СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

На тему "Механикалық жұмыс. Қуат" Егемберді Алдияр Абдықалыұлы учитель по физике СШ № 20 город Тараз, Жамбылская область, Казахстан

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Стоп кадр»

      ХVІІ ғасырда итальяндық ғалым Э.Торричелли алғаш атмосфералық қысымды өлшеген.  Торричелли  жасаған тәжірибені қарастырайық. 

Ұзындығы 1 м, бір жағы бітеу шыны түтік сынаппен толтырылады. Содан кейін түтіктің аузын жауып, оны төңкереді де, сынап құйылған ыдысқа батырады. Сынаптың ішінде түтіктің аузын ашады. Сонда сынаптың кішкене бөлігі ғана ыдысқа төгіледі. Ал түтіктің ішінде биіктігі 76 см сынап бағаны қалады. Тәжірибені Торричелли былай түсіндіреді: ыдыстағы сынапқа атмосфера  қысым түсіреді. Сынап тепе-теңдік жағдайында тұр. Олай болса, түтік бойындағы сынаптың аа деңгейіне түсіретін қысымы атмосфералық қысымға тең. Егер одан артық болса, онда түтіктегі сынап ыдысқа құйылар еді, ал кем болса, сынап түтік бойымен жоғары көтерілер еді. Торричелли қондырғысы кейін атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдаланыла бастады. Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін де алғаш байқаған Торричелли болды.

   Атмосфералық қысымды сынап бағанының биіктігі бойынша өлшейді.           

    Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1мм сын бағаны алынады.                                        

1 мм сын бағ  мен 1 Па арасындағы байланысты тағайындайық

h=1мм=0,001м  

   ρ=13600кг/м3          p=ρ·g·h        p=13600*10*0,001=133,3 Па

              1 мм сын. бағ. =133,3 Па =1,33гПа      

Қалыпты жағдайда атмосфералық қысым 760 мм сын. бағ. немесе 105 Па –ға тең.

 

 Атмосфералық қысымды өлшеу үшін барометр-анероид кеңінен қолданылады. (анероид-сұйықсыз).

Просмотр содержимого документа
«На тему "Механикалық жұмыс. Қуат" Егемберді Алдияр Абдықалыұлы учитель по физике СШ № 20 город Тараз, Жамбылская область, Казахстан»

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ №

Мектеп:№20

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Егемберді А.А.

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Механикалық жұмыс. Қуат.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы на сілтеме)

7.2.3.1 - механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру

7.2.3.7 - қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;

Қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;


Бағалау критерийі

Механикалық жұмыс және қуат дегеніміздің не екенін біледі



Жұмыс пен қуаттың анықтамасын, күнделікті өмірде қолданылып жатканын және де оның физикалық тұрғыдан белгіленуін, өлшем бірлігін біледі.



Алған білімдерін өмірмен байланыстыра алады.

Тілді мақсат:

Негізгі сөздер мен сөз тіркестері: джоуль, ватт



Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: жұмыс пен қуаттың өлшем бірліктері мен табиғатын физикалық тілде дұрыс тұжырымдай алады

Құндылықтарға баулу

«мәңгілік ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктері

Пәнаралық байланыс

Математика

Ресурстар

7 – сынып оқулығы, А.П.Рымкевич есептер жинағы, стикер, видеоролик, қима қағаздар және т.б.



ЖОСПАР

Жоспарланған

уақыт есебі

Жоспарланған жаттығулар түрлері.

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2- мин

-оқушыларды топқа бөлу;

-оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;

- оқушыларды тексеру;

Оқушылармен амандасып, "Шаттық шеңберін" құрады.



Оқушылар түрлі-түсті "Бейджиктерді таңдау" арқылы топқа бөлінеді.

Алдыңғы оқу:

5- мин

«Сұрақты тосып ал!» 



