Жүргіуші:
Ұлы Дала киелі жерлерге толы. Ол жерлерді қадірлеп-қастерлеу — ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Қасиетті атаулының тамырына балта шабуға барын салған кеңес өкіметі кезінде де қазақтың ақыны:
«Ал менің әлі сапарым қанша алдымда,
Күш құяр жанға жолымда сәуле — бар ма, шам?
Әлі де біраз жолым болмайтын секілді-ау,
Оғыланды тауда бір түнеп қуат алмасам»,
— деп жырлады (Ф. Оңғарсынова, «Оғыланды».)
Ал Тәуелсіздік жылдарында бұл бағыттағы жұмыстар күрт жанданды. Соның ішінде, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында сандаған тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар жаңғыртылғанын көпшілік біледі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымының ерекше маңыздылығын атап өтті. «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі — неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол — ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі» — деді Елбасы.
-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын әзірлеуді тапсыра отырып, өз мақаласында идеяның түпкі мақсатын: «Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ. Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді. Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды», — деп атап көрсетті. Бұл аталған жобаның ауқымы өте кең және маңызы өте зор екендігін айғақтайды.
- Әрбір елде халықтың өзіне тән киелі орындары бар. Ағылшындар басты храмы – Кентерберий ғибадатханасын мақтан тұтса, немістер Кельндегі рим-католик готикалық соборын, француздар Нотр-Дам-де Париді ұлық етеді. Қазақ елінде де мақтаныш ететін қасиетті орындар жеткілікті. Атап айтсақ, ежелгі Тараз, Ұлытау, Түркістан, Сайрам, Алтай, Жетісу өңірлері және Бекет-Ата кешені. Осындай қасиетті орындарымызды әлем халқына танытумен қатар еліміздің болашағы жас ұрпаққа тереңірек таныстыру маңызды.
- Оңтүстік Қазақстан облысындағы ежелгі, тарихи, киелі орындарымен танысу елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихы арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді шетелдік туристерге, студенттерге дәріптеудің де берері мол. Бұл орайда арнайы саяхат ұйымдастырудың ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеуде алар орны ерекше. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстанда тарихи-мәдени маңызы бар 1281 ескерткіш есепке алынған. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне 2003 жылы Түркістан қаласындағы «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» сәулеттік ескерткіші енгізілген. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы тарапынан аталған тізімге енгізуге ұсынылған 23 ескерткіштің ішінен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 8 ескерткіш бар. Олар: Жуантөбе, Қараспантөбе, Күлтөбе, Сидақ, Сауран ежелгі елді мекендері, Бөріжар қорымы, Отырар оазисінің ескерткіштері, Түркістан қалашығы.
- XI ғасырда Сайрам ислам дінін тарату ошағы болды. Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Ал Түркістан қаласындағы 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі XIX ғасырдың соңына қарай тарихи-мәдени мұра ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеле бастағаны мәлім. 1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Ясауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы тамыздың 28-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы» ұйымдастырылды. Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 жылы аяқталды.
- Арыстан баб кесенесі
Бұл кесене XXI ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: « Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған» Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: « Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін» Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда («Рисолаи Сарем-Исфижоб» және Куприлозада кітабы) Арыстан баб Ахмет Яссауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде 30*13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды. Қожа Ахмет Яссауи ұлы әулие мен діни көріпкел 1103 жылы туылып 1166 жылы қайтыс болған. Мұсылмандар ішінде Қожа Ахмет Яссауи Мұхаммед пайғамбардан соң екінші болып саналады. (Түркістан) Арыстан баб кесенесі – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы жерленген орны болып келеді. Аңыз