СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ң дыбысы мен әрпі

Категория: Логопедия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ң ң дыбысы  мен  әрпін  таныту. Ң ң  дыбысына  байланысты  сөздер  айтып,  буынға  бөлу  арқылы  білімдерін  жетілдіру.

Ң ң  дыбысы  мен  әрпі  арқылы  берілген  сөздерді  оқу  мен  жазуға үйрету. Ң ң  дыбысына  қатысты  жаңа  сөздерді  оқыту,  қайталау  арқылы  оқушылардың  тілін дамыту.

Просмотр содержимого документа
«Ң дыбысы мен әрпі»

Пән: Тіл кемшіліктерін түзеу

Дефектолог-логопед: Мухаметова А.М.

Сабық тақырыбы: ң дыбысы-әрпі

Сабақтың мақсаты :

Ң ң дыбысы мен әрпін таныту. Ң ң дыбысына байланысты сөздер айтып, буынға бөлу арқылы білімдерін жетілдіру.

Ң ң дыбысы мен әрпі арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Ң ң дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту, қайталау арқылы оқушылардың тілін дамыту.

Мәтінді дұрыс оқып айтуға, сауаттылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: үлестермелі қағаздар, ң әріпі кездесетін сөздерге суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Артикуляциялық жаттығулар. 
- Қазір айнаға қарап, артикуляциялық жаттығулар орындаймыз: 
А) «Сағаттар»; 
Ә) «Кеме»; 
Б) «Жоғарғы тістерді сана» 
В) «Төменгі тістерді сана» 
ІІІ. Тыныс алуға арналған жаттығулар. 
* Мұрын арқылы дем алу, ауыз арқылы дем шығару. 
* Ауыз арқылы дем алу, мұрын арқылы дем шығару. 

ІV. Негізгі кезең

Ң ң әрпінің баспа, жазба түрін көрсету.

Жұмбақ шешу:

Адасып сенен қалмайды,

Қараңғы жерге бармайды.

(көлеңке)

-Буынға бөлеміз, неше буын.

-Екініші буын соңында қандай дыбыс естіледі?


Ң дыбысына сипаттама: дауыссыз, үнді.

Қазақ тілінде ң дыбысынан сөз басталмайды.

КЕҢ ҚАҢЫЛТЫР ЖОҢЫШҚА ЖАҢҒАҚ ҚАҢБАҚ ЖЕҢІС ЖАҢА ҚАЙЫҢ ШАҢ

Сергіту сәті

Оң қолымда көтерем, Оң қолымды түсірем,

Сол қолымды көтерем. Сол қолымды түсірем.

Оңға қараймын, Аяқты топ-топ басамын,

Солға қараймын. Біраз сергіп аламын.


Үлестермелі қағазда берілген сөздегі Ң ң дыбысын тауып, дұрыс айтқызу.

Үлестермелі қағаз.

Таң, Іңкәр

Еңлік, шаңғы

Тең, кеңес


Сөздікке ң әрпі бар сөздерді жазғызу.

Дәптермен жұмыс


Жеңіс, жаңа, қоңыр сөздеріне сөйлем құрастыру.


V. Сабақты қорыту:

Ң дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру:

ТЫҢ КЕҢ ШЫҢ Қай дыбыспен аяқталды?

ШАҢҒЫ -Сөз ортасында қандай дыбыс?

ҚОҢЫР -Сөз ортасында қандай дыбыс?

VІ. Үйге: Артикуляциялық жаттығуларды қайталау.









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!