СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ән-күй жетекшісінің мектепке дейінгі мекемелер жұмысындағы инновациялық денсаулық сақтау технологиялары

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың денсаулығын сақтау және оны нығайту  әр мектепке дейінгі мекеменің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Кинезиология, ритмопластика әдістер арқылы балалардың денсаулығын сақтау инновациялық тиімді құралдарын іздеу, олардың қозғалыс қажеттілігін қалыптастыру мектеп жасына дейінгі балалардың моторикасын дамытуды жетілдіру - негізгі мақсаттар болып табылады.

Просмотр содержимого документа
«Ән-күй жетекшісінің мектепке дейінгі мекемелер жұмысындағы инновациялық денсаулық сақтау технологиялары»

ӘН-КҮЙ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕР

ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ

САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ


Тлеулина Галия Жамалетдиновна

ән-күй жетекші, жоғары санаты, жоғары білімі,

Ақмола облысы Ақкөл ауданының білім

бөлімі жанындағы МКҚК «Ақбота» балабақшасы»

[email protected]




Аннотация

Балалардың денсаулығын сақтау және оны нығайту әр мектепке дейінгі мекеменің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, тек физикалық ғана емес, сонымен бірге балалардың психикалық және әлеуметтік әл-ауқатына да қамқорлық жасау, сонымен бірге олардың денсаулығына құндылық пен саналы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған психологиялық және педагогикалық шаралар кешені. Барлық технологиялардың тиімділігі мектепке дейінгі білім беру мекемесінде оқу процесінің қалай ұйымдастырылғанына, балаларға зиян тигізбейтініне байланысты. Кинезиология, ритмопластика әдістер арқылы балалардың денсаулығын сақтау инновациялық тиімді құралдарын іздеу, олардың қозғалыс қажеттілігін қалыптастыру мектеп жасына дейінгі балалардың моторикасын дамытуды жетілдіру – негізгі мақсаттар болып табылады.


«Мен білетін жалғыз әдемілік - ол денсаулық»

Гейне Генрих.

Қолбағыс етіп ұлтжанды, білімді жас ұрпақ тәрбиелеу баршамызға – ортақ міндет. Осы міндетті асыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарда оқутышылар инновациялық технологияларды интенсівті енгізуде.Музыкалық-эстетикалық тәрбие беру жүйесінің ұйымдастыру жаңашыл тәсілдерін, жаңа түрлерін таңдау және енгізу – негізгі мақсаттар болып табылады. Қазіргі технологиялар мемлекеттік білім беру стандарттарын іске асыруға бағытталады. Музыкалық жетекшінің жұмысының негізгі түрі – ән-күй сабақтары. Денсаулықсақтау, музыкатерапия, ритмопластика, ертегітерапия, өнер синтезі, ақпаратты коммуникавтік, сыни ойлау, киезиология, ойын технологияларын сабақ барысында қолдануға мүмкіндік жеткілікті.

Соңғы уақытта мектепке дейінгі мекемелерде балалардың дене тәрбиесінің дәстүрлі емес жұмыс түрлерін: ырғақтық гимнастика, ритмопластика, би және т.б. жаттығулар жиі қолдана бастады.

Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгіұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсалық сақтау технологияларын енгізу қажеті заман талабынан туындайды.

Денсаулық сақтау технологиясын оқу-тәрбие жұйесіне «Кинезиология» әдісі арқылы енгізілген. «Кинезиология» сөзі латын тіліннен шыққан: «Kinesis» - қозғалыс дегенді білдіреді. Кинезиология-бұл дене бұлшық етіне әсер ету арқылы, яғни дене белсенділігі арқылы денсаулықты сақтау әдістемесі, қозғалыс арқылы мидың дамуы туралы ғылым.Нейропсихология, психология сияқты бағыттарымен қозғалыс туралы ғылым тығыз байланыста. Кинезиологиялық жаттығулар мектеп жасына дейінгі балалар үшін ықпал болып, ақыл-ой, дарындылық қабілеттерін дамытады.Үштілдік - замманның талабы. Үш тілдікті оқу-тәрбие жүйесіне кинезиологиялық жаттығулар арқылы да енгізу мүмкін.

Мысалы:

Алқа

(Қолдардың саусақтары кезекпен және мүмкiндiгiнше тез,сынақ дәйектi түрде басбармаққа, сұқ саусаққа және әрі қарай жалғаса береді. Тура және керi ретте орындалады)

Түрлі-түсті тастардан

Алқа жасап істейік.

Шашақтарды қосайық,

Анамызға сыйлайық.

( Орыс топтарда тапсырманы билингвальдік компонент ретінде қолдануға болады)

Ожерелье

Ожерелье мы составим,

Маме мы его подарим.

(Қазақ топтарда билингвальдік компонент ретінде)

One,two,three.