бойынша, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстан бабқа аманат тасбиғын берді, ал ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет Яссауиге ұсынды. Арыстан баб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. (Сайрам ауылы) - Ибрагим-ата мазары - Қожа Ахмет Яссауидің әкесі (Сайрам) - Қарашаш-ана мазары - Қожа Ахмет Яссауидің анасы (Сайрам) - Гаухар-ана мазары - Қожа Ахмет Яссауидің қызы ( Түркістан) - Али Қажы мазары - Қожа Ахмет Яссауидің күйеу баласы (Түркістан) - Баб-Араб мешіті – мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке деп, ал сол қасетті жерлерге бару Кіші қажылық деп санайды. - Домалақ-ана – Анар-ана – бұл қасиетті екі тас арасынан тек сенімі бар адам ғана өте алады. - Ғайып берген құдығы – тереңдігі 40 метр. Бұл суды тек жаны таза адам ғана толтырып ала алады. Көбіне бұл қолдан келмейтін іс, өйткені шелек не сынады, не су жан-жаққа шашырайды. Бұл екі сынақты жолаушылар Түркістанның киелі жерлерін аралап шыққан соң барады. Бұл сынақ адам қаншалықты жанын тазартқанын және Алла қаншалықты оның сыйынуын естігенін тексеріледі. - Айша-бибі кесенесі – бұл жер бала көтере алмайтын және мықты жанұя сұрайтын әйел адамдар аса киелі тұтатын жер болып саналады. - Райымбек атаның жерленген орны – бұл жерге барып келген адамның жолы болып, жұмыстарында сәттілік болады. - Скит және 1921 жылы атлыған Серафим мен Феогнаст әулие монахтардың жерленген жерлері бар. Бұл жерде еркектер монастырі орналасқан. Оларға сыйыну денсаулық, сәттілік әкеледі, бәле-жаладан сақтайды. - Монахово ойпатында үңгір ішінде монахтар әдейі қамалып, қызыл әскерлермен қуылған кезде өздерін жарып жібереді. - Ребе Леви Ицхок Шнеерсон мазары, яғни қазақ жеріне жер аударылып, иудаизм дінін таратып, Тораны жақсы білетін Любавичский ребе Менахем Мендл Шнеерсон әкесі болып келеді. Мазарға әр жерден еврей ұлтынан адамдар келіп, сыйынады. - Қозы –Көрпеш және Баян – Сұлу кесенесінде ғашықтар бақыт тілеп, жалғыз адамдар - өмір серігін сұрайды. - Иса пайғамбардың суреті жақында христиан ұлтын таң қалдырған еді.(Қаратау) - Қоманқожа-баба және оның екі шәкірттері жерленген жер – « Кімде ұлы жоқ болса ұл беріп, кімде қыз болмаса қыз береді» Күзететін сақтаушы адам арнайы жерлерге кітаптар салып, ашық түсті матадан тұмар жасайды. (Қарағандының шығысында Айдарлы ауылы) - Құлболды –баба әулиенің мазары қабырғасының шаңы ем болады деп есептеледі.Топырағын суға араластырып ішсе ем болады, әсіресе бала ауруларына көмек болады. ( Шіркейлі ауылы) - Жар ішіндегі Бекет –ата мазары. Бұл жерге баратын адамдар сол үңгірдің манында қонса, түстерінде қиын мәселелеріне жауап таба алады. (Бейнеу, Маңғыстау облысы) - Астанадағы әйелдер монастырінде атаусыз жоғалып кеткен адамдарға іздеу салатын жер
- Оптина шөлінің әулиесі Севатиан әкейдің мазары орналасқан. Ол Карлагқа жер аударылып, Қарағандыда алғаш рет Рождество Богородицаға арнап шіркеу салады. - Белуха тауы – Рерих артынан еретіндер жиналатын жер. - Аркаим – көне зороастра қала мешіті, ол жерде 12 Аспан жұлдыздары салынған.Жазда бұл жерде зороастраға сенушілер жиналып сыйынады. Арыстан Баб кесенесі Арыстан баб ерекше адам болған. Оны аңыздар бойынша Қ.А Яссаудің ұстазы мен жол бастаушысы болып саналады. Арыстан баб XII ғасырда жерленген. Жуықтап сол кезде кесене де салынған. Бұл сақталған кесене XX ғасырдың басында салынған. Бірінші бөлмеде Арыстан баб орналасқан, екіншісінде – шәкірттері Хермет-баба, Қарға баба, Лашын баба жерленген.
Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қаланың көне атауы –Яссы. Яссы Ұлы Жібек Жолының сауда орталығы және округі болған. XII ғасырда әсіресе Қ.А Яссауи көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған. Оның өлімінен кейін сол жерде кейін киелі жерге айналған үлкен кесене салынды. Алтын Орданы жеңіп алған соң Әмір Темір ақынға арнап үлкен мазар орнатты. Бірінші салған күйінде ол әлі сол қалпында 6 ғасыр сақталған. Кесене айналасында көптеген басқа да құрылыстар бар: Рабиға Сұлтан-Бегім кесенесі (XV ғасыр, XIXғасырдың 2-ші жартысында қиратылып, 1980 жылы қайта салынды), Есім хан (XVIIғасыр), Белгісіздер жерленген жерлері және т.б. бар. Діни дәстүрлерге байланысты басқа да салулар бар: Чилляхана(XV), жерасты хильветі (XII-XIX ғғ.), шығыс моншасы (XVI-XIX ғғ.)
