Тәрбие сағатының тақырыбы: «Музыка-жүрек тілі» (1 - қазан халықаралық музыка күні) | Тәрбие сағатының бағыты: - Эстетикалық тәрбие және кәсіби-шығармашылық тәрбие |
Формасы: Музыка сағаты | Күні: 30.09. 2019 ж | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Тәрбие сағатының мақсаты: | 1. Білім алушылардың мамандықтарына сәйкес музыкалық мәдениетін көтеруге ықпал жасай отырып, музыка арқылы рухани бай, адамгершілігі мол шығармашыл тұлға болып қалыптастыруға үлес қосу. |
Тәрбие сағаттының міндеттері: | - Білім алушыларға ата-бабамыздан бері келе жатқан ғажайып әуен сарынын құрметтеуді, ақпараттық – технология арқылы музыкалық қабілеттерін, дәріптеу және дамыту.. - Білім алушыларды ұлттық музыка өнеріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. - Білім алушылардың музыкалық әсерін кеңейту, білімдерін, шығармашылық белсенділіктерін педагогикалық-психологиялық кеңес беру арқылы кеңейту. |
Тәрбие сағатының құрылымы: | 1. «Жақсылық тамшысы» жаттығуы 5 минут 2. Топ жетекшінің кіріспе сөзі 3 минут 3. «Музыка» бейнематериал 5 минут 4.«Сен білесің бе?» 5 минут 5. «Мені түсін» ойыны 7 минут 6. «Мюзикбукс» әдісі 5 минут 7. «Жүректен жүрекке» жаттығуы 5 минут 8. Рефлексия 3 минут 9. Топпен ән айту 4 минут 10. Қорытынды 3 минут |
Тәрбие әдістері: | Адамгерішілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері: түсіндіру, этикалық әңгіме, өнеге. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: ойын, тапсырма. Ынталандыру әдістері: жарыс. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері: өзіне-өзі баға беру, өзін-өзі байқау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, өз-өзіне есеп беру. |
БАРЫСЫ |
Кезеңдер | Стратегия лар | Топ жетекшісінің іс-әрекеті | Топ студенттерінің іс-әрекеттері |
Мтивациялық-қызығушылықты ояту | «Жақсылық тамшысы» жаттығуы | Топқа психологиялық жағымды көңіл-күйді орнату. Тәрбие сағаты басталар уақытта тақтаға әр түрлі суреттер жабыстырылады. Әр білім алушы топ жетекшімен таңдаған суреттері бойынша амандасып, бір-біріне жақсы көіл-күй сыйлайды. Осындай көңілді нотада бүгінгі тәрбие сағатымызды бастайық. | Әр бала жапсырылған суреттердің ішінен біреуін таңдайды. Музыканың суретін таңдаса, аудиторияға кірер кезде музыка қосылады да, соған сәйкес билеп кіруі тиіс. Жүректің суретін таңдаса, бір-бірімен құшақтасып амандасуы керек. Смайликтің суретін таңдаса, бет-әлпетімен сол смайликті көрсетуі керек. |
Топ жетекшінің кіріспе сөзі | | 1-қазан халықаралық муызка күні. Бұл мерекенің мақсаты – қоғамда музыкалық өнердің насихатталуы және ең бастысы – адамдар, халықтар арасындағы мәдени эстетикалық құндылықтарды түзу. Өнер атаулының ішіндегі қалың көпшілікке ең жақыны музыка болса керек. Себебі, ол ана әлдиінен бастап, адамнын бүкіл өмірімен жалғасып жатады. Адамның музыкасыз бірде – бір сәті жоқ. Дүние есігін ашқан сәби тіршілікке деген құлшынысын өзінің іңгәлаумен білдіруге, о дүниелік болған жермен қоштасқан кейінгілер жоқтау арқылы зарын сыртқа шығарады. Ән – күйсіз той – думанның өтпейтіні белгілі музыка еріккенің ермегі немесе жай дыбыстардың тізбегі емес, ол қоғамдық құбылыс. | Зейін қойып тыңдау, ұғыну |
Ізденушілік-зерттеушілік | Бейне материал | «Музыка» туралы бейнематериал көрсетіледі. | Зейін қойып көру, тыңдау, ұғыну, ой түю |
«Сен білесің бе?» | Интерактивті тақтаға ұяшықтар шығады. Тақтадағы шыққан ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру | Білім алушылар тақтадағы ұяшықтардың біреуін таңдап, жауап беруі тиіс. |
«Мені түсін» ойыны | Ортаға топтан бір білім алушы шығады. Ортаға шыққан балаға наушник кигізіп, қалған балалар оған сөздерді жасыруы керек. | Наушник киіп алып, достарының жасырған сұрақтарын табу. |
«Мюзикбукс»әдісі | Білім алушыларға ішіне тапсырмалар салынған қобдиша беріледі. Қобдишаны бір-бірлеріне берген кезде музыка ойнап тұрады. | Өздеріне берілген қобдишаны музыка тоқтағанша алмастырып отырады. Музыка тоқтағанда кімнің қолында қобдиша қалса, сол бала тапсырмаларды ашып, ортаға шығып орындап көрсетеді. |
Қорытынды-рефлекциялық | Топ жетекшісінің рефлексиясы: | Ән – қанатыңды қатайтып, көңіліңді көтереді. Жүректен шығып, жүрекке жетеді. Музыканы ұнатпайтын адам өмірде жоқ шығар. Музыка адамның денсаулығына әсер етеді. Оның бірнеше түрі болады. Жақсы музыка көңіл-күйді көтереді және адамды рахаттандырады. |
Кері байланыс | |
Топпен ән айту: | «Проблема жоқ» Қуандық Рахым |
Қорытынды бағамдау:. Музыка – сурет, театр, поэзия сияқты өмір мен адам жанының құбылыстарын бейнелейтін көркем өнердің бір түрі. Музыка адамның ішкі жан дүниесін жадыратуға, нәзік сезімдерін оятып, қоғамдық мақсаттарды дәріптеуге, жалпы өмірдің мән-мағынасын түсініп-білуге көмектеседі. Музыка - әсем дыбыстар тілімен сөйлейтін, сезімге құрылған күрделі өнер. Ол түрлі жанрларға, ұлттық, тарихи, жекеше стильдерге, түрлі музыкалық тілдерге бөлінеді.музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыкада адамның асқақ, асыл ойлары, арман-мақсаты, ізгі тілектері, қуанышы, қайғы – қасіреті мен түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. |