СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Нарманбет Орманбетұлы

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Нарманбет Орманбетұлының шығармаларының көркемдік ерекшелігі туралы баяндалады.

Просмотр содержимого документа
«Нарманбет Орманбетұлы»

10-сынып,қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:Саяси-әлеуметтік тақырыптағы шығармалары
1) Білімділік: Оқушыларға Нарманбет шығармашылығының табиғатын таныту, Ақын тұлғасын толыққанды қарастыруға күш салу.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылық рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу.
3) Дамытушылық: Оқушылар дүниетанымын кеңейту, ой ұшқырлығына баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың типі: Аралас
САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: әңгіме сұхбат, түсіндірмелі, өзіндік жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайдтар.
Жабдықталуы:
1. Нарманбеттану мәселелері. 2 том. Алматы. 2007 жыл.
2. «Н.Орманбетұлы» (методикалық нұсқау). Алматы. 1989 жыл.
3. Ж. Ахметова. « Нарманбет және фольклор»
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. № 8. 2009жыл. 87 – 93 бет.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, танысу.
Үй тапсырмасын тексеру.
  • Нарманбет өмірі бойынша өткен материалдарға пысықтау жүргізу.
    - Балалар, қазақ халқының рухани, мәдени, әдеби өмірінде өзіндік із қалдырған асыл тұлға, сөз өнерінің өрен жүйрігі, даналық ойдың дара зергері, әмбебап талант иесі Нарманбет өмірі, шығармашылығы туралы қандай мағлұматтар білесіңдер?( оқушылардың жауабын тыңдау).

    2. Жаңа сабақты түсіндіру. Нарманбет – сөзсіз ірі талантты ақын, ол өз дәуірінің зор реалист сыншысы. Мұның творчествосында XIX ғасырдың ақыры мен XX ғасырдың басындағы қазақ даласының саяси – экономикалық және әлеуметтік шындығы, бейнесі айқын көрінеді.
  • Е.Ысмайылов

1. Компьютерден Нарманбет өміріне байланысты гипермәтінді тыңдау.
2. Шығармашылығына байланысты слайд Шығармаларының негізгі тақырыптары:

1. Оқу-білім

  • 2. Жер қайғысы

  • 3. Ел мүддесі

  • 4. Отаршылдыққа қарсылық

  • 5. Махаббат- достық

Кітаппен жұмыс : 1. Ақын өлеңдерінің идеясы мен тақырыбын анықта.

2. Ақын шығармаларындағы Сарыарқа көріністеріне мысалдар жаз.

Жұптық жұмыс.

1. Көпті көрген көнемін,
Көргеніме сенемін.
Тәжірибе шыңдаған.
Жақсылық істе адамға,
Жақсы жол көрсет наданға,
Тағаттан артық бұл маған.
Жәбір қылма нақаққа,
Барша мақұлық, хайуанға.
Көркемдегіш тәсілді тап.

2. Қой торы қойға жетпес алды жүлде

Ақшаменен жетіліп пұлды болды.

Ақырған арыстандай азулылар,

Айтқанменен келмейді өткен күнді.

Өлеңдегі көркемдегіш тәсілдерді анықта3. Патшаның салған бұл ісі-

Тағдырдың салған жұмысы.

Мал мен жаннан түңілдік,

Қара жерге үңілдік.

Жыламасқа не қалды?

Мойында, жұртым, мойында!

Өлеңде айтылған негізгі ойды анықта

4. Оқыса бала деген сұңқар болар,

Жүзден жүйрік, мыңнан да тұлпар болар.

Қиыр ұшып, қияннан тоят тілеп,

Көрінген жан құрметтер, іңкәр болар.

Өлең Абайдың қай өлеңімен үндес, көркемдегіш тәсілді тап.

Сабақты бекіту: Проблемелық сұрақ.

ҚОРЫТУ: Нарманбет кім? Топтастыру

Нарманбет

Ақын Ойшыл Абайдың шәкірті Қоғам қайраткері Тілші

Үйге тапсырма. Өлеңдерін жаттау

Шығармаға дайындық


Оқушыларды бағалау.