Бұл кесене Сайрамның солтүстік-шығысында орналасқан шейх Ибрагим- Ахмет Яссауидің әкесі мазарының үстіне салынған. Басындағы құрылысы (XII- XIVғғ.) көп уақыт шыдамай, құлап қалды. Кесене XIX ғасырда қайта салынды. Бұл кісі көріпкел, әулие кісі болған. Сайрам мұражайында жазбалар сақталған.
Сайрам орталығында орналасқан бұл табиғи ескерткіш XIX ғасырға жатады. Алғашқы кезде кесене XIII ғасырда салынған болатын. Қарашаш-ананың шын аты- Айша-бибі, ол шейх Мұсаның қызы болған. Ол өзінің қарапайымдылығымен, сыпайылығымен ерекше адам болған. Қарашаш-ананы әлемнің барлық түріктері аса құрметтейді. Оны аналық қасиеті белгісімен құрмет тұтады.
Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш – Айша-бибі мазары орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша –бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана суреттер қалған. Мазардың бұрыштарының бірінде көне жазба тақпағы сақталып қалған: «Күз...Қара бұлт.Әлем керемет...» Біздің күнге кесененің тек батыс бөлшегі сақталған. Қазір кесене толығымен жаңартылған. Аумақ жақсы орналастырылған. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен бұл ескерткіш кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған. Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған.
Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғғ сәулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде жерленген әйел адамның атын оқып білген. Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрды. Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі.
Адай ата – қазақ халқының қалыптасуында көрнекті рөл атқарған тарихи тұлға. Шежіре бойынша сегіз арыс адай елі осы Адай атадан тарайды.Адай бабаның тарих аясына шығуы 15 ғасырдың орта тұсы. Ол кенже немересі Мұңалдың қолында бақилық болған. Адайлардың Мұңалды қарашаңырақ иесі, киелі босаға, құт-береке дарыған «мұңал ошақ» деп ерекше атайтыны да осыдан. «Мұңал ошағы» Қазығұрт тауының оңтүстігінде, білетіндер оны қасиетті қараорын деп кие тұтады. Адайлардың ең көп тараған іргелі аталарының бірі – Қосай. Қосай ата Қарақалпақстанда, Нүкістің шығысы Назархан-Бестөбе қауымына жерленген. Жазушы Ә.Кекілбайұлы Аайдың 1435 – 1449 жылдары он төрт жыл хандық құрғанын жазады. Бұл тарихи деректі И.Трофимов пен Әнес Сарай нақтылай түседі. Адай бабаның жұбайы Жанар – Қарақалпақ Жантаза байдың қызы деп айтылады. Құдайке мен Келімберді осы Жанардан туады. Адай тегі туралы деректемелерде шежірешілердің қай-қайсысы да Адайдың әкесі Елтай, шешесі Қанбибі екенін мойындайды. 2007 жылы тарихи тұлға, рулы елдің атасы саналатын Адай атаға үлкен ас беріліп, ескерткіш орнатылды.
Манғыстау жеріндегі тарихи орындар зияратшылардың ынтық нысаны болып табылады. Ислам дiнi мен пұтқа табынушылық кезеңдегі дәстүрлер тоғысуы да, бағзы заманнан сақталған Жерасты мешiттеріде – азиялық суфизм тарихында өте сирек кездесетiн құбылыс. Бұл өңірде Шопан-ата, Масат-ата, Шақпақ-ата, Бекет-ата, т.б. киелі орындар жалғасын тауып кете береді. Сондай орынның бірі Қараман ата жер асты мешіті. Көп естігенше бір рет көзбен көргенге не жетсін деген ниетпен қорық директоры Құлбаев Нұрлан бауырымыз ат көлігін сайлап, бізді сол киелі мекенге жеткізді. Жолбойы қаншама рухани дүниелер жайлы әңгіме-дүкен құрылды. Елім деп еміренген аптал азамат Құлбаев Нұрлан бауырымыздың туған жеріне деген сүйспеншілігі молынан байқалды, әр тақырыпты байыбыныа жеткізіп әңгімелеген барысында. Кең даланың шаңын бұрқыратып, көзді ашып-жұмғанша діттеген жерімізге де келіп жеттік. Нағыз жер асты мешіті деп осыны айтарға. Бір кездері елі үшін жан қиған бабаларымыз бастарына әділетсіздік күні туғанда ант беріп анттасатын киелі мекен екен бұл Қараман ата жер асты мешіті. Мұнда берілген ант елеусіз қалмайды екен. Егер кімде-кім антын бұзып, келеке етіп жатса онда қандайда бір келеңсіз жағдайға душар болады екен. Аңызы мен деректері өз алдына бір тақырып. Қараман-Ата ескерткiшi Маңғыстаудың орталық бөлiгiнде, ол үш бөлмеден тұрады. Кiре берiс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал. Онда төбенi тiреп тұрған ұстындар бар. Төбе сол жердiң бетiн алып жатқан ұлутастан тұрады. Аңыз бойынша Қараман-Ата Шопан-Ата әулиенiң iнiсi екен делiнедi. Екi мешiттi жалғастыратын жер асты жолы болған, бiрақ ол уақыт өте құлап қалған. Қараман-Ата мешiтiнiң салыну кезеңi 13 ғ-ға тән дүние екен.
