Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні / Дата проведения:
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық
Пән / Предмет: Сурет салу
Өтпелі тақырып /Сквозная тема:"Нан қайдан пайда болады?"
Тақырыбы / Тема: «Наубайханадағы нандар»
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік – воспитательная: Нанды қастерлей білуге үйрету.
2.Дамытушылық – развивающая : Нан дастарханымызға оңай жолмен келмейтінін айтып,ойлау қаблеттерін дамыту.
3. Оқыту – обучающая :Түрлі пішіндегі нандардың суретін салуды үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, видео ролик,
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, ақ қағаз, жай қарындаш, гуашь бояу, қылқалам.
Көп тілділік полиязычие: нан-хлеб-
Жеке жұмыс:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Нан қиқымын шашпаңдар
жерде жатса баспаңдар
теріп алып,қастерлеп
торғайларға тастаңдар.
балаларға осы өлең жолын оқып, не түсінгендерін сұрау.
Ғажайып сәт:
қонаққа Айгерім келеді,балалармен амандасады,(балаларда Айгеріммен амандасады)
Айгерім: балалар маған сендердің көмектерің керек. Сендер білесіңдерме нан неден жасалатынын?Бізге қайдан келетінін?
Тәрбиеші:уайымдама сен Айгерім мен сендерге кәзір нан бізге қалай келетіні туралы айтып берем.
2.Негізгі бөлім
Суретпен жұмыс:
Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар,ия бұл бидай,көктем кезінде комбайындар жер жыртып ,егін егіледі.Егін жаз бойы өсіп күзде піседі.Оны комбайындармен жинап алады да, егінді диірменге жібереді.Диірменде бидайды ұсатып,ұн жасайды,ұн наубайханаларға түсіп, түрлі нандар мен тәтті тоқаштар пісіріледі де ол дүкендерге әкелінеді. Дүкендерден адамдар сатып алады.
Сергіту сәті
Иіліп оңға бір, иіліп солға бір,
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ. Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
Д/о: "Нан пісіреміз"(саусақ жаттығуы)
Балалар нанның бізге алай келетінін білдіңдер ия,Айгерім сен де енді білетін боласың.Нан өте қасиетті ас.Ешқашан жерге тастамаңдар.
Балалар Айгерімге нанның суретін салып берейікші.
Алдарыңда тұрған ақ параққа сопақша,дөңгелек пішінде нандардың суретін гуашпен бояймыз.
Балалар суретті бояйды.
3.Қортынды
Балалар сендер өте ақылды екенсіңдер,көп нәрсе үйреттіңдер,маған суреттерің ұнады,енді мен өз балабақшама қайтайын.Сау болыңдар.
Балаларды өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап арқылы қортындылау.
Балаларды мақтап-мадақтау.