Психологиялық ахуал. Біз бақытты баламыз, Оқып білім аламыз. Әріптерді үйреніп, Білімді бала боламыз. Оқушылар ортадағы себеттен өздеріне ұнаған гүлдердің түстерімен үш топқа топтасады. МТ-тыңдалым Балалар біздің бүгінгі сабақ күнделікті сабақтан өзгеше. Себебі бізге ғаламшардан Негеш келді. Негеш өздерің сияқты 1-сынып оқушысы. Ол бәрін сендерден білгісі келеді. Неге? Неліктен? Не үшін? деген сұрақтарды көп қояды, сондықтан ол Негеш аталып кеткен. Негеш сендерден мына сұрақтардың жауабын табу үшін көмек сұрайды. «Дүниеде ең жақын адам кім?», «Ең қажетті ас қалай аталады?» Ана, нан Осы сөздердің ішінен қай дыбысты өттік. (А дыбысын) Енді бүгінгі өтетін тақырыбымыз Н дыбысы мен әрпі. Күтілетін нәтиже: Н дыбысын таниды, жазады, оқиды. Енді Н дыбысын айтып көрейік н-н-н қалай айтылады екен. Созылып айтылуға келмиді, қысқа айтылады. Ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырайды. Демек бұл қандай дыбыс. Дауыссыз дыбыс. Оны көк текшемен белгілейміз. Н дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі. Нар,ана,нан Балалар Негеш сендерді бақылап отыр. Алдымен Н әрпін ауада жазайық. Жұмыс дәптеріне н әрпін үзік элементтер арқылы жазады. Болған топ қаламсаптарын көтеру арқылы белгі береді. Қ.Б. Топтар бір-бірін бармақ арқылы бағалау. Кері байланыс: Мадақтау Белсенді оқу. «Ана» сөзіне дыбыстық талдау жаса. Нан сөзіне сөйлем құра, дыбыстың орнын анықта. «Нан» сөзіне дыбыстық талдау жаса. Қ.Б. Шапалақ арқылы. Кері байланыс: Мадақтау Сергіту сәті. Ж.ж. «Кім зерек» дидактикалық ойын. Суреттер атауларын ата. Буынға бөл, буын санын анықта. Мыс: Найзағай, нар, нота, банан. Қ.Б. басбармақ арқылы. Кері байланыс: Мадақтау |