Мұғалім сұрақ қойған кезде бір оқушыға бағыттап, қағып алатындай кішкене допты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинетикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге болады. Мұғалім кезек-кезекпен "сұрақты" әр командаға лақтырады. Егер де қағып алған оқушы сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады.

Оқушылар допты өз кезегінде алып келесі оқушыға сұрақ қойып лақтырады. Осылайша топтан-топқа лақтырып сұрақ жауап алынады. Топ басшылары өз тобының мүшелерін белгілеп, жауап берген оқушыны бағалап отырады.

Қызығушылығын ояту

3-мин



«Идеялы ойлар» әдісі;


Мұғалім берген сұрағына жауап алған соң, логикалық ойлауды ашу үшін, басқа оқушылардан айтылған идея туралы ойларын сұрайды

Логикалық ойларды ашады. Басқа оқушылардан айтылған идея туралы ойларын сұрайды

Ой қозғау

5-мин

«Қазына іздеу жолында» әдісін пайдалану;



Сабақ тақырыбына қатысты ақпарат жасырылады. Оқушылар жасырылған ақпаратты табуы керек.Күрделілік деңгейін арттыру үшін, тақырыпқа қатысы жоқ ақпарат қосып, оқушылардан оларға қажет емес ақпаратты ажыратады.

Жасырылған ақпаратты табады. Жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

Жаңа сабақты түсіндіру

Көрсетілім көрсету

10-мин













































«Ойлан-жұптас-бөліс»

Механикалық жұмыс. Адам өзінің өмірінде үнемі әртүрлі іс-әре- кет жасайды: ойланады, қозғалады, әртүрлі нәрселерді көтереді, жылжытады және т.б. Мұндай іс-әрекеттердің барлығында ол жұмыс жасайды деп түсініледі.

Физикада жұмыс ұғымын дене қандай да бір оған түсірілген күштің (ауырлық күші, серпімділік күші, үйкеліс күші және т.б.) әрекетінен қозғалуы кезінде қолданады. Мысалы, автомобиль тарту күшінің әрекетінен қозғалады, бұл кезде жұмыс атқарылады. Адам жүкті қандай да бір биіктікке көтергенде, доп қайсыбір биіктіктен жерге құлап түскенде жұмыс жасалады.













Қуат. Белгілі бір жұмысты әртүрлі механизмдер әртүрлі уақытта орындауы мүмкін. Мысалы, соғылып жатқан ғимараттың үшінші қабатына 100 кірпішті көтеру үшін адамға 10 сағ-тан артық уақыт қажет бола- ды. Ал көтергіш кранға 10 мин жеткілікті (5.4-сурет).

Әртүрлі механизмдердің жұмыстың орын- далу шапшаңдығын сипаттау үшін ерекше физикалық шама — қуат енгізілген.

Қуат деп уақыт бірлігі ішінде атқарылатын жұмыспен анықталатын физикалық шама түсініледі. Қуатты N әрпімен белгілей- ді және мына формула бойынша есептейді:


мұндағы А — жұмыс, t — жұмыстың орын далу уақыты.





Видеоролик көрсетіледі.







Адамның тасты итергенде атқаратын жұмысын көрсетіледі





Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 джоуль (1 Дж) қабылданған. Дене 1 Н күштің әре- кетінен 1 м қашықтыққа жылжыса, атқа- рылған жұмыстың шамасы 1 Дж болады: 1 Дж = 1 Н · 1 м.

Жұмыстың өлшем бірлігі ағылшын ғалымы Джеймс Джоульдің құрметіне аталған.















Видеоны көре отырып оқушылар өз ойларын айтады, мұғалімге сауал қою арқылы сыныпта зерттеушілік әңгіме жүргізіліп, жаңа тақырып меңгертіледі





Жұмыс пен қуаттың формулаларын жазып, өлшем бірліктерін қорытып шығарады.

