев. Мұхит Мералұлы, Ақан сері, Біржан сал, Ыбырай Алтынсарин, Ыбырай Сандыбайұлы, Абай Құнанбаев. Қазтуған жырау. Нұрпейіс Байғанин. Шәкәрім Құдайбердіұлы. т.б.
ҮІ - кезең:
«Музыка және тарих» бөлімі
Тарихта аты қалған жыраулар мен жыршылардың музыка зерттеуші ғалымдардың атын ата.
Ақтабан шұбырынды - Алқакөл сұлама уақытында қазақтан шыққан тұңғыш ән.
(Елім-ай)
жауаптары:
Асанқайғы. Жамбыл, Кетбұға, Қорқыт, Кенен Әзірбаев. Әбу Насыр – Әл Фараби. Сүгір. Затаевич, Амадей Моцарт.Латив Хамиди. Базар жырау, Ақтамберді жырау, Исатай. Махамбет.
.
ҮІІ - кезең:
«Музыка және математика » бөлімі
Айгөлектің тапсырмалары.
Нотамен жұмыс.
.
ҮІІ - кезең:
Қортынды:
Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» атты вокалды әнін алып,
Біз өтіп кеткен 6 пәнмен байланысын табу
.
жауабы:
- Ән табиғат туралы - География
- Осы әнді тыңдай отырып түнгі табиғаттың сылулығын бейнелеп беру-бейнелеу өнері
- Бұл ән «Табиғат қандай?» еген сұраққа толықтай жауап береу арқылы қазақ тілімен байланысады.
- Бұл керемет әннің сөзін жазған Ұлы ақын Абай атамыз – әдебиет.
- Бұл ән ұрпақтан ұрпаққа еш өзгеріссіз тарап келе жатқан тарихи ән .
- 9-11 буынды қазақтың қара өлеңіне жатады
.
ҮІІ - кезең:
Назарларыңызға
көп – көп рахмет