Келесі күні Оғыланды тауын бетке алып, жолға шықтық. Ақтау қаласымен Жаңаөзен қаласының аралығындағы күре жолға жаңадан асфальт төсеп жатқандықтан шаңына аспанға шығарып топырақты жолмен зытқып келеміз. Оғыланды тауына жеткенше жолай Шопан атаның жер асты мешіті мен күйеу баласының зиратына соғып құран бағыштадық. Айналамыз көздің жауын алады. Бір кездегі Жібек жолындағы керуендер салған сүрлеу бойында түйелер жайылып жүр. Жайылған түйелер, қоршаған орта сол кездегі кезеңдерді елестететін секілді. Шопан-Ата – Маңғыстау мен Хорезм арасындағы керуен жолының бойына (түбектiң оңт.-шығ. жағында) орналасқан ескiлiктi сәулет өнерiнiң ескерткiшi. Оның доғадай иiлiп келген тау жынысының солт.-батыс жағынан тұрғызылған жер асты мешiттерi бар. Бұл 10-13 ғ-дағы озық үлгiдегi ғимараттар тобына жатады. Солт. шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағында тағы бiр шағын бөлме, оның еденi биiк. Сол жақ қабырға астынан қабiрхана үңгiлген. Төрден сай үстiне шығып кететiн есiк бар. Есiктiң сыртқа шығар аузы алдында бетi шымылдықпен перделенген қабiрхана. Аңыз бойынша оған Шопан-Атаның қызы жерленген. Кiре берiстiң сол жақ қапталында жар бетiнен төрт шаршы етiп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егiлген. Мешiт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешiттiң салыну кезеңiн Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған мерзiмiне меңзейдi. Жер асты мешіттерінен жоғары көтерілсеңіз Шопан атаның қайын атасы жерленген орын бар. Шопан-Ата – әйгiлi Қожа Ахмет Яссауидiң шәкiртi.Ол 12 ғ-дың 2-жартысында өмiр сүрiп, ел iшiнде мұсылман дiнiн уағыздаған әулие адам. Шопан-Ата тұрғызған жер асты мешiт пен қорым ел ұғымында киелi, қасиеттi орын саналады. Сондықтанда болар мұнда келіп-кетіп жатқан зияратшы туристер санында шек жоқ.
Бекет-атаның өмірінің соңғы кезінде тұрғызған мешіті Маңғыстау облысының Қарақия ауданы, Жаңаөзен қаласынан оңтүстік-шығыс бағытта 180 км, Сенек ауылынан солтүстік-шығыс бағытта 95 км қашықтықта орналасқан. Мешіт табиғаты көркем Оғыланды жеріндегі ақ-бор тасты тау шатқалының терең орта қабатынан ойып жасалған. Маңғыстау, Үстірт, Атырау мекендеген Адай тегінен шыққан қазақ халқының данасы. Келіп-кетіп жатқан зияратшыларда қисап жоқ. Еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейінгі зияратшылардың таңдай қақпағаны кем де кем. Мешітке жеткенше ирелендеген тасты тепшектермен төмен қарай ылдилай бересіз. Әсем табиғат, жел мен жауынға мүжілген тау тастары, қыр етегіне тырбия өскен жыңғылдар өзге бір әлемге жетелеп бара жатқандай күй кештіреді. Осы бұрыштан шыға келеді-ау десеңіз жоқ әліде жетпегеніңізді сезесіз. Бір мезетте сол қастерлі мекенге жеткеніңізді де білмей қаласыз. Бұл күндерi ол елдiң көп баратын, зиярат етiп, түнейтiн бiрден-бiр киелi орны. Киелі мекеннің қасиетті жануарлары арқарларда да бейқам келе жатқан зияратшы алдынан шыға келуі де ғажап емес. Бұл кез зияратшы үшін бақытты сәт деп саналады. Бір емес бірнешеуі алдымыздан шыға келгенде, бақытқа бізде кенелдік. Ия тылсым дүниеге толы құтты мекен. Мәдинада Мұхамед Түркістанда Қожа Ахмет Маңғыстауда Пір Бекет деп айтылуы әсте тегін емес. Маңғыстау өңірі тек мұнайымен ғана емес қаймағы бұзылмаған тарихи-мәдени- рухани мұраларға барынша бай өлке.
