| Сабақ тақырыбы: | Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну. |
| 2.2.1.1 сөйлеу барысында алған ақпарат бойынша сұраулы сөйлем құрастыру үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану. |
| 2.2.2.1 сюжетті сурет негізінде өз ойын айту. |
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы:қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді. |
| Көбі: сұраулы сөйлем құрастыру үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолданады. |
| Кейбірі: сюжетті сурет негізінде өз ойын айтады. |
| Күтілетін нәтиже | Тақырыпқа қатысты өзі туралы мәтін құрайды. |
| Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта, слайдтар, бейнебаян, түрлі түсті суреттер, кестелер, желімқағаздар (стикерлер). |
| Оқыту әдістері: | Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен жүрекке» тренингі, «Тірек сөздер» стратегиясы, топтың жұмыс, сергіту жаттығуы. |
| Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
| Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді.оқушыларға А 4 парағын таратып береді. | Жақсы сөз - жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талданады. |
| Өткен сабақты тексеру | Үй тапсырмасын тексеру. Кемшіліктерді анықтау, түзету, бағалау. | Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
| I. Қызығушылықты ояту | Мұғалім: - Балалар, бүгін біз сендермен тұтас бір тақырыпты аяқтадық. Осы тақырыптан біз не алдық? Өзіміз туралы қалай қызықты етіп айтуға болады? Айтып беру. | Мұғалімнің сұрағына жауап береді. |
| | 1. оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Жазылым. оқулықтағы 1-тапсырманы орындату. | Жазылым. Өзі туралы мәтін құрап жазады, оған тақырып қояды. |
| | Ә) Айтылым. оқулықтағы 2-тапсырманы орындату. | Айтылым. Сурет пен сөзді сәйкестендіріп айтады. |
| | 2.Білгенге маржан. Аталған айдармен берілген жұмбақты оқытып, шешімін тапқызу. | Оқылым.Айтылым.Жұм бақты оқиды, шешуін табады. |
| | 3. Сергіту сәті. | Сергіту жаттығуын жасайды. |
| III. Ойтолғаныс | «Тірек сөздер» стратегиясы бойынша оқушы ларға бірнеше сөз беру, ауызша сөйлем құрату. | Сөйлем құрайды. |
| IV. Бекіту | Жаңа тақырыпты бекіту үшін 4-тапсырманы орындату. «Ой моншақ» үлгісін пайдалану. | Айтылым. Тапсырманың шартын орындайды. |
| V. Бағалау | Жиынтық бағалау. Оқушыларға модуль бойынша тапсырмалар беру. | Жиынтық бағалаудың тапсырмаларын орындайды. |
| VI. Үйге тапсырма | Оқулықтағы 3-тапсырманы орындау. | |
| VII. Рефлексия | Мұғалім түрлі желімқағаздар (стикерлер)таратып береді. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздар (стикерлер)ға жазып, тақтаға іледі. |