Ой-толғаныс

Топтық жұмыс

Есептер шығару

10-мин

«Тұжырымда, сосын жауап бер»



  1. Егер басқан әрбір қадамдарың орташа есеппен алғанда 20 Дж жұмысқа атқарса, онда үйден мектепке жаяу барып қайтатын жолдарыңдағы атқаратын жұмыстарыңды есептеңдер.

  2. Баспалдақпен үйдің көршілес қабатына көтерілгендеріңде атқарылатын жұмысты анықтаңдар.

  3. Сырықпен немесе арқан бойымен тік жоғары қарай көтерілгендеріңде жасайтын жұмыстарыңды және өндіретін қуаттарыңды анықтаңдар.

  4. Трактордың тарту күші 25 кН. Ол платформаны 7,2 км/сағ жылдамдықпен сүйреп келеді. Трактор 10 мин­та қандай жұмыс атқарады (5.5­сурет)?

  5. Тереңдігі 4 м өзен түбінен көлемі 0,6 м3 тасты су бетіне көтергендегі жұ­ мысты табыңдар. Тастың тығыздығы 2500 кг/м3, судың тығыздығы 1000 кг/м3.

  6. Қозғалтқыш поршені 800 кПа қысым­ ның әрекетінен 20 см­ге ығысады. Пор­ шеньнің бір жүрісінде қозғалтқыш атқа­ ратын жұмысты анықтаңдар. Поршень ауданы 150 см2.

Әр топқа қима қағаз бойынша есептер таратылады

Әр топ мүшелері есептерді тақтада орындайды

Топтағы 6 оқушы 6 есепті алады

Әр топ өздері шығарған есептерді басқа топ мүшелерімен алмастырып өзара тексереді, талқылайды, талдайды

Даулы сұрақ

  1. мин

«Даулы сұрақ»:

1. Жұмыстың физикалық мағынасы қандай?

2. Жұмыстың өлшем бірлігін атаңдар.

3. Жұмысты қандай формула бойынша есептеуге болады?

4. Қай жағдайда жұмыс оң, ал қай жағдайда теріс деп есептеледі?

5. Қуат дегеніміз не?

6. Қуатты қандай формула бойынша есептеуге болады?

7. Қуаттың өлшем бірлігін атаңдар.

8. Қозғалтқыштың қуатын және жұмыс істеу уақыты бойынша атқарған жұмысты қалай есептеуге болады?

Мұғалім интербелсенді тақтадан сұрақтарды шығара отырып сұрайды

Оқушылар жалпылай жұмыс дәптеріне орындайды, дұрыс жауабын сынып талқылап, сабақ қорытындыланады

Үйге тапсырма



Түрлі эксперименттік тапсырмалар дайындау





Бағалау

5-мин

Оқушы аты

Критерийлер

(0,5-1 балл)



Сауалдарға жауап бердім



Жаңа тақырып меңгердім



Есептер шығардым



Графикалық диктант



Жалпы ұпай



Қорытынды бағасы



Бағалау шкаласы:

4 балл – «5»,

3 балл «4»,

2 балл «3»

Әр оқушы жеке жеке өзін өзі бағалайды

Кері байланыс

«Тілек ағашы»

«Бүгін не үйрендіңіз?», «Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?», «Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді?», «Сабақтың өту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз/ұсыныстарыңыз бар?» толтырады Бүгінгі сабақ туралы пікірлерін стикерге жазып іледі.

Тілек ағашына оқушылар стикерге пікірлерін жазып, іледі


Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

1

Білу

Қуат дегеніміз не?




2

Түсіну

Жұмыс пен қуаттың формулаларын және өлшемдерін жаз?




3

Қолдану

Жұмыстың шапшаң жасалуына мысал келтір?




4

Талдау

Адам қолымен және трактормен жер аударуды салыстыр?


5

Жинақтау

Жұмыс жасалу барысын түсіндір?


6

Бағалау

Жұмыс пен қуатты білудің біздің күнделікті тұрмыста маңызы қандай?








Скачать

© 2017, 2040 12

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!