Осы өлкеде тағы бір еліміздің киелі 100 нысанының қатарынан табылып отырған жeр aсты мешіті бар. Ол – Мaсaт ата мешіті. Киелі орын Маңғыстау ауданында орналасқан Үштаған атты ауылдың оңтүстік-шығысынан әрірек 15 шақырымдай жерде. Мұндағы қорымда бес жүзден аса ескерткіштер бар. Олар орта ғасырдағы түрікмендердің қойтастары, тастан жасалған қоршаулары және тастан қашалған белгілері, олар шамамен XIV- XVIII ғасырларға жатқызылады. Ал қорымның солтүстік күншығысынан сәл берірек XVIII-XIX ғасырларға жататын қазақ руларының ескерткіштері қойылған. Бұл қорымдағы ерекше орын оңтүстік-батыс бағытындағы жартастан ойылып салынған жер астындағы мешіт. Киелі орынның іші қазақтың киіз үйі тәріздес, төбесі шаңырақ секілді ойылған. Кіреберістің оң жағында михраб, сөрелер жасалынған, ал осындағы дәліздің бағыты қасиетті Меккеге қаратылып тұр. Мешіттің батысында үш метрдей қазылған орын жатыр, ғалымдар мұны мешіттің екінші бөлігі ретінде қазылған болуы мүмкін дейді. Масат ата жер асты мешіті 1982 жылы мемлекет қорғауына алынған. Кей деректерге сүйенсек, Масат ата Маңғыстау өлкесіне сонау Хорасандағы Мешхед атты қаладан келген екен. Бұрынырақ елін жаудан қорғаған, батырлығы рудан-руға таралған, өте білімді, діндар Масат атты адам ғұмыр кешіпті. Оның ерекше қасиеті – атқан оқ денесіне өтпейтіндігі, шапса қылыш кеспейтіндігі. Басын алмаққа келген барлық дұшпандарының сағы сынып, діттегендері болмай, тістерін қайрап кері қайтады екен. Әбден әбігер болған жаудың бір жансызы Масат батырдың осал тұсын табу үшін жас әйелін алдап, қолға түсіреді. Онымен жақындасып, барлық сырын сұрап алады.
Еске сала кетсек, бүгін «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның киелі жерлерін анықтау жұмысы жүргізіліп жатқанын мәлімдеген болатын. Бүгінгі күнге дейін елімізде жалпыұлттық деңгейдегі 100 және жергілікті маңызы бар 500 киелі орын таңдалып алынып, олар арнайы тізім жобасына енгізілген.
Міне, өркениетті елдер шоғырында еңсесін биіктетіп, Көк байрағын асқақ желбіреткен Қазақстан Республикасы- біздің қасиетті мекеніміз. Еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірге үлес қосуда. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт. Біз көппіз және бәріміз- бір елміз, бір халықпыз.
Жүргізуші:
Тәуелсіз Қазақстанның өсуі мен көркеюіне, бүкіл әлемге танылуына бар күш жігерін аямай, ел тыныштығын сақтай отырып, дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп келе жатқан Елбасымыз: «Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның алтын ғасыры боларына сенемін» деген болатын. Өзім де осындай ұлттың ұланы ретінде мақтана отырып:
«Расыменен осындай ел екенбіз,
Тәуелсіз боп мәңгіге біз өтерміз.
Жаратушы жарылқап бәрімізді,
Тойлансыншы мәңгілік мерекеміз»- дегім келеді. Ендеше, тәуелсіздігіміз баянды, еліміз еңселі, халқымыз аманшылықта болып, осындай «ұлтты ұлықтаған» мерекелеріміз жалғасын таба бергей. Қазақ елі мәңгілік болғай!
Соңғы жағына
(Патриоттық ән!)
Арасына тағы өлең қосуға болады