One,two,three,        

Let me see —
Who likes coffee
And who likes tea?

Жаттығуларды қазақ тілде оқытатын және орыс тілде оқытатын топтарда билингвальдік компонент ретінде сабаққа енгізуге болады.

«Құлақ-мұрын», «Көлдене сегiздiк», «Саяхатшы –көз», «Дирижер»,

«Айқас қадамдар», «Шексіздік белгі», «Сақина», «Алақандар», «Тазару», «Саты», «Сырнай», «Алақан ойындары», «Алқа», т.б. жаттығулар арқасында жаңа нейронды желілер жасауға мүмкіндік бар, ми шарты шарлары арасындағы қатынасты жақсартуға болады. Кинезиология - әдіс ретінде баланың интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық, физикалық дамуына, мектепке дайындауға арналады.

Музыкалық кинезиологиялық гимнастика - бұл музыканың, қозғалыстың, сөздің өзара байланысына негізделген кинезиологиялық практиканың арнайы ұйымдастырылған түрі. Кинезиологиялық кешен қуықаралық өзара әрекеттесуді жандандыруға бағытталған және мидың мүмкіндігін арттырады. Кинезиологиялық гимнастиканың практикалық маңыздылығы музыка негізінде бірегей ырғақты жаттығулар мен ойындарды қолданудан тұрады. Кинезиологиялық жаттығулардың әсерінен ағзада оң құрылымдық өзгерістер болады. Жүйке процестерінің күші, тепе-теңдігі, қозғалысы, икемділігі жоғары деңгейде жүзеге асырылады. Жүйке жүйесінің реттеуші және үйлестіруші рөлі жетілдіріледі. Кинезиологиялық гимнастика жаттығулары күнделікті желіде жұмыс бағдарламасына енгізілуі, дидактикалық бөлігі немесе музыкалық сабақтың бөлімі болуы мүмкін. Кинезиологиялық гимнастика блоктарға

бөлінеді, оларды кешендерге бөлуге болады, оларды әрбір 6-7 апта бойы қолданып, оқу жылы ағымында кезектестіреді.

Терең тыныс демалу тыныштандыруға, стрессті жоюға, ағзаны сауықтыруға, иммунитетті нығайтуға, ойлау қабілетін жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар, ол жүрек-қантамыр, ас қорыту, қан, лимфа жүйесіне жағымды әсер етеді. Қазіргі уақытта тыныс алу жаттығулары ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде кеңінен қолданылады:"Қайық", "Стакандағы дауыл", "Ақ мамық", "Сорғыш", "Тез - баяу", "Көбелек".

Ритмопластика, билер балаларға физикалық керектік болып табылады. Ритмопластикалық және би қимылдары балалардың грацияға, координацияға,

дем алуға, қанайналуына, жүректің соғуына әсер етеді, сонымен бірге ақыл-ойды дамытады, бұлшық еттерін нығайтады. Музыка қимылдарын реттейді,

эмоцияға және көңіл-күйге, мәнерлік орындауына әсер етеді. Сол себептен музыкалық сүйемелдеу баланың талғамын тәрбиелейді, би қимылдарын орындау үлгіріміне, мазмұнына сәйкестіріп таңдауын талап етеді. Классикалық, халық, ұлттық музыкасымен қатар қазіргі заманның композицияларын қолдалған жөн. Билер музыка қимылдарын реттейді, эмоцияға және көңіл-күйге, мәнерлік орындауына әсер етеді. Сол себептен музыкалық сүйемелдеу баланың талғамын тәрбиелейді, би қимылдарын орындау үлгіріміне, мазмұнына сәйкестіріп таңдауын талап етеді. Классикалық, халық, ұлттық музыкасымен қатар қазіргі заманның композицияларын қолдалған жөн. Әрине, арнайы тігілген киімдері балаларға би мазмұнын жеткізуге көмектеседі. Балалардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында түрлі заттарды (қоңыраулар, мишура, қалпақтар, қол шатыр, қуыршақ бесігі, құрсаулар, ағаш қасықтар, түрлі-түсті лента, гүлдер, қолдан жасалған ағаш жапырақтар, бұтақтар, самақтар, қолға тағып билейтін үкілер т.б.) қолданамыз. Балалардың сабақтағы белсілдіғін арттыру мақсатында «Би сызбалар» және «Алтын дән» атты би жинақтар құрастырылды және «Ән - күй» сабақтарға енгізілген.

Библиографиялық тізім:

1. А.В.Бояринцева, Т.В.Ермолина. Хрестоматия по кинезиологии на основе ритма и музыки. Москва, 2015 г.

2. Михеева Е. В. Здоровьесберегающие технологии в ДОУ. Методические рекомендации. Москва, 2009 г.